Баешова а.Қ. Жалпы химия (зертханалық жұмыстардың жинағы) Оқу-әдістемелік құрал


Электролиттік диссоциация. Күшті және әлсіз электролиттер



бет14/41
Дата29.09.2022
өлшемі359,41 Kb.
#40741
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Электролиттік диссоциация. Күшті және әлсіз электролиттер
Теориялық бөлім.. Электролиттер күшті және әлсіз болып, екі топқа бөлінеді.
Күшті электролиттер:
а) тұздар: NaCl, KCl, Na2SO4 тағы басқа барлық дерлік тұздар;
ә) негізгі минералдық қышқылдар, мысалы, H2SO4 , HNO3 , HCl, HBr, HI;
б) сілтілік және сілтілік-жер металдар негіздері: LiOH, NaOH, KOH, RbOH, Ba(OH)2.
Әлсіз электролиттер:
а) барлық дерлік органикалық қышқылдар;
ә) кейбір минералдық қышқылдар, мысалы H2CO3, H2S, HNO2, H2 SiO3,
H3BO3, HClO;
б) көпшілік металдар негіздері (сілтілік және сілтілік-жер металдар негіздерінен басқа) және NH4OH;
г) су.
Күшті электролиттер суда ерігенде иондарға түгелдей диссоциацияланады, ал әлсіз электролиттер – аз диссоциацияланады. Диссоциация үдерісі қайтымды, оған әрекеттесуші массалар заңын қолдануға болады. Мысалы, әлсіз электролит – сірке қыщқылы диссоциацияланғанда:
CH3COOH↔CH3COO- + H+,
K= [CH3COO-] [H+ ] / [ CH3COOH ]
К − диссоциациялану константасы, ол электролиттің иондарға диссоциациялану қабілетін сипаттайды. Диссоциациялану константасы электролит концентрациясына тәуелді емес, сондықтан диссоциациялану дәрежесіне қарағанда оның жалпы сипаттамасы бола алады. Диссоциациялану константасының мәні электролит табиғатына, еріткішке (әртүрлі диэлектрлік тұрақтылар) және температураға тәуелді. Тәжірибе көрсеткендей, екі және көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады, мысалы H2CO3 қышқылының диссоциациясын мынадай теңдеумен өрнектеуге болады:
1-сатысы: H2CO3↔ H+ + HCO3-
2-сатысы: HCO3-↔ H+ + CO32-
Әрекеттесуші массалар заңын қолдана отырып, әрбір саты үшін К табамыз (сандық мәндері 25oС үшін) және K1 > K2, яғни алдыңғы диссоциация келесісінен қарқындылау жүреді. Сондықтан мұндай қышқыл ерітінділерінде елеулі мөлшерде тек диссоцацияланудың бірінші сатысындағы иондар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет