Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
Үдеудің сыры – бірлікте,
Жүдеудің сыры – алауыздықта.
Бабаларымыз  тірі  болу  үшін  бір  болса,  біз  əрдайым  ірі 
болу үшін бір болуымыз керек», – деген жолдарды тебірен-
бей оқу мүмкін емес.
Əңгіме ауаны тарихи Жолдаудың идеологиялық мығым-
дығына қарай ойысқандықтан, ойымызды шегіне дейін ше-


252
гелей  жеткізуді  жөн  көрдік.  Біздіңше, «2050 стратегиясы-
ның»  алдыңғы «2030 стратегиясынан»  басты  айырмашы-
лығы да, артықшылығы да осында. Оның табиғи заңдылығы 
да жоқ емес. Бұдан 15 жыл бұрын тəй-тəй басқан Тəуелсіз 
Қазақстанның  экономикалық  қуаты  тым  əлсіз  болатын. 
Ел  алдында  халықтың  əл-ауқатын  көтеру  міндеті  тұрды. 
Сондықтан  бірінші  орынға  экономикалық  мүдде  шықты. 
Идеологиялық  мəселелер  кейінге  шегерілді.  Қазіргі  Қазақ-
стан  жағдайы  мүлде  бөлек.  Ел  экономикасы  қарқынды  да-
мып, халқымыздың тұрмысы көш ілгері түзелді. Оны ешкім 
жоққа шығара алмайды. Бірақ тек материалды байлық адам-
дарды бақытты ете алмайтынын өмір көрсетіп берді. Ендігі 
жетіспейтіні – рухани байлық. «2050 стратегиясы» осы ол-
қылықтың  орнын  толтыру  жолын  айқындауымен  де  аса 
бағалы. Жолдаудың «Ұлттық интеллигенцияның рөлі» атты 
бесінші бөліміндегі Елбасының: «Біз мемлекеттігіміздің ру-
хани  мəселелер  экономикалық,  материалдық  мəселелерден 
ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз», – 
деп тұжырым жасауы – сөзіміздің жаны бар екенінің нақты 
дəлелі. 
Осы орайда, Жолдауда ұлт зиялыларына айрықша маңыз 
беріліп,  ерен  жауапкершілік  жүгін  арқалатып  отырғаны  да 
көңіл  төрінен  орын  иемденгенін  жасырғымыз  келмейді. 
Өйткені,  Елбасы  дəл  айтқандай, «Рухани  дамуда  негізгі 
рөлге  əрқашан  интеллигенция  ие».  Сондықтан  да, «интел-
лигенция  қалыптасқан  мемлекет  кезеңінде  жалпыұлттық 
құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек». 
Жалпыұлттық  құндылықтар  дегенде,  ең  алдымен,  ұлт 
зиялыларының  көңілін  мемлекеттік  тіл  мəртебесіне  ие  ана 
тіліміздің  жадау  жағдайы  алаңдататынын  еш  жасыра  ал-
маймыз.  Жолдауда  бұл  мəселе  бойынша  да  көңілге  медет 
боларлық бағыт-бағдар айқындалып, нақты тапсырмалардың 
берілуі жанымызға жаққанын айтуға тиістіміз. 
«Қазақ  тілі – біздің  рухани  негізіміз.  Біздің  міндеті-
міз – оны  барлық  салада  белсенді  пайдалана  отырып  да-
мыту, – деген тұжырымды алдымызға тартқан Елбасы оны 
жүзеге асырудың жолдарын да нақты айқындап береді. – Біз 


253
2025  жылдан  бастап  əліпбиімізді  латын  қарпіне  көшіруге 
кірісуіміз  керек.  Бұл – ұлт  болып  шешуге  тиіс  принципті 
мəселе.  Балаларымыздың  болашағы  үшін  осындай  шешім 
қабылдауға  тиіспіз  жəне  бұл  əлеммен  бірлесе  түсуімізге, 
балаларымыздың  ағылшын  тілі  мен  интернет  тілін  жетік 
игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғы-
зады». 
Расында да, жазуымызды латын қарпіне көшіру қажетті-
гі əбден пісіп-жетілгенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ол, 
ең  əуелі,  тіліміздің  айрықша  дыбысталу  жүйесін  қалпына 
келтіру  үшін  ауадай  қажет.  Екіншіден,  түбі  бір  түркі  жұр-
тымен  бірлігімізді  арттыру  үшін  аса  маңызды.  Ендеше 
осы  қажеттіліктерді  ескере  отырып,  жаңа  жазуға  көшу  ту-
ралы  дау-дамайды  доғарып,  ана  тілімізге  шақтап  əліпби 
жасақтап,  күн  құрғатпай  оны  мемлекеттік  құзырлы  комис-
сия деңгейінде бекітіп, нақты іске кіріскеніміз құба-құп бо-
лар еді. 
Осылайша, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», 
есі  кіріп,  етегін  жапқан  жұрт  екенімізді  танытып,  ауыз-
біршілігімізді арттырып, бір жұдырық болып жұмыла кіріс-
сек  қана  ісіміз  ілгері  басатынын  есте  ұстағанымыз  жөн 
шығар. Сонда ғана Жолдауда айқындалған: «Қазақстанның 
болашағы – қазақ  тілінде.  Қазақ  тілі 2025 жылға  қарай 
өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада 
күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай Тəуелсіздігіміз 
бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған 
тіліміздің  мерейін  үстем  ете  түседі», – деген  ұлт  мұраты 
жүзеге асарына сеніміміз мол. 
«Тілге  деген  көзқарас,  шындап  келгенде,  елге  деген 
көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. 
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі 
мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ 
мемлекеті  деп  атайтын  боламыз», – деген  жолдар «2050 
стратегиясының» тарихи маңызын айшықтай түсері даусыз.
Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне  келгенде,  Алаш 
көсемсөзін  зерттеуші  ретінде  байқағаным,  Алаш  идеясы 
мен Елбасы Жолдауы арасындағы тарихи сабақтастыққа көз 


254
жеткізгендей  болдым.  Ол – қазақ  жұртын  Мəңгілік  Ел  ету 
идеясы. «Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік 
Ел»  етуді  мұрат  қылдық. «Қазақстан-2050»  стратегиясы 
осынау  мəңгілік  жолдағы  буындар  бірлігінің,  ұрпақтар 
сабақтастығының көрінісі. Тəуелсіз елді өз қолымен құрған 
буыннан  басталған  ұлы  істерді  кейінгі  ұрпақтың  лайық-
ты жалғастыратынына кəміл сенемін. Бабаларымыздың ер-
лігі,  бүгінгі  буынның  ерен  істері  жəне  жас  ұрпақтың  жа-
сампаздығы арасында сабақтастық болса ғана біз Мəңгілік 
Ел боламыз.
Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болары-
на  сенемін.  Қазақстан  халқы  ұлы  тарихтың  иесі  атануға 
лайық. 
Аңсарлы азаттығымыз бен тəу етер тəуелсіздігіміз баян-
ды болсын! Мəңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа 
дəуірлерге  жол  ашсын!» – деп,  тарихи  Жолдауы  арқылы 
төрткүл дүниеге паш еткен Елбасы тұжырымы соның айқын 
айғағы.
«Егемен Қазақстан» газеті, 
2013 жылдың 2-наурызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет