Бағдарламасы (Алматы, 2011) негізінде құрастырылған



Pdf көрінісі
бет4/114
Дата28.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#130819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Курстың мiндетi:

Ортағасырлық Қазақстан тарихының басты кезеңдеріне тарихи 
ғылыми талдау жасай отырып, аталған кезеңдегі басты саяси 


оқиғалар мен тарихи тұлғаларды танып білуге, оларды құрметтей 
білуге жəне жастарды отангершілікке тəрбиелеу; 

Моңғол империясы құрамындағы Қазақстан мемлекетінің саяси 
даму бағытына, моңғол жаулаушылығының түркі өркениетіне 
тигізген зардаптары мен жаңаша үрдістердің енуі жөнінде тарихи 
деректер негізінде талдама беру; 

Қазақ хандығы кезеңіндегі мемлкеттің саяси-əлеуметтік, мəдени-
экономикалық дамуы жөнінде ғылыми білім беру, 

Қазақтың іргелі саяси-қоғамдық тұлғалары – хандар, сұлтандар
ұлыс бегілер, өзге де құдіретті дала билеушілері, сол сияқты 
батырлар мен ел ағалары билер тағыда басқалар туралы білім 
бере отырып, олардың саяси портреттеріне сипаттама беру;

Ортағасырлық кезеңдегі ІХ-ХІІ, ХІІІ-ХҮ жəне ХҮ-ХҮІІІ 
ғасырдың 30 жылдарына дейінгі қазақ халқының материалдық 
жəне рухани мəдениетіне тарихи талдама жасау, тарихи 
деректерге, дəстүрлі ауыз əдебиеті үлгілері негізінде тарихи 
сараптама беру.

Қазақстан тарихы тəуелсiздiк алғаннан кейiн өзiнiң дамуында 
жаңа сипатқа ие болды. Тарих ғылымындағы өзгерiстердi, 
олардың даму процесi жəне Қазақстан тарихының зерттелмеген 
кейбiр кезеңдерi бойынша əлi де ортақ тұжырымдар қалыптаса 
қойған жоқ. Сондықтан бiлiм алатын студенттердің өз Отанының 
тарихынан хабардар болу үшін жан-жақты тарихи деректер 
негізінде өзіндік жұмыстардың да көптеп берілуіне аса назар 
аударылған. 
Оқу 
бағдарламасында 
студенттердің 
өзіндік 
жұмыстарын беруде маңызды құжаттар мен басты деректермен 
жұмыстануына арналған тапсырмалар мен көмекші құралдарды 
пайдалану дағдысын қалыптастыруға жетелейтін тіректерді 
қолдану міндеттелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет