Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет244/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   870
Әлеуметтану ғылымының жауабы

Өкінішке қарай,  Оджибуей қасіреті -  сирек кездесетін жағдай  емес. 

Солтүстік  Америкадағы  тайпалардың  барлығы  осы  тағдырды  бас- 

тан  кешірді.  Байырғы  америкалықтар  арасында  алкоголь  не  есірт- 

кіге тәуелділік әдеттен тыс көп кездеседі. Соның кесірінен, олардың 

арасында  бауыр  ауруынан, бүйрек циррозынан, төтенше  оқиғалар- 

дан, кісі қолынан, суицидтен қаза табатындар саны әлдеқайда көп. 

(Денсаулық сақтау статистикасының 2011 жылғы Ұлттық орталығы, 

Wagner, 2006).

Байырғы  америкалықтардың алкоголь  мен  есірткіге тәуелділі- 

гін азайтуға әлеуметтанулық тұрғыдан үлес қосу ісі «алкогольді ша- 

мадан  тыс  ішуге  қандай  қоғамдық  құрылымдар  итермелейді?  Қо- 

ғамдық қүрылымдар  салынып  ішпейтіндерді неге  ішімдікті қоюға 

ынталандырмайды?» деген сұрақтардан басталады.

Мүның  жауабы  теориялық  жұмыс  ауқымына  байланысты.  Қү- 

рылымдық  функцияшылдар  үндістердің  институттарының  жо- 

йылуына,  олардың қалған институттары  мен ақ  нәсілді қоғамның 

арасындағы  үйлесімсіздіктерге  назар  аударуы  мүмкін.  Конфликт 

теориясының  өкілдері  ақ  нәсілділердің  үндістерді  зорлықтың  кү- 

шімен,  жүйелі  түрде  мәдениеттерінен,  тіршілік  етіп,  нәпақа  табу 

мумкіндіктерінен айырып,  олардың қоғамын қалай күл-талқан ет- 

кеніне баса көңіл бөледі. Дегенмен екі тарап та үндістердің кедейлік 

салдарынан қырылғанын мойындайды.  Нәтижесінде,  екі жақ  өкіл- 

дері  үндістерді  жұмыспен  толық  қамту  үшін  олардың  экономика- 

лык;  және  қоғамдық  институттарына  өзгеріс  енгізіп,  екінші  жағы- 

нан,  олардың  мәдениетін  дамытып,  қадір-қасиетін  арттыру  керек 

деген тоқтамға келген.



126

4 -ТА РАУ

Алкоголь  не  есірткіні  шектен  тыс  пайдалануға  қарсы  күрес 

көбінесе  қызылша  дертімен  күреске  ұқсайды.  Дертке  шалдыққан 

адамды емдеу арқылы проблеманы түбірімен жоя алмаймыз, әу бас- 

тағы  себептерге  тосқауыл  қою  керек.  Араққа  салыну  тегіс  қоғамға 

індет  болып  жайылса  бүкіл  қоғам  деңгейінде  алдын  алған  жөн. 

Адамдарды арақ пен есірткіге үйір болудан тыятын себептер болуы 

үшін  мәртебелер,  рөлдер  және  институттар  қайта  қалпына  келтірі- 

луі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет