105
олардың денесінің дамуы тӛмендеп, конституциясы толық жетілмейді және кейде
ҧмалары жалпы қынаптық қабық қуысына тҥсіп орналаспайды. Есек пен қашырды
3—4 жасында пішуге болады. Қазақстанның оңтҥстік аймақтарында бордақылауға
арналған бҧқаларды кӛбінесе пішпейді, себебі олар тез жетіліп 1,5 – 2 жылда 400 кг
дейін салмақ жинайды. Республикамыздың солтҥстігінде бҧқалар кешірек жетіледі,
сол себептен оларды кейінірек пішкен дҧрыс болады. Тәжірибе деректері мен ауыл
шаруашылық мамандардың байқауы бойынша, оларды 6 ай мерзімінде емес, одан
кешірек яғни органимзнің толық қалыптасуынына байланысты, 1 жастан асқан
кезінде пішу қолайлы болып саналады, сол мерзімде мал бордақыланып, қажетті
салмақ қосады. Жҧмысқа пайдаланатын бҧқаны 1 жылдан кейін операция жасау
арқылы пішеді. Ал етке сойылатын малды пішудің қажеті жоқ.
Еркек тоқты және лақты 5 - 6 айынан, одан да ересек жастарында пішуге
болады. Тек текелерді союға дейін 4 – 5 айдан кешіктірмей, ал қабанды сойғанға
дейін 3 – 4 ай қалғанда пішкен дҧрыс болады, себебі олардың етіндегі жағымсыз
иіс сақталады. Еркек тоқтыны қандай тәсілмен болмасын ерте пішсе, оның жетілуі
және организмнің ауруға тӛзімділігі тӛмен болады. Қабандарды жалпы 1 жылдан
асырмай етке сояды. Тҥйеге 2,5-3 жасында операция жасайды. Бҧғыларды 10-12
айында, ҥй қояндарының 1,5-2,5 айында пішеді.
Ірі малды пішу алдында азықтандырмай, ал операция алдында оның ішегін
тазартады. Айғырды операция қарсаңында ішкі шаптық сақинасын ректальды
зерттейді; себебі олардың мӛлшеріне байланысты пішу тәсілі анықталады. Егер
шаптық сақиналарға саусақтың ҥш ҧшын енгізуге болса, онда айғырды жабық
тәсілмен пішеді.
Еркек малды пішу әдістерінің жалпы сипаттамасы. Еркек малды пішу тәсілі
сан алуан. Бірақ оларды негізгі - қанды және қансыз (перкутарлық) деп екі тәсілге
біріктіруге болады. Бҧл тәсілдерді пайдалану және жҥзеге асыру операция
жасалатын малға, шаруашылықтың жағдайына, ветерина-риялық маманның
шеберлігіне, операцияның мақсатына, операция аймағын-дағы патологиялық
ӛзгерістерге және қолданылатын қҧралдардың ерекше-ліктеріне байланысты
болады.
Малды қанды әдіспен пішу кең таралған және жиі қолданылады; ондайда
ашық және жабық тәсілдерді қолдану арқылы кӛбінесе енді және қосалқыны толық
алып тастайды. Ашық тәсіл кезінде жалпы қынаптың қабын жарып ҧманы ашады,
оны қосалқысымен бірге алып тастайды. Жабық тәсілде жалпы қынаптық қабықты
кеспейді, ен мен қосалқыны, оларды жабатын жалпы қынаптық қабықпен бірге
тіліп алады.
Жыныс бездерінің элементтерін жартылай жоюдың негізгі мақсаты – шәуіттің
бӛліндісін тоқтау және еркектік жыныс гормонын ӛңдіруді сақтау болып табылады.
Қанға бӛлініп шығатын жыныстық гормон малдың ҥйлесті дамуы қалыптасады
және ҧрықтандыруға қабілеттілікті тоқтатады. Бҧл тәсілді толық пішу әдісі ретінде
есептеуге болмайды. Оны кӛбінде стерилдеу деп атаған дҧрыс болады. Олардың
ішінде ең кӛп таралғаны келесі 2 тәсіл:
а) еннің тек қана паренхимасын жою (экспрессиялық пішу), оның болбыр
ҧлпасының негіздері және
қосалқысы сақталады;
б) еннің қосалқысы қҧйрықтарының резекциясы - операцияны кейде қой мен
ӛгізшеге жасайды.
106
Қансыз пішу әдісі немесе перкутарлық пішу – ӛнімді малға ең кӛп қолданатын
пішудің тҥрі. Ол негізі екі дербес тәсілден тҧрады: ен бауының бҥтіндігін
перкутарлық бҧзу немесе еннің ӛзін бҧзу.
Ен бауының бҥтіндігін перкутарлық бҧзудың негізі әдістері:
а) ен бауының ҧма мойыны аумағында, терісінің сыртынан, арнайы қысқыш
арқылы перкутарлық әдіспен мыжып жаншу немесе ҥзу арқылы. Ен бауын мыжып
жаншығанда еннің қоректенуі бҧзылып, ол кейінен семеді.
б) эластрация – ен бауына икемді етіп резеңке сақина салып қысады, бҧл
жағдайда ен ҧма мен бірге толық некрозға ҧшырап денеден бӛлінеді.
в) жасанды крипторхизм жасау - енді қынаптық канал қуысына итеріп енгізеді
және ол қайтадан шықпау ҥшін ҧманың тӛменгі бӛлігіне икемдеп сақина салып
бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: