Дилерлік қызмет. Дилер - ол биржалық саудаға мәмілені өз атынан және өз есебінен жасайтын кәсіби қатысушы. Дилер - заңды тұлға. Бағалы қағаздар нарығында дилер болу үшін лицензия алу керек.
Бағалы қағаздар нарығындағы дилердің міндеттері:
• сату және сатып any бағасын; сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздардың ең аз және ең көп мөлшерін; сонымен қоса мәлімденген бағаның мерзімін хабарлау;
дилердің өз ұсынысы болмаған жағдайда клиенттің ұсынысы бойынша мәміле жасау;
эмитенттің бағалы қағаздарымен операция жүргізгенде өзінде бар ақпаратты мәлімдеу немесе ондай ақпараттың өзінде жоқ екенін хабарлау;
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігіне өз қызметі туралы есеп беру;
бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардың ішкі есебін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |