Жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету (операциялық жүйелер, бағдармалық жүйелер)
Функциональды бағдарламалық қамтамасыз ету (нақты биржалық есептерді шешу)
Есептеу жүйесінің ресурстарын басқару
Жаңа бағдарламалық құралдарды құру үшін жабдықтар
17.1. Сурет. Биржа қызметкерінің АЖО-ның құрылымдық үлгісі Ақпараттық қамтамасыз ету деген биржа қызметкерінің АЖО үшін қажетті көлемі, орналастыруы және ақпараттық-ұйымдастыру формасы бойынша орындалған шешімдердің жиынтығы. Ол биржа қызметі бойынша нормативтік-анықтамалық ақпаратты, техникалық-экономикалық ақпараттың бірыңғайланған және арнаулы классификаторын және құжаттар жүйесін (мысалы, тауар топтары кодының классификаторы, брокерлік қызмет бойынша құжаттар жүйесі және т.б.) біріктіреді.