Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39

Әдебиеттер тізімі: 
1. Статистика Агенттігінің мәліметтері. 2005 ж.  
2. Балғабаев С. Атажұрт деп соққан жүрегі. // Жас алаш. 2002 - №17 
3.  Назарбаев  Н.Ә.  Құшағымыз  бауырларға  айқара  ашық.  //  Дүниежүзі  қазақтарының  құрылтайы.  А, 
1993. 
 
 

34 
 
ӘОЖ. 371.596 
 
РЕСЕЙДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ АШЫЛУ ТАРИХЫНАН 
 
Сармурзина Н. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
             Кеңес  үкіметі  орнағаннан  кейінгі  мұрағат  деректеріне  сүйенетін  болсақ,  Ресейдегі  ұлттық 
мектептерді  ашу  туралы  мәселе  1918  жылы  қыркүйекте  талқыланған.  Сол  жылы  қазанда  РКФСР 
халыққа  білім  беру  комиссариатының  аз  ұлттарға  арналған  мектептер  ашу  туралы  қаулысы 
қабылданды. Аймақта жаңа ұлттық мектептер ашу қиыншылықтар туғызды, әсіресе оқулықтар мен оқу 
әдістемелі  құралдар  жетіспеді.1917  жылы  Қазан  революциясынан  кейін  қазақтар  Ресей  халқының 
белгілі  бір  бөлігін  қамтығандығы  белгілі,  бірақ  қазақтар  арасында  сауатсыздық  етек  алды.  Кеңес 
үкіметі  орнағаннан  кейін  1918  жылдан  бастап  Бөкей  даласындағы  әрбір  болыста  мектеп 
жатаханасымен ашылғандығы белгілі. Ордада қазақ мектептері үшін оқулықтар ана тіліне аударылды. 
Оқулықтар  басып  шығаруға  қағаз  басқада  қажеттерді  сатып  алу  үшін  Бөкей  даласына  орталықтан 
бірнеше  миллиондаған  сом  ақша  бөлінді.  Қазақтарды  қысқа  мерзімді  курстардан  өткізіп  жаңа 
бағдарлама бойынша жұмыс жасауға дайындады. «Мұғалім» атты педагогикалық журнал, 1919 жылы 
Наурыздан  бастап  қазақ  тілінде  шығарылды.  Ол  ағарту  саласындағы  алғашқы  журнал  болды.  Онда 
жалпы  сауатсыздықты  жою,  кеңес  мектептеріндегі  әр  түрлі  пәндерді  оқытудың  жаңа  әдіс-  тәсілдері 
жарияланды.  Журналдың  саяси-  тәрбиелік  маңызы  жоғары  болды.  1919  жылы  Қыркүйектің  басында 
Ордада Мұғалімдердің 1-съезі болды, оның жұмысы туралы съез делегаты Ғабит Сарбаев былай дейді: 
Съезде  білім  беру  комиссары  С.Меңдешовтың  жаңа  қазақ  мектептерін  үйымдастыру  туралы 
баяндамасы тындалды, оқу-тәрбие жұмысын жандандыру мәселесі, мұғалімдерді дайындау курстарын 
ашу  туралы,  басқада  кезен  күттірмейтін  мәселелер  талқыланды.  Ауылдарда  90  жаңа  мектеп  салу 
туралы қаулы қабылданды. Мектептерде молдалардың сабақ жүргізуіне тиым салып – діни мектептер 
орнына жаңа заман талабына сай мектеп ұйымдастыру қолға алынды.   
        1920  жылдан  бастап  қазақ  мектептаріне  арнап  маман  кадрлар  даярлау  қолға  алынып,  Омбы 
уездік жергілікті басқармасы 1919 жылғы жергілікті жиналыс қаулысына сәйкес үш айлық жалпы білім 
беретін және дәрігер педагогтар курсын ашқан болатын. Себебі, қазақ мектептеріне мұғалімдер қажет 
болды  [1].  1924  жылы  қаңтарда  Томскіде  Сібір  облыстық  татар-қазақ  педагогикалық  техникумы 
ашылды.  Кеңес  үкіметінің  мәдени  жағдайын  жақсартуға  арналған  іс-шараларына  қарамастан, 
қазақтардың арасында әлі де болса конфессионалдық мінездегі адамдар көп болды. Олар балаларын 
мектепке бермеді, көпшілігі молдадан білім алды. 1920-1921жылы оқу жылында Сібір жеріндегі қазақ 
тұрғындары үшін 3 мектепке дейінгі мекеме, 709 бірінші сатыдағы мектеп, бір клуб, бір ұлттық драма 
театры ашылды. 1922-1923жылы оқу жылында бірінші сатылы мектеп 23-ке кеміді, себебі Сібір жерінің 
бір  бөлігі  Қазақстан  құрамына  енді.  Қазақ  АКСР-інің  құрамына  кірмейтін  Сібір  жерінде  1921  жылғы 
санақ бойынша 200 мың қазақ тұрды. 
        Орынбор  қаласы  Қазақ  АКСР-нің  астанасы  болғаннан  кейін  РКФСР  құрамына  енетін  барлық 
автономиялық  республикаларға  қажетті  мамандар  даярлайтын  орталыққа  айналды.  1921  жылы 
Орынборда  халыққа  білім  беру  Қырғыз  (қазақ)  институты  жанынан  жұмысшы  факультеті  ашылып, 
ондағы оқитындардың 30%-ы қазақтар болды. Оны бітірушілер ішінде атақты жазушылар С. Мұқанов, 
Ғ.  Мүсірепов  бар  еді.  1925-1929  жылы  Омбыда  150  қазақ  мектебі  болып,  онда  3124  бала  оқыды  [2, 
с54-55.)].  1921 жылы аштық жылдарында Қазақ орталық атқару комитеті қазақ балаларының өмірін 
сақтау  үшін  және  жақсарту  мақсатында  арнайы  комиссия  құрды.  Орынборда  3  қазақ  балалар  үйі 
ашылды.  Қазақтардың  білім  алуына,  мәдени  жағдайын  жақсарту  мақсатында  Батыс  Сібір  жерінен 
1929-1930жж. 277 мектеп-интернат ашуды жоспарлап, онда қазақ тілінде оқытатын болды. 1927-1930 
жылдардың  өзінде  онда  2125  адам  оқыды  [1,  48  c].  Қазақ  мектептерінде  оқулықтар  жетіспеді. 
Қазақстаннан араб әрібінде жазылған кітаптар жіберілді. 1920-1930жж. сауатсыздықты жою жолында 
көшпелі пункттер ашылды. 1918 жылдары Астрахань губерниясындағы қазақтар арасында білім беру 
саласында ерекше өзгерістер болды, көптеген ауылдарда бастауыш сыныптары ашылып, онда РКФСР 
білім  беру  халық  комисариаты  жасаған  бағдарламасы  бойынша  қазақ  тілінде  оқытылды.  Алғашқы 
мектептер  Мыңтөбе,  Синеморск,  Теңіз  болыстарында  ашылды.  1924-1925жж.  Теңіз  ауданында  22 
қазақ, 5 орыс мектептері жұмыс жасап, онда 1200 оқушы оқыды. Коммуналдық мектептер де ашылды. 
Ганюшкин  ауданының  орталығында  50  адамға  арналған  коммуналдық  мектеп  ашылып,  онда  жетім 
балалар  оқыды.  Астрахань  облысы,  Краснояр  аудандарында  сол  жылдарда  18  бастауыш  мектеп,  ал 
Ноғай  ауданында  23  мектеп  жұмыс  жасаған.  Мұрағат  деректерінде  1920  жылғы  маусымдағы  Бөкей 
губерниясы  Халық  ағарту  бөлімінің  мәліметі  бойынша  қазақ  даласында  барлығы  339  мектеп  жұмыс 
жасаған, оның 234 бірінші баспалдақты, бесеуі екінші баспалдақты [3].  

35 
 
Ауыл-шаруашылығын  қайта  құру,  жаңа  мәдениеттің  орнауы,  балық  және  ауылшаруашылығы 
салаларының 
индукцияландырылуы, 
көптеген 
өнеркәсіпорындарының 
механикаландырылуы 
тұрғындар арасындағы мәдени-ағарту жұмыстарына көңіл бөлуді қажет етті. Бұрын губернияда әлсіз, 
губернияның талабын қанағаттандыра алмайтын кәсіптік техникалық оқу орындары болды. 1913-1914 
оқу  жылында  бастауыш  мектептерде  мектеп  жасындағы  балалардың  44%  қамтылды.  Аз  ұлттар 
арасындағы  мәдени  қажеттілікті  жандандыру  қажет  болды.  Астрахань  губернисына  қарасты 
территориядағы аз ұлттар арасындағы балалардың мектепке қамтылуы 1913 жылғы мәлімет бойынша 
бастауыш  мектептегі  42%  баланың  5-8%  ғана  аз  ұлттар  балалары  болған.  Кеңес  үкіметі орнағаннан 
кейін бұл жағдай бір шама дұрысталды деп айтуға болады. Мұнда орыстармен аз ұлттарды мектепке 
тарту  бірдейге  жақын,  66,6%  және  65,4%  болып  тұр.  1926-1927  оқу  жылында  жоғары  мектептерде 
12,361  адам  оқыса,  оның  ішінде  1770  адам  яғни  14,3%  аз  ұлттардың  балалары.  Санға  қарағанда 
біршама  ілгерілеушілік  байқалады,  өкінішке  орай  сапа  жағынан  артта  қалып  жатты.  Сапаны  көтеру 
үшін  білім  мен  тәрбиені  күшейту  қажет,  оған  көптеген  кедергілер  болды.  Мектеп  үйлері  ескі 
ғимараттарда орналасты, әсіресе ауылдық жерлерде парта жетіспегендіктен еденге отырып оқыды. Аз 
ұлттар  балалары  оқитын  мектеп  мұғалімдерінің  білім  дәрежесі  төмен.  Қазақ  мектептеріне  арналған 
ана тіліндегі оқулықтар тіптен жоқ болды. Көркем әдебиеттер мүлдем болмады. Білім дәрежесі төмен, 
қиын  жағдайда  жұмыс  жасап  мұғалімдерге  көмек  көрсету,  тексеру,  қадағалау  жетіспеді.  Болашақта 
жартылай  көшпелі  тұрғындардың  әлеуметтік  жағдайын  ескере  отырып  балаларды  мектепке  көптеп 
тарту мақсатында мектеп үйін салумен шектеліп қана қоймай, мектеп-интернат салуды қолға алынды. 
Қадағалау  аппараты  әр  түрлі  ұлттық мектептердегі  жұмыстарды  үйымдастыру және  ағарту  саласына 
бөлінетін қаржыны көбейтуді үнемі назарда ұстады. Мектеп саны ұдайы өсіп отырды, бірақ губернияға 
қарасты  барлық  территорияға  мектеп  бірдей  дәрежеде  орналасқан  жоқ.  Жұмысшы-шаруа  жастары 
арасындағы  білім  беруді  сапалыландыру  қолға  алынды.  Балық  өнеркәсібі,  білім  беру,  мал  дәрігері, 
ауыл  шаруашылығы,  дәрігер  т.б  мамандарын  даярлайтын  техникумдар  ашылып  жұмыс  жасады.  Бұл 
оқу  орындарының  3-2  жас,  жаңадан  құрылған  болатын,  сондықтан  кабинеттер  жеткілікті  түрде 
жарақтанбаған,  мастерской,  зертханалар,  оқу-әдістемелік  көмекші  құралдар  жетіспеді.  Астраханда 
барлық халыққа білім беруге жұмсалатын қаржының 3-1 бөлігі балалар үйіне бөлінді. Орынбор, Батыс 
Сібір жерлеріндегі сияқты Астрахань губерниясында мектеп ашу жұмыстары экономикалық және саяси 
жағдайларға 
байланысты 
көптеген 
қиындықтар 
туғызды. 
Негізінен, 
ағарту 
саласын 
ұйымдастырушылар революцияға дейінгі интелигенция өкілдері, бұрынғы мұғалімдер С. Мендешов, Ғ. 
Сарбасов,  Б.  Жұмашев,  Н.Манаев,  Ғ.Алакөзов,  А.Құдайбергеновтер,  ал  1920-шы  жылдары 
Астраханьның  өзінде  қазақ  мектептерінің  ашылуына  ұйытқы  болған  алғашқы  қазақ  мұғалімдері- 
Темірғали Күнтуғанов, Қасым Шалабаев, Қаным Мұқанбетов, Абдрахим Мырзағалиев және т.б. болды. 
        Кеңес  үкіметі  орнағаннан  кейін  Ресей  жеріне  қоныстанған  аз  ұлт  өкілдерінің  жағдайы  яғни 
әлеуметтік-мәдени  тұрмысын жақсарту  жолында  көптеген игі жұмыстар  жасалынды  дегенмен,  халық 
арасында  кемсітушіліктер  көп  болды.  Қазақтарды  “қарсақтар”  деп  кемсітіп,  оларға  дұрыс  көңіл 
бөлгілері  келмей,  көбіне  басшылық  жұмыстарға  қоймаған.  Соған  қарамастан,  қазақ  тұрғындары 
арасында өз ұлттық намысын аяққа таптатпауы үшін мәдени тұрғыда күресушілер көп болды. Мұрағат 
деректеріне сүйене отырып айтатын болсақ, 1937 жылы 22 наурызда  колхоз қызметкерлерінің білімін 
көтеру  мектебінде  болған,  жалпы  курсанттардың  мұғалім  басшыларымен  бірлесіп  өткізген 
жиналысында  көптеген  қазақ  курсанттардың  ашына,  қорлана  сөйлеген  сөздері  дәлел  бола  алады. 
Курсант Жиреншиевтің жиналыста сөйлеген сөзі: “Мен барлық сабақты 5-ке оқуды міндетіме аламын 
және  артта  қалушыларға  көмектесемін,  бірақ  біздің  топ  курсанттарының  ішінде  қазақтарды  кемсітіп, 
келеке қылатындар бар. Малшыларға “ботаника” не керек, оларға керек емес, - дейді. Бұл дұрыс емес. 
Біз  мұнда  оқуға  келдік,  сол  үшін  барлық  мүмкіндігімізді  саламыз.  Малшы  болу  үшін  оқымаймыз, 
қасымызға  басқа  колхозшыларды  ұйымдастырып,  жұмыс  жасай  алатын  басшы  қызметкер  болу  үшін 
оқимыз”- деген [4].  
Астрахань  облысында  ұйымдастырылған  колхоз  қызметкерлерінің  білімін  көтеру,  қазақ 
мектебінің директоры Оразов, білім беру бөлімінің меңгерушісі Баймаханов болды. Мектеп басшылығы 
курсанттардың  әрқайсысымен  жеке-жеке  жұмыс  жасауды  талап  етіп,  сабақ  берумен  шектеліп  қана 
қоймай,  олардың  арасында  мәдени  көпшілік  шараларды  ұйымдастыру  жұмыстарына  да  үнемі  көңіл 
бөлуді жүктеді. Әрбір мұғалімнің жұмыс жоспары талап етіліп, алдымен өздері үлгі болуы міндеттелді. 
Барлық  мұғалімдер  қоғамдық  жұмыстармен  айналысып,  курсанттардың  бос  уақытында  әңгімелесу, 
газет оқуға көмектесу тапсырылып, қосымша сабақ өткізіліп, білімді бағалауда әділ болу талап етілді. 
Мектеп  бітірушілер  арасында  оқу  озаттары  қазақтар  көп  болды:  Қанатов,  Қалиев,  Құлбалаев, 
Таңатаров, Мұстафаев және т.б.                   
1927  жылы  Астраханьда  ашылған  қазақ  кеңестік  партия  мектебінің  қазақ  педагогикалық 
техникумы  ұлттық  педагог  кадрларларды  дайындаумен  айналысты.  Астраханьдағы  қазақ 
педагогикалық техникумы көптеген алдыңғы қатарлы қазақ интеллигенциясын даярлауға үлес қосты. 
Техникум  түлектері  жоғарғы  оқу  орындарын  бітіріп,  ғылыми  қызметкер,  жоғары  оқу  орындарында 

36 
 
мұғалім, партияның жауапты қызметкерлері болды. Мыс:  Б.Б. Ирмұратов 1955 жылы Астрахань қазақ 
педагогикалық    училищесін    бітіріп,  әль-Фараби  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік    Ұлттық  университетін  
бітірді, Мәскеу  Мемлекеттік университеті аспирантурасын  аяқтады. 1987-1992 жылдарда Алматы шет 
тілдер  институтының  ректоры  болып  қызмет  атқарды.  Сол  сияқты  Т.А.  Айтмұхамбетов  -  Қазақстан 
Республикасының  Пакистандағы  елшісі,  Н.И.  Есқалиев  -  Қазақстанның  Өзбекстандағы  елшісі,  С.С. 
Тасмұратов  Астрахань  мемлекеттік  педагогикалық  университетінің  алгебра  және  геометрия 
кафедрасының доценті болған [5]. Сауатсыздықты  жою мектебінде оқыған курсанттар жатақхана мен 
тамақпен  қамтамасыз  етілді.  Бос  уақыттарында  кино,  театр,  мұражайға  барып  өз  іштерінде  көркем 
өнерпаздардың  ұйымдастыруымен  концерттер,  кештер  болып  тұрды.  Олар  жақсы  оқимыз  деп 
міндеттеме алып қана қоймай оны іс жүзінде іске асыруға бар күш жігерлерін салды. 
Қазақ тұрғындары арасында мәдени ағарту жұмыстарын ұйымдастырушылар жергілікті үкімет 
органдары ұлттық ерекшеліктерді, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды ескеріп отырды. Ресей жерінде 
қоныстанған әр түрлі ұлттар арсындағы мәдени-ағарту жұмыстары  заман талабына сай даму үстінде 
болды. Ұлттық  мәдениеттің  жан жақтылығын  шынайы  түрде ұғыну  жергілікті  жердегі  халықтың  
үнемі назарында болды.   
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Государственный  архив  Современной  документации  Астраханской  области    Фонд  №318,  опись  1, 
д.1161, 248 c.  
2. Казахи Южного Урала;история и современность. Сборник. Абая150. Оренбург 1996.  
3. Астраханский Государственный областной архив. Фонд №1351, опись 1, Д.68., С.45.  
4. ҚР.Орталық Мемлекеттік мұрағаты. Қор.1954, тізбе1, іс13,19бет. 
5.  Уразтаева.Г.Д.Национальное  образование  казахов  в  Россий.История  и  тенденция.  .Астраханские 
казахи:история и современность Астрахань: Изд. «Волга», 2000. 277с. 
 
 
 
ӘОЖ 94 (574) 
ИСАТАЙ  МЕН МАХАМБЕТ БАТЫРЛАР 
БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІСТІҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ 
 
Шамғонов А. 
Х.Домұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
    
Өткен ғасырдың 20 – жылдарының орта кезінен бастап 1836-1838 жылдарда Бөкей ордасы мен 
Кіші  жүздің  батыс  бөлігінде  қазақ  батырлары  Исатай  Тайманұлы  мен  Мхамбет  Өтемісұлы  бастаған 
халық-азаттық  көтеріліс  туралы  көптеген  зерттеу  еңбектер  жариялана  бастағаны  мәлім.Ал,қазақ  елі 
тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейінгі  жылдарда  осы  көтеріліс  тарихына  байланысты  біраз    жаңа 
ғылыми-зерттеу  еңбектер  жарық  көрді.  [1]  Сол    еңбектерді    зерделей  келе  Исатай  мен  Махамбет 
батырлар    бастаған    көтеріліс  тарихына  байланысты    әлі  де  анықтай  түсетін    жағдайлардың  бар 
екендігі  байқалуда.Кейінгі  жылдарда    тарихшы  ғалымдар  бұл  көтерілісті  жаңа    методологиялық 
негізде-тәуелсіз  ел  тұрғысынан  зерттеуді  қолға  алды.Бөкей  хандығы  құрылуының  алғышарттары  : 
көтерілістің  Кіші жүздің  батыс бөлігінде өрістеуі және Ақбұлақ шайқасы; Жәңгірхан, Махамбет сияқты 
тарихи  тұлғалар  ;  Исатай  мен  Махамбет  батырлардың  ержүрек  сарбаздары  туралы  және  басқа  да 
деректер әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететіндігі байқалуда. 
       
Біз  осы  баяндамамызда  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  халық-азаттық  көтерілістің 
кезеңдері    туралы    әңгіме  қозғамақпыз.  2000  жылы  “  Ата  мұра”  баспасынан  жарық  көрген 
Академиялық  “Қазақстан  тарихының”  3  томында  осы  көтеріліс  3  кезеңге  бөлініп  көрсетілген.  Онда, 
1833- 1836 жылдарды қамтитын бірінші  кезең-қарулы көтеріліске дайындық кезеңі деп сипатталады. 
Екінші  кезең,  көтерілісшілердің  ханға  қарсы  бас  көтеруінен  (1837    жылдың    басы)  басталып,1837 
жылдың  қараша  айының  орта  кезінде  олардың  жеңілуімен  аяқталады.Үшінші  кезең,  1837  жылдың 
желтоқсан  айының    орта  кезінде    Исатай  мен  Махамбет  батырлар  бастаған  азғана  топтың  Жайық 
өзенінің сол жақ бетіне өткен уақытынан басталады.Бұл  кезең жаңа шайқастарға әзірлік барысында 
көтерілісшілердің  күштерін  қайта  қалыптастыру  және  Ақбұлақ  өзенінде  толықтай  жеңілу  (1838 
жылдың шілде айының орта кезі) кезеңі болып табылады.(2) 
    
“Мектеп”  баспасынан  2004  жылы  шыққан  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Ж.Қасымбаевтың  негізгі  және  орта  мектептердің  8  сыныбына  арналған  “Қазақстан  тарихы  ” 
оқулығындағы  “1836-1838  жылдардағы  Бөкей  ордасындағы  шаруалар  көтерілісі”  атты  тақырыпта  да 
көтеріліс  3 кезеңге бөлінген:бірінші кезең- 1833-1836 жылдар- көтерілістің басты алғы шарттарының 
қалыптасуы;екінші  кезең-1837  жылдың  басынан  осы  жылдың  аяғына  дейін  көтерілістің  етек  алған 

37 
 
кезеңі,патша  жазалаушы  әскерімен,хан  отаршыларымен  қақтығыстар;үшінші  кезең-1837  жылдың 
желтоқсан айынан 1838 жылдың шілде айына дейін- көтерілісшілер күшінің әлсіреп,жеңілу кезеңі(3). 
      
Бұл  көтерілісті  осындай  кезеңдерге  бөлу  ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарынан  бермен  қарай 
жалғасып 
келеді.Көрініп 
тұрғандай 
,көтерілісті 
кезеңдерге 
бөлуде 
қисынсыздықтар 
байқалады.Алдымен,егер  көтеріліс  1836-1838  жылдарда  болған  болса,онда  оның  кезеңдері  де  сол 
жылдардың  ішінде  болу  керек  емес  пе?Олай  болса,егер  көтеріліс  1836  жылдан  бастаған  болса,оның 
кезеңдері  де  сол  жылдан  бастау  алмай  ма?  Соған  сәйкес  көтерілістің  І  кезеңі  неге  көтеріліс  болған 
жылдардан  тыс тұр?  “Екінші  кезең,көтерілісшілердің  ханға  қарсы  бас  көтеруінен(1837  жылдың  басы) 
басталып...” деген жолдары қалай түсінеміз?Шын мәнінде,1836 жылы көктемде Жәңгір хан мен оның 
сыбайластарына  қарсы  көтеріліс  басталып  кеткен  жоқ  па?  Оған  қоса,оқулықтағы  ІІІ  кезеңді 
көтерілісшілер  күшінің  әлсіреу  кезеңі  деу  де  шындыққа  келмейді.1838  жылдың  алғашқы  6  айында 
Исатай мен Махамбет батырлар қазіргі Ақтөбе,Атырау,Маңғыстау,Батыс Қазақстан облыстарын патша 
өкіметінің отаршылдық саясаты мен олардың сойылын соғушы жергілікті феодалдардың езгісіне қарсы 
3  мыңнан  астам  адамдарды  азаттық  көтеріліске  жұмылдырды  емес  пе?  Бұл  жерде  академиялық 
“Қазақстан тарихының” 3 томында атап көрсетілгендей,көтерілістің ІІІ кезеңі жаңа шайқастарға әзірлік 
барысында  көтерілісшілердің    күштерін  қайта  топтастыру  кезеңі  деп  көрсетілгендігінің  шындыққа 
әлдеқайда жақын екендігін айтқанымыз дұрыс. 
    
Мінеки,бұрынғы  авторлар  ұсынған  Исатай  мен  Махамбет  батырлар  бастаған  көтеріліс 
кезеңдерінде түсініксіздіктер өте көп дегеніміздің себебі осындай. 
     
Соңғы 15-20 жылда Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс туралы жарық  көрген 
еңбектер  көтеріліс  кезеңдері  туралы  бұрынғы  көз  қарастарды  қайта  қарауды  қажет  ететіндігін 
аңғартады. 
     
Сөзіміздің  дәлелі  ретінде  Х.Досмұхамедұлының  1925  жылы  Ташкент  қаласында  басылып 
шыққан  “Исатай-  Махамбет”  атты  кітабына  зер  салайық.Бұл  еңбек  1991  жылы  Алматы  қаласында 
қайта басылып шықты.Осы кітаптың  50-бетінен мынадай сөйлемдерді оқимыз :” Исатайдың қозғалысы 
екінші  дәуірінде  екпінді  басталды.Патша  өкіметі  де  мұны  сезді.Бірақ,Исатайдың  қимылы  аяқталмай 
қалды”. (4) Осындағы “екінші дәуір” дегенді қалай түсінеміз? Осы абзацтағы келтірілген сөйлемдерден 
ұғатынымыз,екінші дәуір-Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің Кіші жүздің 
батыс  бөлігінде  өрістеген  кезеңі.Ал  “екпінді  басталды”  дегенде  әңгіме    -  1838  жылдың  алғашқы  6 
айында  Кіші  жүздің  батыс  бөлігін  толық  дерлік  қамтып,  сұлтан  Қайыпқали  Есімовпен  күш  біріктіріп, 
қоластына 3 мыңдай адам жинап, патша чиновниктері мен басқарушы сұлтан Баймағамбет Айшқақов 
және  жергілікті  бай-феодалдарға  қарсы  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  халық  
көтерілісінің  кеңінен  өрістегендігі  туралы болып отырғандығында күмән жоқ. 
    
Осының  бәрі    көтерілістің  екінші  кезеңінде  (дәуірінде  )    болған  уақиғалар  еді.  Ал,сонда 
көтерілістің бірінші  кезеңі қай уақытты және қай жерді қамтиды? Халелдің бұл  еңбегінде көтерілістің 
бірінші  кезеңі немесе дәуірі деген сөздер жоқ. Бірақ, Халелдің “Исатай - Махамбет” атты кітабындағы 
“Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат” деген бөлімінде көтерілістің бірінші  
кезеңінде  болған  уақиғалар  жан-жақты  көрсетілген.Анығын  айтқанда,бұл  уақиғалар  –  1836-1837 
жылдарда  Бөкей ордасында  Ресей  отаршылары  мен Жәңгірхан  бастаған жергілікті    бай-феодалдарға 
қарсы  бағытталған  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  халық-  азаттық  көтеріліс 
болып  табылады.Бұл  жерде  атап  өтетін  бір  жай-  Х.Досмұхамедұлы  да  және  басқа  зерттеушілер  де 
Бөкей  ордасындағы  көтерілістің  бірінші  кезеңін  егжей-тегжейлі  ашып  көрсетуге  айрықша  назар 
аударады.Тіпті,жоғарыда  атап  өткеніміздей    кейбір  зерттеушілер  Бөкей  ордасындағы  көтерілісті  екі 
кезеңге бөледі.Біздің пікірімізше, бұл дұрыстыққа жатпайды.Себебі,Бөкей ордасындағы халық- азаттық 
қозғалыс- бір кезеңді қамтыған, бір аумақта болған саяси-әлеуметтік уақиға. 
    
 Осылайша  “  Исатай-  Махамбет”  атты  кітабында  Х.Досмұхамедов  Исатай  мен  Махамбет 
батырлар бастаған көтерілісті екі кезеңге бөлген деуге болады. 
    
Енді  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтерілісті    жан-  жақты  зерттеп  жүрген 
профессор  И.Кенжалиевтің  көтерілістің  кезеңдері  туралы  пікіріне  назар  аударайық.1991  жылы 
баспадан  шыққан  “Исатай-Махамбет”  атты  кітабында  И.Кенжалиев  “Исатай  бастаған  шаруалар 
көтерілістің соңғы кезеңі” деп аталатын тақырыпта былай деп жазады: 
    
“Сонымен  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  ішкі  тараптағы  феодализмге  қарсы  шаруалар 
көтерілісінің  бірінші  кезеңі  жеңіліспен  аяқталды  ”(5).Осы  жолдарды    оқи  келе  біздің 
түйетініміз:И.Кенжалиевтің  пікірінше  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтеріліс  бірінші  
кезеңде” ішкі тарапта” , яғни Бөкей ордасында болған,ал екінші  немесе соңғы  кезеңде көтеріліс Кіші 
жүздің батыс бөлігінде өрістеген. 
     
Осылайша  ,кезінде  Х.Досмұхамедұлы  бастап  берген  Исатай  мен  Махамбет  батырлар  бастаған 
көтеріліс кезеңдері туралы мәселені И.Кенжалиев одан әрі нақтылап,жүйеге келтірген. 
     
Осы айтылғандардан мынадай қорытындыға келуге болады: 

38 
 
       
Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы    бастаған  халық-азаттық    көтеріліс  2  кезеңнен 
тұрады.Атап айтқанда,І кезеңде көтеріліс Бөкей ордасында басталып,дамиды және аяқталады.Ол 1836 
жылғы наурыз бен 1837 жылғы қараша айының орта кезін қамтиды. 
     
ІІ  кезеңде  көтеріліс  Кіші  жүздің  Батыс  бөлігінде    өрістейді.Ол  1838  жылдың  алғашқы  6  айын 
қамтып,12 шілдедегі Ақбұлақ шайқасымен аяқталады.Жалпы алғанда,Исатай мен Махамбет батырлар 
бастаған  көтеріліс  Еуропа  құрлығында  басталып,Азияда  аяқталады.Екі  кезеңде  де  көтеріліс  патша 
өкіметіне арқа сүйеген жергілікті феодалдардың езгісіне қарсы бағытталған , бірақ оның соңы патша 
өкіметінің отарлық  қысымына  қарсы азаттық күреске ұласады, яғни 2 аймақта да көтерілістің сипаты 
бірдей. 
     
Біз соңғы 10 жылда Ж.Қасымбаевтың 8 сыныпқа арналған “Қазақстан тарихы”  оқулығындағы  
1836-1838  жылдардағы  көтерілістің  3  кезеңге  бөлінуінің  құрыстыққа  жатпайтындығын  және  осыған 
байланысты  ондай  кезеңдерге  бөлуді  оқулықтан  алып  тастау  туралы  бірнеше  рет  республикалық 
басылымдарда  мақала  жариялап,  ұсыныстар  енгізгенбіз.2012  жылы  “Мектеп”  баспасынан  шыққан 
авторы Ж.Қасымбаев болып табылатын “Қазақстан тарихы” оқулығында біздің ұсынымыз қабылданып 
,кезеңдер мүлде алынып  тасталған.Мәселе қоюшы ретінде біз мұны толығымен құптаймыз. 
      
Исатай  мен  Махамбет  батырлар  бастаған  көтерілістің  3  емес,  2  кезеңге  бөлінетіндігі  туралы 
біздің пікіріміз республикалық ғылыми журналдар мен газеттерде бірнеше рет жарық көрді.Болашақта 
біздің бұл ұсынымыз да тарихшы ғалымдар тарапынан қолдау табатындығына еш  күмәніміз жоқ. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет