Бағдарламасы «Биологиялық қауіпсіздік»



Pdf көрінісі
бет139/171
Дата11.05.2022
өлшемі1,94 Mb.
#34053
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171
     
 Жұқпалы  аурулар.  Инфекция  (кейінгі  латын  тілінде  infectio  –  жҧғу,  латынша  –  infectio  – 
зиянды  бірдеңені  енгіземін,  жҧқтырамын),  дененің  жҧқтырған  жағдайы;  жануарлар  денесі  мен 
індет  қоздырғышы  ӛзара  әрекет  еткенде  пайда  болған  кешенді  бірітіндеп  дамыған  биологиялық 
реакция.  Бҧл  ӛзара  әрекеттің  барысын  инфекциялық  ҥрдіс  дейді.  Инфекцияның  бірнеше  тҥрін 
айырады. Инфекцияның кӛрінетін тҥрін клиникалық кӛрінісі бар (ашық инфекция) инфекциялық 
ауру.  Инфекцияның  кӛрінбейтін  тҥрін  клиникалық  кӛрінісі  жоқ  жасырын  (белгісіз,  латентті, 
инаппаратты)  инфекциялық  ауру  дейді.  Инфекцияның  кӛрінбеуі  иммунитет  ӛндірілуден  болуы 
мҥмкін,  иммунденген  субинфекцияларда  солай  болады.  Инфекцияның  ӛзінше  бір  тҥрі  бҧрынғы 
ауруына байланысты емес – микробты алып жҥруі. 
 
Инфекцияның  шығуы  және  дамуы  арнай  қоздырғыштің  болуына  (зардапты 
микроорганизнің  болуы),  оның  бейім  жануарға  ену  мҥмкіндігіне,  микро-  және  макроорганизің 
ӛзара  қатынасына  әсер  ететін  ішкі  және  сыртқы  ортаның  жағдайына  байланысты.  Ӛзіне  тән 
зардапты  микробтардың  инфекция  туғызу  қасиеті  –  тҧрақты,  ата  тектік  бекітілген  тҥрлік  белгі. 
Шартты  зардапты  микробтар  селбес  ретінде  кӛбіне  жануарлардың  денесінде  мекендейді  және 
иесінің тӛзімділгі тӛмендегенде ғана инфекция туғызады. Зардапты микробтардың кейбір тҥрлері 
кӛптеген жануарлар тҥрінде тоғышарлық  етеді, басқалары  – тек бір жануар тҥрінде ғана. Кейбір 


142 
 
микробтарда  ҧлпалық  тропизм  жақсы  кӛрінеді.  Зардапты  микробтардың  әр  қайсысы  белгілі  бір 
ауруды  шықыра  алады  (әрекеттің  ӛзіне  тәнділігі).  Инфекцияның  кӛрінуі  инфекция 
қоздырғышының нақты штаммының зардаптылық деңгейіне байланысты, былайша айтқанда оның 
уыттылығына байланысты,ол у бӛлушілік (у ӛндіру мҥмкіндігі) және инвазиялық (микробтардың 
денеге  бойлау  және  онда  таралу  қасиеті)  қасиетімен  кӛрсетіледі.  Қоздырғыштардың  сипатына 
байланысты бактериалды, вирусты, саңырауқҧлақты және басқада инфекция деп бӛледі. Зардапты 
микробтың  жануарлар  денесіне  ену  жолын  есіктер  деп  атайды.  Инфекция  есектері  болып  тері, 
қасаң  қабақ,  ас  қорыту  және  тыныс  алу  жолдарының  кілейгей  қабықтары  бола  алады.  Кейбір 
микробтар  ӛздерінің  зардапты  әсерін  тек  белгіл  бір  жолмен  енгенде  ғана  кӛрсете  алады.  Мысал, 
қҧтырық  вирусы  тек  тері  жарақаты  және  кілегей  қабығы  жарақаты  арқылы  енгенде  ғана  ауру 
туғыза  алады.  Кӛптеген  микробтар  денеге  әр  тҥрлі  жолдармен  енуге  бейімделген. 
Қоздырғыштарды  беру  тетігіне  байланысты  алиментарлы  (азықтық),  тыныс  жолдарының 
(аэрогендік,  оның  ішінде  шыңдық  және  әуе-тамшылық  бар),  жарақаттық,  трансмиссивтәк  және 
жанасулық  инфекциялар  деп  бӛледі.  Егер  денеге  микробтың  ену  жолы  анықталмған  болса,  онда 
ондай инфекцияны криптогенді инфекция деп атайды. Кейде зардапты микробтар алдымен енген 
жерінде  ғана  кӛбееді,  ол  жерде    қабыну  ҥрдісін  шақырады  (алғашқы  әсер).  Егер  қабыну  және 
азғындау  ӛзгерістері  шектелген  тілімде,  қоздырғыштың  шектелген  жерінде,  дамыса,  онда 
инфекцияны  ошақтық  (жергілікті  )инфекция деп  атайды,  ал  микробтар  бір  облысты  бақылайтын 
сӛл  тҥйіндерінде  кідірсе,  -  онда  ондай  инфекцияны  аймақтық  инфекция  деп  атайды. 
Микробтардың  денеде  таралуы  кезінде  ошарланған  инфекция  дамиды.  Микробтардың  алқашқы 
ошақтан қан арнасына енуін, бірақ олардың кӛбеймеуін, тек әр тҥрлі  мҥшелерге тасымалдануын 
бактериемия  деп  атайды.  Бір  қатар  ауруларда  (топалаң,  пастереллездар  және  басқалары) 
септицемия дамиды: микробтар қанда кӛбейіп және барлық мҥшелерге және ҧлпаларға енеді, онда 
олар қабыну және азғындау ҥрдістерін шықарады. Егер қоздырғыш алғашқы ошақтан лимфа және 
қан  жолдарымен  тарап,  әр  тҥрлі  мҥшелерде  екінші  іріңді  ошақ  туғызса  (ошарлану),  онда  оны 
пиемия  деп  атайды.  Септицемия  және  пиемия  қҧбылыстарының  ҥйлесуін  септикопиемия  деп 
атайды.  Қоздырғыштар  енген  жерінде  кӛбейіп,  ал  зардапты  олардың  экзотоксиндері  кӛрсетсе, 
онда мҧндай жағдайды токсемия деп атайды (сіреспеде солай болады). 
Инфекция табиғи және тәжірибелі болуы мҥмкін. Табиғи инфекция табиғи жағдайда нақты 
зардапты микроорганизмге тән берілу тетіктері іске асқанда немесе жануар денесінде мекендейтін 
шартты  зардапты  микроорганизмдер  белсенділік  кӛрсеткенде  (эндогенді  инфекция  немесе 
аутинфекция) пайда болады. Егер арнаулы қоздырғыш сыртқы ортадан енсе, онда оны экзогенді 
инфекция дейді. Бір қоздырғышпен шақырылған инфекцияны жай (моноинфекция) инфекция деп 
атайды, ал денеге енген микробтардың қҧрамдасымен шақырылған болса, онда мҧндай инфекцяны 
қҧрамдас  инфекция  деп  атайды.  Мҧндай  жағдайда  кейде  қосарластық  кӛрінеді  –  бір  микробтың 
екінші  микробтың  әсерінен  зардаптылығының  кҥшеюі.  Екі  ауру  бір  мезгілде  ӛтсе  (мысал, 
туберкулез  және  бруцеллез)  онда  мҧндй  инфекцияны  аралас  инфекция  деп  атайды.  Қосалқы 
инфекция дегенде белгілі, ол шартты зардапты микробтардың белсенділігі артқан кезінде, әуелгі 
инфекцияға  қосылғанда  пайда  болады.  Егер  жануар  инфекциямен  ауырып  болып  және 
қоздырғыштан  тазарса,  одан  кейін  барып  сол  инфекцияны  қайта  жҧқтырса,  ондай  ондай 
инфекцияны  реинфекция  деп  атайды.  Оның  пайда  болу  жағдайы  –  дәл  сол  қоздырғышқа 
шалдыққыштықтың  сақталынуы.  Суперинфекция  дегенді  атап  ӛтеді  –  ауырып  жатқан  жануарға 
сол зардапты микробтың қайтадан екінші рет залалдауы. Клиникалық сауыққаннан кейін сол ауру 
белгілерінің  қайта  кӛрінуін  рецидив  деп  атайды.  Ол  жануар  денесінің  тӛзімділігінің 
нашарлағанында және  денеде қалған  ауру қоздырғышының белсенділігі артқаннан пайдаболады. 
Аурудың  қайталануы  мықты  иммунитет  қҧрылмайтын  ауруларда  кездеседі  (мысал,  жылқының 
жҧқпалы анемиясы). 
Жануарлардың  жұқпалы  аурулары,  жануарлар  денесінде  тоғышарлық  етуге  біртіндеп 
бейімделген  микроорганизмдер  шықарған  аурулар.  Басқа  жануарға  беру  қабілеттілігімен,  даму 
сатылығымен, макроорганизмнің арнайы реакциясымен (антител қҧралуы, аллергия), және, әдетте, 
ауырғаннан соң иммунитет ӛндіруімен сипатталады. Жануарлардың кӛптеген жҧқпалы аурулары 
адамға  қатер  туғызады.  Жҧқпалы  аурулар    –    инфекцияның  бір  кӛрінісі.  Жҧқпалы  аурулар  ҥлен 
экономиялық шығын келтіреді: жануарлардың ӛлімінен, олардың ӛнімінің тӛмендеуінен, адын алу 
және  кҥресу  шараларына  жҧмсалған  шығындарымен.  Ауыл  шаруашылық  және    жабайы 


143 
 
жануарларының  таралу  аумағының  барлық  дерлігінде  жҧқпалы  аурулар  тіркеледі.  Алайда,  оның 
нозологиялық  қыры  жануарлардың  жҧқпалы  ауруларын  уақытта  және  кеңістікте  таралуын 
анықтайтын табиғи-шаруашылық әр алуан тҥрлікке байланысты едәуір ӛзгереді. Сыртқы ортаның 
микроорганизмдер  мен  жануарлардың  топтарының  ӛзара  әрекетіне  әсері  індеттік  аурулардың 
географиялық  таралуына  және  нақты  аумақта  індеттік  ҥрдістің  ҥдемелілігінде  шешуші  себеб 
болады.  Мысал,  қоздырғышты  беру  тетігі  трансмиссивті  сипатта  болатын  індеттік  аурудың 
нозоареалы,  тасымалдаушының  таралуымен  анықталады.  Індеттік  аурулардың  және  індеттік 
ҥрістің кезеңдік және мерзімдік кӛрінуі қоздырғышты беру тетгінің белсенділігіне байланысты. Ал 
ол  ӛз  кезегінде  табиғат  жағдайымен  және  адамның  шауашылық  ісімен  анықталатын  сыртқы 
ортаның  ӛзгеруіне  байланысты.  Індеттік  аурулардың  шығуы  және  оның  таралу  ҥдемелілігі 
олардың  ауруға  бейімділігін  анықтайтын  кӛптеген  себебтерге:  тҧқым  қуалаушылық,  мал 
тҧқымына,  жануардың  жасына  және  физиологиялық  жағдайына  байланысты.  Жануарлардың 
індеттік ауруларының жіктелінуі қоздырғыштардың таксономиясына, індеттік аурулардың ӛтуіне, 
жануарлар  денесіне  қоздырғышардың  ену  жолдарына  негізделінеді;  індеттік  аурулар,  сондай-ақ 
жануарлардың тҥрлік және жастық тобы бойынша бӛлінеді. Індеттік аурулардың жҥйесі бар, оған 
сәйкес барлық  жҧқпалы аурулар 3 топқа бӛлінген: ктеноноздар  – ауру қоздырғыштары кӛзі  – ҥй 
тҥліктері;  ктенотерионоздар  –  ауру  қоздырғыштары  кӛзі  –  ҥй  немесе  жабайы  жануарлары; 
терионоздар  – ауру қоздырғыштары кӛзі – жабайы жануарлар. 
Індеттік  аурулардың  негізгі  даму  жағдайы  –  бейім  жануарлар  денесінде  зардапты 
микробтардың  кӛбеюі.  Індеттік  аурудың  клиникалық  кӛрінуі  қоздырғыштың  орналасқан  жеріне 
және  оның  әсер  ету  сипатына  байланысты.  Барлық  індетік  ауруларға  кезеңдік  даму  тән: 
инкубациялық  немесе  жасырын  кезең;  алдын  ала  белгі  кезеңі  (продромалді  кезең),  арнайы  емес 
белгілермен сипатталады (қызбалау, кҥйзелу, тәбет жоғалу); аурудың кӛріну кезеңі, әр ауруға тән 
клиникалық  белгілерінің  кӛрінуімен  сипатталады;  ӛшу  кезеңі  (патологиялық  ҥрдіс  ҥдемелігінің 
тӛмендеуі,  клиникалық  белгілердің  ӛшуі);  сауығу  кезеңі  (реконвалесценция).  Бҧл  кезеңдердің 
ҧзақтылығы әр жҧқпалы аурудың ӛзіне тән. Жҧқпалы аурулардың барысы ӛте жіті (жай оғындай), 
жіті,  жітілеу,  созылмалы  және  аборттық  болуы  мҥмкін.  Жҧқпалы  аурулардың  қалпы  –  типті 
(ауруға  тән)  және  атипті  (ауруға  тән  емес).  Жҧқпалы  аурулардың  жекеленген  ерекше  белгілері 
болуы мҥмкін, ол бірқатар экзогенді және эндогенді себебтерге байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет