41
3 Ғаламтор- ғылыми-техникалық ақпараттар кӛзі
4. Ғылыми мәліметтер кӛздерін зерттеу реті
Ақпарат кӛзі - кез келген ақпаратты қамтитын қҧжат.
Қҧжаттарға ғылыми ақпараттың негізгі кӛзі болып табылатын тҥрлі басылымдар
жатады.
Басылым – ақпараттарды таратуға арналған, редакциялық-басылым ӛңдеуінен
ӛткен, полиграфиялық рәсімделген, шығу мәліметтері бар құжат.
Ғылыми ақпарат кӛздері - жарияланбаған қҧжаттар: диссертациялар, сақтауға
арналған қолжазбалар, ғылыми-зерттеу жҧмыстары туралы есептер, ғылыми
аудармалар, шолу және талдау материалдары. Басылымдардан айырмашылығы, бҧл
қҧжаттар кең және қайталанған қолдануға арналмаған, қолжазбалар тҥрінде немесе
теру немесе компьютерлер арқылы шағын кӛшірмелерде шығарылады.
Ғылыми ақпараттардың барлық қҧжаттық кӛздері бастапқы және екінші болып
бӛлінеді.
Алғашқы қҧжатқа бастапқы ақпараттар, ғылыми зерттеулердің нәтижелері
(монография, ғылыми еңбек жинағы, диссертация авторефераты және т.б.) енеді, ал
екінші қҧжат алғашқы қҧжаттарды (анықтамалар, ақпараттар, библиографиялық
және басқа да ҧқсас басылымдар) талдау және логикалық ӛңдеу нәтижелері болып
табылады.
Жарияланымдар әртҥрлі негіздер бойынша жіктеледі:
- мақсаттағы бағыт бойынша (ремси, ғылыми, оқу, анықтама т.б.);
- ӛңдеу дәрежесі бойынша ақпараттың аналитикалық-синтетикалық (ақпараттық,
библиографиялық, реферат, шолу);
- материалдық конструкция бойынша (кітап, журнал, парақ, газет тҥрлері және т.б.);
- ақпараттың белгісі бойынша (мәтіндік, музыкалық, картографиялық);
- кӛлемі бойынша (кітап, брошюра, листовка );
- периодикалық бойынша (қайта басылмайтын, сериялық, периодикалық, жалғасы
бар);
- негізгі мәтіннің қҧрамы бойынша (монобасылым, жинақ);
- қҧрылымы бойынша (серия, бір томдық, кӛп томдық, шығарма жиынтығы,
таңдалмалы шығарма).
Ғылыми зерттеулер ҥшін аса қызығушылық танытатын басылымда ғылыми-
зерттеу жҧмыстары жайлы ақпараттар енеді. Олар ғылыми, оқу, анықтамалар және
ақпараттық басылымдар.
Достарыңызбен бөлісу: