Бағдарламасы ( 28 тамыз 2017 жыл №1 хаттама бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізілді.)


- Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру



бет6/12
Дата28.02.2023
өлшемі60,71 Kb.
#70433
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мектепті дамыту жоспары

- Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру - Қабілетті және үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу; Мәселелерді шешу құзыреттілігін дамыту; Оқушыны белсенді жұмыс жасауға ынталандыру. Психологиялық ахуалды оңалту;
- Оқушылардың денсаулығын сақтау, өмірінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету, оқу жүктемесінің шамадан тыс көбеюінің алдын-алу - Сабақ кестесін талапқа сай жасақтау; 1-5 сыныптарда сабақ үстіндегі сергіту сәттерінің өткізілуін жүйелендіру; 1-4 сыныптарда үлкен үзілістерде қозғалыс жаттығуларын ұйымдастыруды жүзеге асыру; Үй тапсырмасының көлемін оңтайландыру, бейімдеу;
Ұзақ мерзімді жоспарлар және орта мерзімді жоспарлар, оқу жылдарына арналған. Жоспар мектеп қызметінің 13 бағытын қамтиды
Олар:
1. Басқару нысанындағы өзгерістер
2. Оқыту және тәрбие берудегі қолданатын әдіс-тәсілдердегі өзгерістер
3. Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер
4. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуындағы өзгерістер
5.Мектепішілікбасқарудағы өзгерістер
6.Қызметкерлердің сапалық құрамындағы өзгерістер
7.Мұғалім қызметін ынталандырудағыөзгерістер
8.Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі өзгерістер
9.Құқықтық жағдаяттардағы локальді актілердегі өзгерістер
10.Үштілділік
11.Жаңартылған білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру
12. Электрондық оқыту жүйесін құру
13.Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру
Бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай мектептің талантты да дарынды мұғалімдеріне өз құзыреттілігі шеңберінде жауапкершіліктер жүктеліп,жұмыс аясы анықталды. Негізгі идея педагогтарды заман талабына сай жұмыс жасауға ынталандыру болғандықтан,негізгі жұмысымыз сыныптың көшбасшысы ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сындарлы оқыту теориясы негізінде сыныптағы сабақ барысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару шараларына бірінші кезекте көңіл аударылды. Мұғалімдерді кәсіби дамытуға, мұғалім жұмысы мен кері байланысқа,олардың жұмысының мойындалуына қатысты шараларға басымдық берілді. «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарты ретінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық орта және «мектеп мәдениетін» қалыптастыру мәселелері басты назарда болды, сынып деңгейіндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Ата-аналардың белсенділігін арттырып, ынтымақтастық карым-қатынас қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарланып, әсіресе, қызығушылықтарын арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстарын жаңа форматта өткізу, серіктестік шараларына басымдық берілді.
Кезекті педагогикалық кеңесте мұғалім құзыреттілігі, жаңа сипаттағы сабаққа қойылатын талаптар, білім сапасын арттыру мәселелері бір-бірімен тығыз байланыста жан-жақты қарастырылып, мектептің даму перспективасымен барлық педагогтар таныстырылды. Мектеп - қоғам аясында түрлі құрылымдармен біріктірілген ұйым, дегенмен, қызметі тиімді және табысты болу үшін ол жалпы ереже мен дәстүрлер арқылы біріктірілген, ортақ ұстаным ұстанатын қоғамдастық болуы тиіс Осы мақсатта Мектепте «Бастау» желілік қоғамдастығы және ресурстық орталық құрылып іс-шаралар картасы жасақталып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет