Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет369/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   870
Халықаралық деңгейдегі 

теңсіздік

Теңсіздік мемлекеттер арасында, сондай-ақ мемлекеттердің ішінде де 

кездеседі.  Алдағы  тарауда  дүниежүзі  аймақтарындағы  теңсіздіктің 

табиғатын,  себептерін және  зардабын  қарастырамыз.  Мүнда  АҚШ-та 

орнаған теңсіздік мәселесіне баса назар аударылған.

Халықаралық деңгейдегі теңсіздіктің үдайы өсуі -  әлемдік шеңберде 

танылған жайт.  Мысалы,  АҚШ-та жан  басына  шаққандағы жалпы үлт- 

тық табыс 47 094 АҚШ долларын құрайды, ал Сьерра-Леонеде -  809 АҚШ 

доллары ғана (БҰҰ-ның даму бағдарламасы, 2011). Америка Қүрама Штат- 

тарында орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 80 жыл, Сьерра-Леоне­

де  -  48  жыл  ғана.  Жаппай теңсіздік  құбылысы табыс  пен  денсаулыққа 

ғана  емес,  сонымен  қатар  қауіпсіздік  пен  әділеттілікке  де  тән  болып, 

қазіргі халықаралық қатынастардың қозтаушы күшіне айналды.

Жаппай  теңсіздік  саяси  тұрақсыздыққа,  салауатты  және  ба- 

қытты  өмір  сүру  мүмкіндігін  әділетсіз  теңсіздікке  әкеп  соқтырады. 

Сондықтан  эр  мемлекет  бай  болсын,  кедей  болсын,  халықаралық 

деңгейде  теңсіздікті  бәсеңдетуді  қолдайды.  Олай  болса,  ең  тиімді 

де түбегейлі өзгерістер әкелетін жол -  даму жолы. Даму -  қоғамның 

еңбек  өнімділігін  жетілдіру  және  өмір  сүру  сапасын  жоғарылату 

процесі;  ол  өмір  сүру  ұзақтығына,  өмір  сүруге  қажетті  материал- 

дық  игіліктердің  болуына,  білім  алу  саласының  кеңеюіне,  тұрғын 

уй  құрылысының  жақсаруына  және  тұтыну  тауарларының  сапасы 

артуына  септігін тигізеді. Бірақ даму нақты болжамды, бір  бағытты 

процесс емес. Мәселен, Корея Республикасы (көбінесе Оңтүстік Корея 

деп аталады) сияқты кейбір елдер басқаларымен салыстырғанда қар- 

қынды  дамып  келеді.  Ресей  мен  Аргентина  секілді  мемлекеттер  уа- 

қыт өте келе дамуы төмендеген немесе көп жылдар бойы өзгермеген 

мемлекеттерге айналды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет