Бағалы тастар


Кохинур: Британия мен Елизавета патшайымның мақтанышы



бет2/2
Дата29.03.2023
өлшемі186,55 Kb.
#77386
түріЛекция
1   2
Байланысты:
химия конф

1. Кохинур: Британия мен Елизавета патшайымның мақтанышы

Бұл ақ тастың салмағы 105,6 карат және Ұлыбританияның патшайымы Елизаветаның тәжінің көркін ашып тұр. Тарихына үңілсек, тас сонау 1300 жылдардан бері келе жатыр. Ал кей аңыздарда оның одан да ұзақ тарихы бар екендігін айтылған. Санси секілді бұл тастың да бағасын есептеу мүмкін емес.
2. Санси: ортағасырлық аңызға айналған бағалы тас

Еуропалық халықтардың тарихындағы ең бағалы тас. Ашық сары түсті тастың салмағы 55,23 карат болғанына қарамастан, әлемдік нарықта өзінің құнын жоғалтқан емес. Тарихқа көз жүгіртсек, тас Үндістанда табылған, бірақ бірнеше ғасыр бойы француз халықтарының ұлттық құндылығы ретінде есептеліп келген. Бүгінде бұл бағалы тас Луврда сақтаулы. Ал Сансидің бағасын анықтау мүмкін емес болып отыр. Яғни еш ақша мен бағалы зат оның құнына сай келмейді.


3. Куллинан: әлемдегі ең үлкен бағалы тас

Куллинан аталған әлемдегі ең үлкен бағалы тас ең қымбат тастардың рейтингісінде үшінші орынға ие. Бұл тас 1905 жылы табылған. Көлемі 530,2 карат. Осыған шамалас тек «Алтын мерейтой» атты тас бар. Бір жарым ғасырлық тарихы мен ең үлкен салмағының арқасында бағасы - 2 миллиард долларға жеткен.
4. Hope Diamond: жақсы өмірдің үміті

«Көгілдір француз» немесе «Үміт» аталмыш тас өзінің ерекше түсімен танымал. Осы секілді тас бұрын соңды кездеспеген және тағы табылуы да екіталай. Бұл тас өзінің терең тарихымен де бағалы. Бүгінгі нарықтағы бағасы 45,52 карат салмақпен 200 миллион долларға бағаланады.

5. De Beers Centenary: De Beers компаниясына тиесілі

Тастың атауы «Жүзжылдық» деген мағына береді. Түссіз келген, салмағы - 273,85 карат. Арнайы өңдеу жұмыстарының нәтижесінде тастың 273 бұрышы бар. Бүгінде мамандар бұл тасты 90 миллион долларға бағалап отыр.
Бағалы тастар туралы қызықты деректер
1. Бүгінгі таңда бағалы тастардың 4 мыңнан астам бағалы тастың түрі белгілі;
2. Бағалы тастардың барлығы қолмен табылады.
3. Алмаз – бір ғана химиялық элементтен (көміртек) тұратын әлемдегі ең бағала тас.
4. Адамдардың басым көпшілігі алмазды түссіз болады деп қате пікір айтады.
5. Минералдардың саны азайып бара жатқандықтан, олардың бағасы да қымбаттай түседі.
6. Минералдардың қаттылық дәрежесін анықтайтын Моос межелігі пайда болмай тұрғанда оларды түстеріне қарап таныған.
7. Нағыз зүбаржат (көк-жасыл түсті асыл зат,орысша изумруд) гауһар тастардан да қымбат.
8. Лағыл (рубин) мен жақұттың (сапфир) айырмашылығы жоқ. Тек түстерінде аздап өзгеріс көрінеді.
9. Александрит (жарық түсуіне қарай әртүрлі түспен құлпырып тұратын асыл тас) Александр ханзаданың құрметіне қойылған.
10. Әлемде қызыл зүбаржат (изумруд) өте сирек кездеседі. Оны тек Американың Юта штатынан табуға болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет