Биржалық және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығы деп бөлудің негізі белгілі бір бағалы қағазға қатысты бағалы қағаздар нарығының қызметі емес, ол - кең мағанада сауданы ұйымдастыру тәсіліне байланысты болады. Осы тұрғыдан қарастырғанда бағалы қағаздар нарығы:
ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
биржалық және биржадан тыс;
дәстүрлі және компьютерленген болып үшке бөлінеді.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығыдеген лицензиясы бар нарықтың кәсіби қатысушылары - делдалдардың нарыққа басқа қатысушылардың
тапсырысы бойынша бекітілген ереже негізінде бағалы қағаздардың айналысын ұйымдастыруы.