Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет34/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130
ЖӘРМЕ?КЕДЕ
Мамыр. Масайраған жан-жануар. Күлімдеген күн 
көкжиектен көтерілген сайын, дүние кемеліне келе түскен 
тәрізді. Қыстың қаһарлы қысымынан босаған қалың ел өзін
бұғаудан босағандай сезінеді, ендігі арманы: жайлау мен 
жәрмеңке.
Мамыр айын жұрт жәрмеңкенің дайындығы деп есептейді. 
Өйткені бұл айда мал семіреді, семіз мал базарлы болады. 
Әркімнің көкейтесті тілегі – осы. Олар қайтсе де «Қоянды» 
жәрмеңкесінен қағажу қалмаулары керек.
Жәрмеңке ашылды. Жиналған халық Тоқбанның даласына 
сыймай, бір шеті «Қарасор» шығып кетті. «Қояндыға» тек 
қазақ елі ғана емес, көршілес елдерден де адамдар келіпті. 
Мәскеу, Ленинград қалаларынан келгендер де бар.
Бір күні «әнші Әміре мен ақын Иса келіпті» деген хабар 
естілді. Елдің іздегені ойын-сауық емес пе, әнші мен ақын 
қоса келді деген соң амандасу үшін солардың түскен үйіне 
қарай жұрт топ-тобымен ағылды. Біреулер «адамның алыбы 
Қажымұқан да келіпті» десіп жатыр.
Әнші мен ақынға амандасып болған соң, «осы бетімізбен 
бәріміз де балуанға барып амандасалық» десіп, енді 
Қажымұқан түскен үйге қарай жөңкілді. Жұрт араларында 
Әміре мен Иса да бар.
Балуан Әміре мен Исаны бұрыннан біледі екен. Әмірені бас 
салып, балаша көтерді. Екі бетінен сүйгеннен кейін барып:
– Аман ба? – деп күж ете түсті. – Ақыным, аманбысың? 


114
– деп ол Исаны да сүйіп жатыр. Иса оған қолын беріп еді, 
саусақтары балуанның алақанының жартысына да жеткен 
жоқ.
Амандасып болған соң әлекедей жаланған жас жігіттер мол 
дастарқанды жайып жіберіп, қымыз құя бастады. Қымызбен 
қоса сауық та басталып кетті. Балуанды, әншіні, ақынды 
көрем деушілер үйге сыймай сыртта тұрды, сырттағылар 
жабықты көтеріп жіберіп, уық арасынан қарады. Кейбіреулер 
кез келген жердің кигізін тілгілеп, кереге көздерінен 
сығалады. Алғашқы әнді Әміре орындады. Ол ақ домбыраны 
қолға алып:
– Аха-... а... а... у! – деп көтерді. Даусы бір минут 
мөлшеріндей, бір сөнбестен қалықтап тұрып алды. Демдерін 
ішке тарта қалған жұрт сәлден соң бар пәрменімен бақырып 
қоя берді:
– Уә... уәй!..
– Өй... пәләй!
Әміре енді сол қолын домбыраның бас пернелеріне таман 
апарып, айтайын деген әнінің қайырмасын ғана тартты да:
– Қыз қайда а... а... а... е... е... я... я... у... енді, сәулем, 
сенен асар, – деп «Алтыбасарға» дүрілдете жөнелді. Әннің 
түрлі ырғақтарын құбылтып, бірде жоғары шалқытып, бірде 
төмен түйілтіп әкелді де: «Әніне бір басайын Алтыбасар», 
– деп аз кідірді. Сөйтті де: «Хала... ла... лай... лау... хала... 
ла... лай... лау» деген ән қайырмасынан бір-ақ шықты. 
Тапжылмай тыңдап отырған жұрт онан әрі тыңдауға төзімі 
жетпей, қызып кетіп, әншіге қосыла жөнелді.
Балуан өзінің оң тізесін баса отырған әншіні айқара бір 
құшақтап сүйді де, тағы да ән айтуын тіледі. Әміре енді «Қос 
барабанды» айтты. Ол тағы да бірнеше ән орындағаннан кейін 
Қажымұқан сол тізесін баса отырған ақынға қарады.
– Ал, Иса, ала қаптың аузын сен ашпайсың ба енді? – 
деді. Сол-ақ екен бағанадан бүйірі қызып отырған ақын 
домбыра тиер-тиместен суырылып ала жөнелді. Иса жай 
сөзден өлеңді жеңіл көретін. Ол қалжыңдасқанда қара сөзбен 
қиыстырып айта алмаған ойын өлеңдетіп айтып жіберетін. 
Сол дағдысымен Қажекеңнің келуін, оны халықтың қарсы 
алуын суреттеп берді. Жәрмеңкеге Майра да келгенін естідік. 
Бәрі «ертеңгі ойын Майраның үйінде өткізілсін» деген сөзге 
тоқтасып, үйді-үйіне тарасты.


115
***
«Қымызшылар қатары» делінетін киіз үйлер тізбегі көше-
көше болып, ат шаптырым жерге ұзыннан-ұзақ созылып 
жатыр. Әр қымызшының үйінде өзінше бір думан-дырду: 
айтылған ән, сыңғырлаған сырнай, күмбірлеген домбыра.
Сәске түс. Аспанда алақандай бұлт жоқ. Шілденің 
шақырайған күні көзіңді ұялтады. Жан иесі көлеңке 
іздегендей. Қымызшы көшелерінің бірімен келе жатырмыз.
Бізді бастап келе жатқан жігіт аппақ жұмыртқадай алты 
қанат ақ үйдің кигіз есігін көтерді. Үйдің іші сәнді екен. Ақ 
көрпе, ақ жастық, ақ шілтермен өрнектелген, әрбір нәрсесі 
кірлі қолмен ұстағысыз.
Ақ жібек бөртпе шәлісін бос жамылған, ат жақты, ақсұр 
келіншек күміс білезіктерін көрсете, ақ білегін сыбана түсіп, 
қымыз сапырып отыр. Келіншектің оң тізесін баса отырған 
Қажымұқан келгендерге «жоғары шық» деп төрді мегзей 
береді.
Есіктен кіріп келген Әміре:
– Майражан, сәлеметсіз бе? – деді. Келіншек шалқар түсте 
шақырайған күн көзіне қараған адамдай екі көзі жасаурап, 
кірпіктері жыпылықтап, қайтерін білмей абыржып қалды.
Әміре қанша әзілқой болғанымен дәл бұл сәтте, ескі 
жараның аузын алмайын дегендей, Әбілмәжінді еске 
түсірмеді. Майраға қалжың айтудың орнына оны іштей 
аяп, шамасы келгенше жанашырлық жасап отырды. Ең 
аяғы ән салғанда да, «шаршап қаласың ғой, Майражан, мен 
айтайыншы» деп біресе домбырамен, біресе гармоньмен ән 
салып, мәжілістің барлық тауқыметін өзі көтеріп алды.
Бұл мәжілісте сол кездегі «Жәрмеңкенің жұлдыздары» 
аталатын күлдіргілерден: Қалибек, Ахмет, Омар, Зәрубай; 
әншілерден: Қали, Қуан, Ғаббас тағы басқалар болды. Әміре 
мен Майра кезектесіп те, қосылып та әннің алуан түрін 
орындағаннан кейін:
– Уа, әншілердің ағасы Кәкеңе беріңдер кезекті, – деген 
дауыстар шықты.
– Дұрыс айтады!
– Кәкеңе беріңдер домбыраны!
Қали – Семей губерниясына аты жайылған ардақты 
әнші. Сол кездегі әншілерден оның жасы да үлкен. Ол бүкіл 


116
қазақтың мақтанышы болып есептелген Жаяу Мұсаның 
алдында да ән салып, сол кісінің сынынан өткен, атақты сал 
Біржанды, әрі ақын, әрі әнші Ақанды көрген адам.
Қали қолына домбыра тиісімен оны құйқылжыта термелеп
тарта жөнелді. Онысы домбыраның құлақ күйі еді.
Орнынан бір қозғалып, оң жақ білегін сыбанды да: «Шамаң 
келсе «Шамаға» сал!» – деп жан-жағына қарап, отырғандарды 
көзімен бір шолып өтті. Қалидың репертуарында өзі сүйіп 
айтатын ең жақсы әні осы «Шама» болатын. Бұл әнді ол кез 
келген жерде айта салмайтын, не бір құрметті адамдар бас 
қосқан мәжілісте, не болмаса бір өнер таластырған ерегістерде 
ғана айтатын. Сондықтан оның «шамаң келсе «Шамаға» сал!» 
деуінде де терең бір мән жатыр.
Енді қашан дегендей, елдің ынтасы құрып, әнді күтіп 
отыр. Әнші тамағын бір кенеп алды да «күн батар... е... е... 
е... е... й!» деп дауысын күндей күркіретіп соза жөнелді. 
Әннің кейбір жерлерінде қарапайым сөйлеп кеткендей 
болып, кейде шалқытып аспандатқандай әсер етті. Әнші 
ауыр денесі алқылдап, алқымы кеуіп, әннің ырғағына жан-
тәнімен біржола берілгендей.
«Шаманы» айтқан соң Кәкең шаршаған болу керек, 
қалтасынан орамалын алып жайлап бетін сүртті. 
– Әнді енді Ғаббас айтсын! – деді көпшілік. Үстінде жұпыны 
ғана киімі бар, қиылған қара мұртты қара жігіт босағаға 
таяу жерде отырған болатын. Жұрт сол жігітті мегзеп, оның 
ортаға келуін сұрады. Сөйтсек, Ғаббас сол екен. Оны әнші деп 
кім ойлаған. Өзінде селт еткен бір желік жоқ, ашуы да жоқ. 
Сабырлы бір маңғаз.
Ғаббас ортаға келіп малдасын құрып отырды, тіпті 
жайбарақат, абдырап сасу дегеннің онда көлеңкесі де жоқ. 
Жайымен домбырасының құлағын өз даусына келтіріп алды 
да, «Қанапияны» айтты. Ғаббастың даусы құлақ тұндыратын 
ащы да емес, дүрілдеген жуан да емес, орта дауыс. Бір 
тамашасы, даусы толқынданып тамылжығанда тамағының 
қоңырауы бар ма деп қаласың. Ол асықпай-саспай ән жүйесін 
жік-жігімен бунақтап, бірде құйылта, бірде шалқыта 
шырқап, аяқ шенінде жайлап қайырып тоқтатты.
– Тағы, тағы! – деді жұртшылық.
– Мен енді әкемнің әндерін айтайын, – деп жауап қайырды 
Ғаббас.


117
Әкесі Айтпай әншілігімен орта жүзге аты шыққан адам 
екен. Сонысы есіне түсіп кетті ме, кім білсін, әкесі айтатын 
«Раушан», «Перизат» дейтін әндepгe салды. Бұл әндерді 
айтқанда елдің аузынан суын ағыза тамылжытты. Осымен 
ол өзінің аса жоғары талғамы бар әнші екендігін көрсетті. 
Ғаббас енді болды дегендей домбырасын қасындағы жігітке 
ұсына бергенде есіктен біреу жүгіріп кірді.
– Ой не боп қалды?
– Шашекең келді!
– Оның кім?
– Қошқарбайдың Шашубайы ше! Түсіп жатыр.
Сөйткенше болмады, «ассалаумағалайком!» – деп қас-
қабағы қылмиған, тышқан көзі жылмиған, бет аузы өз-өзінен 
ойнақшып тұрған, жасы алпыстар шамасындағы бір адам 
кіріп келді үйге. Бұл – өзімен-өзі дойбы ойнап, ұтылып бара 
жатқанда «бас, Шашубай, бас!» деп қыстайтын Шашекең. Ат 
үстінде түрегеліп тұрып, қашып жүріп, гармоньға қосылып 
өлең айтатын Шашекең. Руы Тобықты, Қарқаралы дуанына 
мейлінше аты шыққан адам.
Шашубай шешініп төрге отырды. Танымайтындарға өзінің 
тегін кісі емес екендігін білдірейін дегендей қабағын бірер 
көтеріп қалып еді, басындағы тақиясы біресе желкесіне, 
біресе көзіне түсті.
– Күллі қазақтың сүт бетіндегі қаймағы осы үйде деген соң 
әдейі іздеп келдім, – деді Шашубай Қажымұқаннан бастап 
жағалай бір шолып өтіп. 
– Дәл келдіңіз, Шашеке. Шөлдеген шығарсыз, қымыз 
алыңыз, – деп көмекші жігіттер асты-үстіне түсіп жатыр.
Шашубай көп сапырылып салқындаған, қышқылтым дәмі 
өлген сары қымыздан үш-төрт кесені бір-ақ сімірді.
– Шашеке, атыңызға алыстан қанықпыз, өзіңізді көріп 
отырғанымыз осы. Бір-екі ауыз лебіз естіртсеңіз қалай болар 
еді? – деді Қажымұқан.
– Болсын, – деді Шашубай.
Біреу домбыраны, біреу гармоньды алып, ұсына беріп еді, 
Шашубай басын шайқады.
– Жоқ, менің өз аспабым бар, – деді. Ат қосшы жігіті қара 
киізбен қаптаған екі қатар тілді орыс гармонын әкеп берді. 
Кім екенін толық біле алмай, үнін әлі ести алмай елтіп тұрған 
елге Шашубай өзін әнмен таныстырды:


118
Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын, 
Болғанда малға жарлы, сөзге баймын. 
Күніне жүзді беріп, мыңды алсам да, 
Қалтамның түбі тесік – байымаймын.
Шашекең тіпті тоқтар емес, айтқан сайын қызынып, 
құлпыра түседі. Өлеңді түйдек-түйдегімен тастайды. Көз 
алдында көгендей тізіліп отырған әншілерді кісіге есептеп 
отырған ол жоқ. Біраз асқақтық мінездер де көрсетіп жіберді.
Шашубайдың мұнысына кішкене қитыңқырап қалған 
Әміре Майраның он алты баспалы гармонын ала салып, 
орыстың «Суббота» әнін ойнай жөнелді. Гармонның бір тілін 
екі-екіден басып, естушілердің құйқа тамырын шымырлатты.
«Суббота» әнінен кейін «Ағашаяқты» шырқады. Оның 
әдеті тыңдаушылар ішінде өзінің жақсы көретін адамдары 
отырса немесе өзін сынайтын біреулер болса, құйындай 
ұйтқып, құландай ойнақтап, жүз құбыла жүйткіп, бәйгі 
атындай жарқылдап кетуші еді. Әміренің аузынан шыққан 
«Ағашаяқ» біресе шырқап аспанға көтеріледі, біресе сорғалап 
жерге құйылады.
Шашубай бағанағыдай емес, желігі басылыңқыраған. 
Әміреге тіке тіл қатпай, сүзіле қарап, біраз отырып қалды. 
Тек бар айтқандағысы:
– Заман жастардікі ғой. Айтыңдар, балалар, айтыңдар! – 
дей берді.
Мәжілістің қызығымен тіпті уақыттың қалай өткенін де 
білмей қаппыз. Байқасақ, күн батуға таяп қалған екен. Қош 
айтысып тарастық.
Былай шыққан соң бір жігіт:
– Апыр-ай, әлгі бір гармоньға ойналған күйдің тамашасын-
ай. Ол немене, не деген күй? – деп Әміреге сұрақ қойды.
– Ол орыстың «Суббота» деген әні. Оны үйренуімнің өзінше 
бір тарихы бар, – деп жымиды Әміре.
– Иә, иә, қандай тарих?
– Бір жылы, – деп бастады Әміре әңгімесін. Жақып, 
Әмірғалы бар, бәріміз Үркіттен келе жаттық. Қысты күнгі 
мезгіл, бірақ вагонның іші ыстық. Әмірғалының үстінде 
үлкен қара күпісі болатын, онысын шешіп, жүнін сыртына 
айналдырды. Бәріміз өліп-талып әзер жайғастық. Жақыптың 
он алты баспалы «тальянка» гармоны бар еді, соны қабын 


119
ашқызып алып ойнай бастадым. Гармонь даусы шыққан 
соң ел бұрынғыдан бетер қаптады. Байқаймын өнерге менен 
жөнсізі жоқ сияқты. Кеудеме нан піскендей сезініп, өршелене 
ойнап отырмын. Екі көзі жоқ бір соқыр орыс жаныма таман 
жақындап келді де:
– Можно? – деді.
– А что? – дедім мен.
– Немножко поиграть.
– Ничего подобного! – дей беріп едім, мына жақтан өз 
жолдастарым шулап қоя берді:
– Ә... бер, ойнасын! Оған несі кетеді?
– Бірдеңе біледі ғой тегі, түк білмесе сұрай ма. 
Гармоньды соқырдың қолына ұстаттым. Ол оны белбеуі 
арқылы иығына киіп алып, аңыратып қоя берді.
Әміре ойланғандай болып, сәл кідірді де, әңгімесін қайта 
жалғастырды.
– Құдай сақтасын! Гармонь біресе соққан дауылдай 
гуілдейді, біресе қыран құстың қанатындай суылдайды, 
кейде сыңсиды, кейде жылайды. Бір мезгіл адамша тақ-тақ 
сөйлеп кетеді. Ойпырым-ай, неше алуан түрге құбылтып, 
құтыртқаны-ай, шіркіннің! Өз айыбымды, өзім мойындап, 
өз-өзімнен ұялып кеттім. Оның үстіне жолдастарым:
– Ал, бәлем, ал! Тіпті әкең Қашаубай қажыдан келгендей 
құтырып едің, – деп жаныма тие түседі.
Ол кезде басымызға қара барқыттан тігілген татар тақиясын 
киетінбіз. Сасқаным ғой деймін, басымдағы тақиямды алып, 
орыстың алдына қойып жатырмын. Ананың оны көрмейтіні 
ойымнан шығып кетсе керек. Менің мұныма бәрі ду күлді.
Сұрастыра келсек, бұл Новосібір қаласында тұратын бүкіл 
Ресейге аты шыққан гармоншы – И. И. Маланин екен. Мен 
онан кешірім сұрадым, біраз бойым үйренген соң маған 
ескерткіш есебінде бір күй үйретіңізші деп жалындым. Сонда 
сол Маланин осы «Субботаны» үйретіп еді. Шашубай гармонь 
ойнағанда, өз қылығым есіме түсті. Сонан барып «Суббота» 
да есіме түсті. Тегінде, жігіттер, естеріңде болсын асқақтық 
адамға абырой әпермейді, – деп Әміре сөзін бітірді.


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет