Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



Pdf көрінісі
бет82/870
Дата07.01.2022
өлшемі30,13 Mb.
#17398
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   870
Карл Маркс (1818-1883)

Карл Маркс (1818-1883)

Карл  Маркс  1818  жылы  Германияда  дүниеге  келген.  Философ,  эконо­

мист және қоғам қайраткері  23  жасында  философия докторы дэреже- 

сін  алды.  Радикалды  көзқарастарына  байланысты  ол  ешқашан  про­

фессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта 

өткізді (Маклеллан, 2006).

Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. За- 

мандастарының  көбінен  айырмашылығы  -   ол  кедейлікті  табиғи  қү- 

былыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол 

кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың 

мүдделерін  қорғайтын  жүйенің  адамдарға  келтірген  зияны  ретінде 

қарастырды.  Нәтижесінде,  өзінің  күш-жігерін  сол  жүйені  түсінуге 

және  жоюға  арнады.  Маркстың  идеяларының  басым  бөлігі  әлеумет- 

танушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек 

қызықтырды.  Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік 

конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді қүбылыстардың маңызына 

әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.

Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі -  оның 

экономикалық  жүйесі  деген  сенімде  болды.  Оның  пайымдауынша, 

бұл  жүйе  барлық әлеуметтік және  саяси  құрылымдардың негізін құ- 

райды.  Мысалы,  дәстүрлі  ауылшаруашылық  қоғамдарында  әдетте 

қожайын басты экономикалық ресурс -  жерге ие болады. Нәтижесінде, 

әйелінің күйеуіне қарсы шығуға  құқығы жоқ, ал балалары әкесі жар 

таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақкөтере алмайды.

Маркс  мұраға  таласудың  әулеттегі  жанжалға  негіз  болатыны 

сияқты,  бәсеке де  қоғамның экономикалық топтары  арасында конф­

ликт  тудырады  деп  санады.  Сол  замандағы  ғалымдардың  басым 

көпшілігі қоғам бірқалыпты әрекет етеді, ал әлеуметтік өзгеріс бола 

қалған  жағдайда  баяу  және  бейбіт  түрде  дамиды  деп  пайымдады. 

Маркс,  керісінше,  әлеуметтік  өзгерістерді  экономикалық  мүдделе- 

рі  қарсы  келген  топтардың  арасындағы  конфликтің  нәтижесі  деп 

санады.  Шын мәнінде,  қоғам  қайраткері және  ғалым  ретінде  Маркс 

конфликтерді  өршітуден  және  байларды  әлсіретіп,  жүмысшыларға






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   870




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет