Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет113/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130
ШАЛУ
«Ах, как любит Амре степь, 
как любит степь!»
Николай АНОВ
Аңызақ. Жел бір әнге салатындай.
Ақша бұлт жерге қона қалатындай.
Бет алған елге қарай үш аттыны
Тартады қойнауына дала тынбай.
Тұяқтар сүрлеу жолдың тасын түртіп,
Шыбындап ат келеді басын сілкіп.
Семей мен Семейтаудың екі арасы
Сағымнан сары майдай жатыр кілкіп.
Әміре – торы ат мінген ортадағы.
Әнменен қысқаруда жол танабы.
Мұқатай, Қажығожа – жас әншілер,
Ағаның қасына ерген зор талабы.
Аңсайды туған жерді жаны қатты,
Көңілде көп күндердің табы қапты.
Әміре айналаны көзбен шолып,
Тәукенің «Ел қайдасын» аңыратты.
Мұқырдың бойы мынау. Баяғыда,
Әкесін қатігез бай аяды ма?
Жетейік ең болмаса қалаға деп,
Шешесі жығылса да аяғына.
Доғарып жандайшабы атты алды кеп,
«Сендерге көрсетеміз қашқанды» деп.
Қалаға жаяу жеткен Қашаубайдың
Намысы осы жерде тапталды көп…


437
Ән тауып, аңыз тауып әр асудан,
Өтті олар Қыземшектен, Қарасудан.
Ащысу, Жанан өтіп, Шаған жетті,
Күн батқан, ай аспанда жаңа туған.
Кем емес Шаған маңы жерұйықтан,
Келеді отырғанда шөбі иықтан.
Бұл жердің Әміреге бөтені жоқ,
Мұнда да әнші талай елді ұйытқан.
Тынығып ертең жүрмек болып бұлар,
Тез тапты таныс үйді қонып шығар.
Елдегі жаңалықтың ең бастысы
Мейзекке бармақшы екен тобықтылар.
Аты озып, балуанның асса күші,
Көшпелі қазақтың сол мақтанышы.
Тарақты Сылдырбайдың ауылында
Үлкен бір болады екен ат жарысы.
Сол жерге жиналмақшы әлді, мықты,
Бәйгі аттың бәрін баптап алдырыпты.
Ауылдың той-думанын аңсап келген,
Асығып Әмірелер таңды күтті.
***
Па шіркін, қандай еді Арқа жазы!
Самалы – сыбырлаған қалқа назы.
Жаңбырша көл бетіне кетер жауып,
Аспанның бар аққуы, барша қазы.
Жағасы Борлықақтың жайлау еді,
Жататын шалғынында қайнап елі.
Үрген ит, шапқан тұяқ, аққан бұлақ 
Үнінде – тіршіліктің жайлы әуені.
Жүрегін жусанына байлаулы еткен,
Міне осы, сағындырған жайлау көптен.
Туғаннан Әміреге артық жер жоқ.
Мейзек, Көксеңгір мен Байдәулеттен.
Бұл жерде өз ауылы, өз елі бар,
Ұлына мейірімін төгеді бар.


438
Бір жұтса қымызынан қаталап кеп,
Тілемес одан өзге өзегі нәр.
Дегендей әрбір тасы: «жүрдің қайда?»,
Елесі өткен күннің бұлдырлай ма…
Әміре аңқылдап кеп сәлем берді,
Алдымен ел ағасы Сылдырбайға.
-Бармысың, әнші бауыр, атың мәлім,
Қаланың, жырақ кеттің татып дәмін.
Асықпай аунап-қунап жатарсыңдар,
Мұндағы бәрі өзіңнің жақындарың.
Құрдасым Серік ағаң өткір еді,
Маңдайын тасқа содан көп тіреді.
Қайтесің заман солай кез болған соң,
Даланың дауыл мінез өтті де ері.
Жалғай бер өнерпаздың жақсы атағын,
Шаша бер шұғылаңды, атса таңың.
Елім деп келдің екен, еркіндеп қал,
Қайтарда бізден болсын ат- шапаның.
Бір сәтте жадырап та, мұңданып та,
Сылдырбай басты бірден мырзалыққа.
Сылдырлап, жібермейді сөзден есе,
Тұрмайды сызданып та, ырғалып та.
Жүйрігі алдына ат түсірмеді,
Тамағы жылқы десе ішілмеді.
Атанды Шимай аға, мырза Сылдыр,
Мәрті еді, малдылардың ішіндегі.
Қойғанда басқа өнерін былай тағы,
Ұстайды қыран бүркіт, құмай тазы.
Бір туған Сылдырбай, Сәт – қос арысты,
Даланың көркі емес деп кім айтады?!
Жазира жамылғы етіп тұр сағымды,
Басына бәйге сөре жұрт ағылды.
Қызық деп, болғанынан боладысы,
Қонақтар ат көруге ынта қылды.


439
Жүйріктер келтірді екен бабын қалай,
Сол жаққа жүрелік деп дамылдамай.
Аққасқа тазы итінің Шимай аға
Арқасын сипап қойды адырнадай.
Бәйгеде келіп жүрген алда кілең,
Көкдауыл, Ақбесті мен Ардакүрең,
Көкқасқа, Жайдақкерлер жерді тарпып,
Кермені тұрды керіп салмағымен.
Бір шетте даңқы бөлек Шимайқара,
Көз салар сұлу емес қимай ғана.
«Мақтаған қара аттары осы ма?» – деп,
Біреулер күліп жүрді үйді айнала.
Сылдырбай атбегі ғой кәнігі шын,
Жылқының сыртын емес, танып ішін.
Осы атты бір кедейден сатып алып,
Баптаған, көрсетер деп әлі күшін.
Сайгүлік арба сүйреп зорға жүрген,
Тапқанын шын иесін ол да білген.
Алдынан жүз қырық ат жеке келіп,
Бір жолы сексен сиыр олжа кірген.
Жартысын мырза Сылдыр үлестірді,
Ат жайы талай жерге бір естілді…
Иесін көре сала оқыранып, 
Жарысты бұл жолы да тілеп тұрды.
А, құдай, бұр жеңістің бетін бері!
Аттардың мәре көздеп кекілдері.
Дүбірлеп жөнелгенде жүз сан тұяқ,
Дүрсілі жүректердің секілді еді.
Көңілді ат келгенше демдетуге,
Шықты енді балуандар белдесуге.
Аңдысқан бір-бірімен өңшең алып,
«Кеудеңде жаның болса, кел» десуде.
Түйедей бірі салмақ салып басқан,
Біреуі сілеусіндей шалып қашқан.


440
Шыдатпай ұстасқанды жер қаптырды,
Бір жігіт Бөрлідегі жалықпастан
3
.
Күшіне өнері сай Сымақ осы,
Көзінде қайсарлықтың шырақ – оты.
Арқада қуғын көрген абзал сері
Мәдидің болған екен бұ да досы.
Жайлауда халық солай сауық құрған,
Жиын – той талай елді қауыштырған.
Кей-кейде озғандарға – қалғандарды,
Арлыға – арсыздарды жауықтырған.
Батыстан бір мезгілде шаң келеді,
Ішінен көру қиын әлденені.
Біреулер: «қылаң жоқ» деп күрсінеді,
Біреулер: «баран ғой» деп бәлденеді.
Аршылды шаң ішінен дара қара,
Үстінде шынашақтай қара бала.
Сылдырбай қуаныштан жыламсырап,
Ұмтылды қалың топты жара-мара.
Қара атпа Қамбарата пейіл берді,
Қалған ат ұбақ-шұбақ кейін келді.
Ақтаған шөп пен суын құлыны үшін,
Байдәулет, Бетсу, Мейзек мейірленді.
Ел тұрды: еңсе биік, пішін жайнап,
Қарсы жақ үнсіз қалды тісін қайрап.
Қара аттың күн бермесін біліп кетті,
Тындырмақ болып кетті ісін жайлап.
Орындап Шимайқара ер мұратын,
Тағы бір шығарған соң елдің атын.
Құттықтап Сылдырбайды тұрған көпке,
Әміре өз тобымен келді жақын.
--------------

руды аты


441
Орнынан Шимай аға тұрып барып:
- Халайық ат жүйрігін қызықтадық.
Іздесең таба алмайтын, ортамызға
Келгенін ән жүйрігі, ұмытпалық.
Айтулы Әміре мен Ағашаяқ
Жұртынан көрген емес тамаша аяп.
Шәкірттер соңына ерген ол бір шоғыр,
Шын қызық келді, - деді – жаңа таяп.
Ақшамнан салған әні таңға жетер,
Көрген де, көрмеген де арман етер.
Шынымен, мынау тұрған Әміре ғой,
Ағайын, құлағың тос, қалма бекер.
Әншіге осылай деп халқы ілесті,
Әніне Ағашаяқ салшы десті.
Әміре: «ән иесі өзі отыр» деп, 
Бұзбады әдептілік салтын ескі.
Бір-бірін көруі емес бірінші рет,
Берікбол – Ағашаяқ күлімсіреп,
«Рұқсат, Әмірежан, шырқа – деді, - 
Тыңдаушың отыр екен бүгін тілеп.
Осы әнмен ойға, қырға тарады атың,
Сен ғана түрлендіріп сала аласың.
Кестелеп, өрнектедің, ажар бердің,
Өзіңе осынау ән - аманатым».
Кіші ғой, бөтен ғой деп жасқамаған,
Әміре сабақ алған жақсы ағадан.
Үйреткен Ағашаяқ ән еді деп,
Аузынан қайда жүрсе тастамаған.
Ән қызды кең жайлаудың төсін керней,
Демімен тауды-тасты көшіргендей.
Әміре шырқар ма екен басқа жерде
Дәл осы туған жерде көсілгендей.
Жіберді-ау әлеуметті ән мас қылып,
Әйтпесе қыбыр етпей қалмас тынып.


442
Қолға алып үш ішекті домбырасын,
Әкетті Ағашаяқ жалғастырып.
Берікбол өнерпаздың дүлділі еді,
Әр сөзі, әр қимылы күлдіреді.
Бір сәтте шал-кемпірдің, аң мен құстың 
Дауысын кезек салып үлгіреді.
Түсіріп таңданысқа талай жанды,
Би билеп ат үстінде тағы айналды.
Қайшылап құлақтарын, екі көзі
Алайып екі жаққа қарай қалды.
Бақанды аяғына мінді, кетті,
Үстінен түйелердің ырғып өтті.
Бір өзі Шыңғыстаудың шапитосы
4
Осылай жұрт көңілін бір түлетті.
Жұлқынған әнші жастар тобы кілең,
Үрледі ән көрігін орынымен.
Мұқатай, Қажығожа, Сымақ, Мұса,
Бірі нәзік, ал бірі зор үнімен.
Бас қосты жастар елдің салтына тән,
Ойналды ақсүйек пен алтыбақан.
Кештері сол бір жаздың жылдам өтті,
Жаңбырдай жаудырды әнші халқына ән.
Анасы: «Сұра – дейтін, - тегі, түбін,
Қыздары жақсы дейтін ел ішінің.
Ауылдың бір аруын жаны сүйіп,
Қашты алып, бергеннен соң келісімін.
.
Сұлу қыз, жүйрік жылқы, дана көсем,
Бұл жаздан алған әсер алабөтен
Артына аттанарда бір қараса,
Жазықта қара ат шауып барады екен.
Жұлдызды жаңа заман төксе де нұр,
Бір қауіп сезетіндей өскен өңір.
 4 
шапито – шатырмен жретін көшпелі цирк.


443
Қош енді, сайын дала сахнасы,
Қош енді, қайта келмес көшпелі өмір. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет