Негізгі талдаужалпы нарықтық жағдайды бағалаудан құралады және ол 16.1. Суретте көрсетілгендей төрт бөліктен тұрады.
Негізгі талдау
Жалпы экономикалық талдау
Салалық талдау
Эмитенттің қаржылық жағдайын талдау
Биржалық активтің сапасын зерттеу
«Ішкі» нақты құнды модельдеу
16.1. Сурет. Негізгі талдау Сонымен бағаны модельдеу үшін көп еңбек сіңіруді қажет қылатын зерттеу жүргізу керек, онда биржалық активтің нарықтық құны оның нақты құнынан және болашақтағы пайдадан жоғары ма, әлде төмен бе және басқа да сондай жағдайлар анықталады. Негізгі талдаудың көмегімен түсетін табыстың болжамы жасалады. Ол активтің болашақтағы құнын анықтайды, демек ол бағаға да әсер етуі мүмкін. Осылардың негізінде сатып алу мен сатудың пайдалылығы туралы ұсыныс жасалады. Бұл оның техникалық талдаудан түбегейлі айырмашылығы.