Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(“Замана б"лб"лдары” кітабынан. А.1975 ж.)



Pdf көрінісі
бет49/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130
 (“Замана б"лб"лдары” кітабынан. А.1975 ж.)
Ма#стбек МАЙШЕКИН
ӘН ШЕБЕРІ - ӘМІРЕ
Мен Әмірені Парижден қайтып келгеннен кейін, Семейде 
ең бірінші рет көрдім. Ол 1925 жылдың тамыз айының бас кезі 
еді. Бір күні кешке жақын біз жатқан үйге үстіне қайырма 
жаға қоңыр шапан, басына тобықты үлгісімен тігілген қара 
елтірі тымақ, аяғына биік өкшелі жеңіл етік киген орта 
бойлы, ашаңдау, ақсары жігіт сәлем беріп, кіріп келді. Оның 
қасында оң қолына гармонь, сол қолына домбыра ұстаған 
ұзын бойлы, қала адамдарынша киінген бір жастау жігіт бар.


179
Артынан үй иесінен сұрастыра келгенімізде... олардың 
алғашқысы – Әміре, соңғысы оның шәкірті – Мұқатай 
әнші болып шықты. Байқасақ, бұлар сол үйдің әдейі арнап 
шақырған қонақтары екен.
Жайлана, жөн сұрасып біраз отырғаннан кейін, әлгі 
қарапайым, жайдары мінез, жарқын жүзді, ақпейіл ашық 
сөзді Әміре әңгіме бастап, Парижде көрген-білгендерін, 
онда өзінің қандай баға алып, қандай орынға ие болғанын 
бастан-аяқ бізге тәптіштеп айтып та үлгерді. Сөз арасында 
ол: «Айналайын, қазақтың әсем әндері, Қашаубайдың мына 
қалқан құлақ сары баласын әлемге бір танытты ғой», - деп 
отырғандарды ду күлдіріп те қойды.
Сонымен әңгіме аяқталғаннан кейін, енді бір мезгілде, 
әдет бойынша әнге де кезек келді. Әміренің лебізін естуге 
құштарланып, бағанадан бері асыға күтіп отырған біздер 
құлақ түре, ән тыңдауға ерекше назар аудара қалдық. Бұл 
кезде Әміре шәкірті – Мұқатайға бірнеше әндер айттырды да, 
соңынан домбыраны өз қолына алып, біраз безілдете түсті де, 
«Топай көк» атты халық әнін шырқата жөнелді.
Әміре әнді а деп бастасымен-ақ, адамның жүрек 
қылын шертіп, жан дүниесін еріткендей, аса шебер 
орындаушылығымен отырғандардың ой назарын өзіне 
аударып әкетті. Оның аспанға өрлей ұшқан асқақ үні 
– Сейдәлінің кең сарайдай үлкен залдарына сыймай, 
атыраптағы көше алаңдарын жаңғырықтыра түсті.
Әміре сол кеште кейде домбыраға, кейде гармоньға 
қосыла: қазақша, орысша және татарша түрлі әндер айтып, 
тыңдаушылардың жан сезімін сергіте, сонша сүйсіндіргені, 
әсіресе, оның ән айтуын тұңғыш рет естіген біздерге ерекше 
әсер етіп, тамаша таңдандырғаны әлі күнге дейін есімде 
қалыпты.
Ал енді осындай ән өнерінің алыбы - Әміренің қысқаша 
өмірбаянымен, өнер саласындағы шығармашылық өсу 
жолымен таныстыралық.
Әміре Қашаубаев 1892 жылы, Семей облысына қарасты 
Абыралы ауданындағы Дегелең тауының бөктерінде, 
кедей шаруаның отбасында өмірге келген. Жасынан 
жоқшылықтың тақсіретін тартып, көп азап шеккен Әміре 
өзінің балалық шағында ақысыз-пұлсыз тек тамақ үшін ғана 


180
ауылдас байлардың есігінде жалшылықта жүріп, отымен 
кіріп, күлімен шығуға, жаз болса қозысын бағып, қойын 
күзетуге мәжбүр болды.
Алайда, «таң атпайын десе де, күн қоймайды» демекші, 
дарынды жастың бойына біткен табиғи талант оның ой-
сезіміне түрткі салып, өнер жолына түсуіне үлкен себепкер 
болды. Демек, ол отбасында, ошақ қасында отырғанда да, 
қолындағы көсеуін домбыраша қағып, өзінің сынаптай 
толқыған сұлу үнімен, сыңғырлата ән салуға әуестенеді.
Сөйтіп, жоқшылықтың желке бастылығына жасымаған, 
жасынан әнқұмар Әміре – жаңбырлы, жеті қараңғы түндерде, 
қырық жамаулы қоңыр шекпен жамылып, қой күзетінде 
отырғанда да ән айтуын қоймады.
Әміренің аспан әлемін шарлап, айналадағы тау-тасты 
жаңғырықтыра шырқаған асқақ үнін естіп, шырт ұйқысынан 
оянған жастар:
-Үнің асқақ, өрең кең, үлкен өнерлі жанның бірісің-ау, 
Әміре! Бірақта амал не? Сенің өскелең өнеріңе өгей өмір өре 
салып, өрісіңді тарылтып тұр ғой. Әттең, шіркін! Шерленген 
көңіл шаттанып, күрмелген тұсау шешілер ме еді, - деп арман 
ететін көрінеді.
Ал, Әміренің әншілік өнері өркендеп, өсе беруіне тілектес 
әлгі ауыл жастарының осындай ізгі ниеттеріне қарама-қарсы, 
осы тұстағы кейбір тоңмойын топас қауым өкілдері:
«О, тоба! Ауызы асқа жарымай жүріп, әнші болмағына не 
дерсің бұл жаман неменің», – дегендей кекете келемеждеп, 
мысқылдай күлісетін сияқты. Бірақ әуелден сергек сезімді, 
жас талант Әміре ондай сасық ой, пасық пікірлердің 
бәрін аулаққа серпе тастап, өзі сүйген өнер жолына түсуге 
талаптана берді.
«Өзің де біл, өзгеден де сұра» дейтін халықтың нақыл 
сөзін есінде сақтаған Әміре өз білгенін осылайша айта 
жүріп, енді ел ішіндегі ең жақсы әншілерден де ән үйренуге, 
орындаушылық өнерінен үлгі алуға көбірек көңіл бөледі. 
Олардың айтқан әндерін әп-сәтте-ақ үйреніп алып, оны көп 
алдында кемеліне келтіре, керекті жеріне жеткізе айтып бере 
алатын болады.
Міне, осындай ән үйрену жайын әңгіме еткенде: «Маған ең 
алғаш ән үйретіп, ұстаз болған кісі, әкемнің досы – Жұмаш 


181
әнші еді», – дейтін-ді Әміре марқұм. Ал, енді осыған орай, 
мына бір мәселені айта кетуге тура келеді.
Әміре бір жылы, жаз айларында, әдейі арнап шақыртуы 
бойынша өзінің нағашысының ауылына барып жатады. Бір 
күні ол ауылдан алысырақ жерде қозы қайырып, ән шырқап 
жүргенінде, бір жақтан жолаушылап келе жатқан жаңағы 
Жұмаш әнші жанындағы жолдасымен екеуі оның асқақ 
әнін алты қырдың астынан-ақ естиді де, әсем әнінің әдемі 
ырғағына сүйсіне түсіп, құлақ түре тыңдайды.
Амал не? Өкінішке орай, енді бір сәтте ән әуені естілмей 
тына қалған соң, жолаушылар сол маңда қозы айдап жүрген 
екі баланың жанына келіп:
– Жаңағы ән айтқан қайсың еді? Кәне, аты-жөніңді 
айтшы, - дейді Жұмаш. Осы кезде олардың бірі – ашаңдау, 
ақсары бала тұрып:
– Ол мен едім, атым – Әміре, әкем аты – Қашаубай, - деп 
жауап береді.
– А... солай ма? Онда бөтен емес екенсің, балам. Ал басқа 
жайды ауылыңа барған соң айтыса жатармыз. Менің атым – 
Жұмаш, - дейді де анадайда көрінген ақ ауылға бет ала жүріп 
кетеді.
Жолаушылар кеткеннен кейін Әміре таңдана қалып:
– Апыр-ау, әлгі кісі мені бөтен емес екенсің деді-ау. Бірақ, 
оны мен танымаймын. Мүмкін, әлде сен білетін боларсың, ол 
кім өзі? – деп жанындағы жолдас баласынан сұрайды.
– Иә, оны мен бұрыннан білемін. Ол осы атыраптағы әйгілі 
әнші - Жұмаш деген кісі. Өткен күзде біздің үйде қона жатып, 
ән салып, ауыл адамдарын бір тамсандырған болатын-ды, - 
дейді оның серігі.
Сонымен жаңағы жолаушылар сол ауылдағы Мұрат 
дейтін бір таныс жігіттің үйіне ат маңдайын тіреді. Жасынан 
ойын-сауықшыл жан болғандықтан да, кейіннен жаяу сал 
атанып кеткен, әлгі үйдің иесі келген қонақтарды құшағын 
жайып, қуана қарсы алады, барынша сый-құрмет көрсетуге 
айналады.
Сөйтіп, шілденің сол бір аса ыстық күндерінде ұзақ 
жол жүріп шаршаған жолаушылар қымыз ішіп, біраз 
жайланғаннан кейін, «Жұмаш келді», - деген хабарды 
естіген ауыл адамдары ән есту үшін қонақтар отырған үйге 


182
жинала бастайды. Олардың ішінде көктен іздегені жерден 
табылғандай қуанып, ән тыңдауды асыға күтіп жүргендердің 
бірі Әміре де бар еді.
Бұл келген ауыл адамдары жолаушылармен амандасып, 
жөн сұрасқаннан кейін, төр жақта отырған бір қария:
– «Айран сұрай келсең, шелегіңді жасырма» дегендей 
мына жиналған жұрт сенің лебізіңді естігелі келіп отыр. 
Кәне, енді қонақ кәдеңді бастап жібер, - дейді де Жұмашқа 
қарай сөз тастайды. Бұл кезде әлгі қарияның сөзін үй иесі 
Мұрат та қостай кетіп:
– Иә, өнерлі қонақтан кәде күткендердің бірі – мына 
домбыра да сіздің қолыңызға барып қонақтауға асығып 
тұрған сияқты, - деп әзілдей күлді де, керегенің басындағы 
ілулі тұрған домбыраны әкеліп, Жұмаш әншіге ұсынады.
Ежелден дағдылы әнші қолына домбыра тиісімен көп 
іркілмей-ақ, түлеп ұшар қыранша қомдана отырады да, қос 
ішекке тіл бітіргендей, күңгірлетіп тарта бастайды. Бір кезде 
үйдің оң жақ босағасын ала отырған бағанағы көрген әнші 
бала Әміреге көзі түсе кеткен Жұмаш оны шақырып алып, 
өзінің жанына отырғызады. Мұны көрген үйдегілер таңдана 
қарап:
– Апыр-ау, бұлар қайда жүріп таныс болып қалған? – десіп, 
өзара сыбыр сөзге айналысады. Осы кезде үй иесі Мұрат әзілі 
жарасқан қонағына күлімдей, көз қиығын тастай беріп:
– Жұмаш! Сен қиядан көре қоятын қыран сияқтысың-
ау. Бұл Әміре біздің бәйгеге енді ғана қосқалы жүрген жас 
үміткеріміз еді. Мұнымен сен бұрын қайда кездескенсің? 
– дейді. Мұраттың осы сөзіне орай, Жұмаш тартып отырған 
домбырасын тоқтата тұрады да, әңгімеге кірісіп кетеді.
– Бұл баланы мен бұрын емес, дәл бүгін ғана көрдім. 
Анығырақ айтқанда бағана осы ауылға беттеп келе 
жатқанымызда айдалада асқақтата ән шырқап, қозы 
қайырып жүрген екі балаға кездескенбіз. Солардың бірі менің 
әрі замандасым, әрі әріптес досым болған Қашаубайдың 
баласы – тап мына жанымда отырған Әміре екен.
– Ал, Қашаубайды әріптесім дейтін себебім – ол бір кезде 
жап-жақсы әнші еді. Онымен біздер ауыл ішіндегі талай той-
думан, ойын-сауықтарда бірге болып, барған жерімізді сан 
рет ән базары еткенбіз. Сондықтан да, «ат аунаған жерінде 


183
түк қалады» демекші, сол сыйлас досымның артында, 
оның әншілік өнерін ұстап қалған осындай мұрагер ұрпағы 
барлығына қатты қуандым да, мен қайтқанша қасымда 
болуға шақырған едім, - дейді Жұмаш.
Бағанадан бері Жұмаштың осы бір тартымды әңгімесін 
тыңдап отырған қауым көңілдеріндегі түйткіл мәселенің 
түйіні шешілген соң, енді әнге кезек берілуін тілейді.
Сонымен, сөзден сөз туып, біраз кідіріс жасаған Жұмаш 
домбырасының құлағын босаңдау бұрап, күйіне келтіріп 
алады да, ән айтуға кіріседі. Ең алдымен ол өзінің даусына 
жайлы Естайдың “Жайқоңырын” баяулата айтып береді.
Жұмаштың құлаққа жағымды, көңілге қонымды қоңыр 
дауыспен ғана, сан алуан сұлу ырғақтарына келтіре салған 
бұл кербез әні тыңдаушыларын тамаша сүйсіндіре түседі. 
Бұдан кейін ол тағы да Біржанның “Бурылтайын” айтып 
болған соң, домбыраны қасындағы Әміреге ұсынып: 
– Мен жол жүріп шаршаңқырап келген адаммын ғой. Ал, 
ендігі әнді, Әміре шырақ, сенен тыңдайық,- дейді Жұмаш.
Ән кезегі кенеттен келіп, оның үстіне дағдылы үлкен 
әншінің алдында суырыла ән салып қоя берудің өзі де бірден 
оңайға түсе қоймай, біраз дағдарып қалған Әміре әр әннің 
әуенін домбыраға қайталап қоса береді.
Бұрын топқа түсіп, көп алдында ән айтуға әлі де төселе 
қоймаған жас таланттың әуелі қандай әнмен бастауының 
ретін таба алмай, тосаңсып отырғанын түсіне қойған Жұмаш 
оған күлімдей қарап:
– Шырағым Әміре! Сенің мына домбыра шертісіңе 
қарағанда әрбір ән – әуелі мені айтшы,- деп мазаңды да 
алып тұрған сияқты. Сондықтан басқасын қоя тұрып, 
домбыра тіліне ең алғашқы орала кеткен Ақан серінің “Қара 
торғайынан” бастасаң қайтеді? – деп ұсыныс жасайды.
Әнші ағаның айтқан осы бір сөзі арна толы ән тасқынының 
тиегін ағытуға себепкер болады да, Әміренің күміс көмейінен 
сынапша сырғи аққан ән бұлағы да сыңғырлай бастайды. 
Ол енді өзінің тоқсан толқыған, кіршіксіз таза, сымға 
тартқандай сұлу даусымен айтылатын “Қара торғай” әнін 
сызылта жөнеледі.
Әміренің «құлақтан кіріп, бойды алатын» әсерлі әсем 
әндерін үнсіз ғана ұйып тыңдап отырған үйдегілер ән 


184
аяқталысымен-ақ, ду қол соғып, әншіге қайта-қайта көп 
алғыс айтады, тағы да ән айта түсуін тілейді.
Алғашқыдай емес, беті бір ашылып алған соң-ақ бүйірі 
қызып, бауырын жазған жүйріктерше, жайраң қаққан жас 
әнші Әміре енді “Ардақ” атты халық әнін асқақтата айтып 
береді.
Осы кезде бұрын әңгімеге көп араласа қоймай, барлық 
ынта-назарын тек, ән тыңдауға ғана аударып, шеткерілеу 
отырған бір ақсақалды адам Әміреге қарап:
– Ой, өркенің өссін, өмірлі бол, қарағым. Әншілік өнерің 
мұнан да гөрі өсе берсін, – деп батасын берді де, сөзінің аяғын 
Жұмашқа қарай аударып:
– Шырағым Жұмаш! Елдің еркесі де, серкесі де сендер 
сияқты ән шебері-саңлақтар ғой. Бүгін “ауылда қозы баққан 
баладан өзіме серік таптым” деп қуанып отырсың. Тек жүрген 
жолың әрдайым осындай олжалы бола берсін. Ал, ендігі 
айтарым: мына Әміре деген бала қанша айтқанмен де, әзірше 
май шамдағы тұтанбаған білте тәрізді. Осыған қамқорлық 
жасап, қанаты талмай, жетер жеріне жөн сілтегейсің, – дейді.
– Дұрыс айтасыз, ақсақал, мен баланың келешекте 
қозының қожасы, қораның күзетшісі емес, ел мақтанышы, 
үлкен өнер иесі болып өсуіне өз қолымнан келгеннің бәрін 
де, әрине, аямаспын-ау. Бірақ мұның бойына біткен табиғи 
таланты жаңағы сіз айтқан теңеуден анағұрлым алшақтау 
жатқан тәрізді. Демек, бұл Әмірені мен қазірдің өзінде-ақ 
алдыңғы саптағы әйгілі әншілердің деңгейінен орын алуға 
сай тұрған, болашақтың тірі Біржаны, оның ән аруағы тап 
осыған қонған дер едім. Себебі, бұл орындаған әндердің ішінен 
қырып-жонып тастарлық мін бар деп айта алмаймын. Қайта 
мұның аузынан шыққан ән туындылары әуелгі қалпынан да 
әдеміленіп, түрлене түсетін көрінеді. 
Мысалы, жаңағы Әміре айтқан “Ардақ” атты әнді Арқадағы 
белгілі ән шеберлерінің бірі – Жарылғапберлі ести қалса: “Бұл 
ән менікі емес, сенікі. Бұл ән – сен қанаттандырып ұшырған 
балапан”, – деген болар еді. Өйткені, менің байқауымша, 
Әміре айтқан әрбір ән өзінің нағыз иесін жаңа тапқандай 
болып, адамның жан жүйесін жылыта, жүрек пернесін тап 
басатын сияқты, - деп Жұмаш әнші Әміре жөніндегі әңгімесін 
аяқтайды.


185
Сыншының осы сөздерін өзгелер де түгел қостай түсіп, 
талапкер жастың шығармашылық өсу жолына тілектестік-
терін білдіре тарасады. Ал, сонан келесі күндердің бірінде 
аталған Жұмаш әнші Әмірені қасына алып, ауылдарда ән 
дүкенін құру үшін ел аралауға аттанады. 
Міне, осы сияқты Әміренің өмір жолында нелер ащы да, 
тұщы да, аянышты да, қуанышты да оқиғалар бірінен соң 
бірі тізбектеле өтіп жатады. Ал, олардың әрқайсыларына 
оқушыларымызға түсініктірек болу үшін, тұс-тұсында 
толығырақ тоқталуға тура келеді.
Әміре бір кездерде, әкесі Қашаубай мен шешесі Тойған 
бәйбішенің ұйғарулары бойынша, үй іштерімен бірге Семейге 
көшіп барады. Ондағы мақсаттары: ауыл ішінде тұрудың өз 
тұрмыстарына қолайсыздығын еске алып, “қалада жеңіл- 
желпі кәсіп істеу орынды болар” деген ой еді.
Сөйтіп, онда барғаннан кейін, Әміре Жаңа Семейде тұратын 
Исабек дейтін бай саудагерге ат айдаушы болып жалданады 
да, әке-шешелері де өз әлдері келгенше түрлі кәсіптер істеп, 
шама-шарқынша күнелтумен ғана тұра береді.
Жасынан әнқұмар Әміре, онда да сол әдетін ұмытпайды, 
қолы жұмыста болса да, аузы әннен босамайды. Оның арба 
үстінде, божы ұстап отырғанда асқақтата шырқаған әсем 
әндерін қала тұрғындары аса құштарлана тыңдайды. Олар 
аздан соң-ақ Әмірені “әнші бала” деп атайды. Оған аса сый- 
құрмет көрсете бастайды. Қалада болған той-думан, ойын-
сауықтарға арнаулы қонақтар қатарында шақырып, төрден 
орын беретін болады. Бұл Әміренің 13-14 жастағы ғана кезі 
екен.
Жас таланттың тамаша ән шебері болып, жұрт алдында 
осылайша беделі арта түсуін онша ұната қоймаған Исабек 
бай оны енді ат айдау жұмысынан ауыстырып, түнде тері-
терсек күзетуге қояды. Бұл оның Әмірені жаңағыдай жиын-
тойларға жібермеу үшін әдейі жасаған әрекеті болса керек.
Сөйтіп жүрген кезде, бір жылы саяхат жасап, Абай 
ауылынан қайтқан сапарында сол қалаға әйгілі әнші Қали 
Байжанов келе қалады. Ол біреуден “осында бір керемет әнші 
бала бар” деген хабарды естиді де, бір күні әдейі соны іздеп, 
әлгі Исабек байдың үйіне барады.
Тап сол күні өзінің қызын ұзату тойын жасап, Исабектің 


186
де аса бір көңілді отырған кезі екен. Сондықтан да ол, тойға 
жиналған жұрттың қалауы бойынша, өзінің қарауындағы 
жалшысы Әміреге ән айттырып отырған үстіне Қали да тура 
келеді. Ол жайланып отырғаннан кейін жаңағы ән салып 
отырған - алақан көз, ақ сары балаға қадала қарап, бұрын 
көрмесе де көңіл жорамалымен оның Әміре екендігін жақсы 
біледі.
Бір мезгілде ән тоқталып, тойшылар тарауға айналған 
соң, Қали: «Әнші бала тағы бір ән айтса екен», – деп тілек 
білдіреді. Соңырақтау келген бөгде қонақтың бұл сұрауын өте 
орынды санаған үйдегілер де оның сөзін түгел қостай түседі.
Міне, осы кезде, Әміре тамағын бір кенеп алып, “Көк 
көбелек” атты халық әнін көкке өрлете шырқай жөнеледі. 
Ән аяқталысымен Қали Әміренің қасына барып, бетінен бір 
сүйеді де:
– “Естіген құлақта жазық жоқ” демекші, жұрт айтса 
айтқандай-ақ, аса жақсы әнші болғалы тұр екенсің, 
Әмірежан. Тек, өмірлі бол, өнерің өрістей берсін. Менің саған 
айтар ағалық кеңесім: сен енді басқа жұмыстардың бәрін де 
тастап, бірыңғай әншілік өнер жолына түс,- деп ойындағы 
ізгі тілектерін білдіреді. Қалидың осы айтқан сөздері жанына 
жаға қоймаған жатыпішер Исабек бай кекесін тілмен:
– Уа, қауым! Мына жаңа келген қонақтың өзі әнді өте 
сүйетін сияқты. Соған қарағанда, әлде өзі де ән айта білетін 
болар. Ендеше осы кісіден қонақ кәдесін тыңдап көрсек 
қайтеді? – деп қарқ-қарқ күледі. Оның ондағы ойы – Қалиды 
ән айта білмейтін, әлдебір ашық ауыз көріп, сонымен ұялтпақ 
болса керек. Исабектің мысқылдай сөйлеген, кекесін тіліне 
түсіне білген Қали да оған есесін жібермей:
– Иә, аздап болса да, ән айта алатыным да рас. Ал, 
жақсы әнді бір ғана мен емес, бүкіл атамыз қазақ баласы 
қадірлейтінін сіздің әлі күнге дейін білмей жүруіңіз, әрине, 
үлкен өкінерлік жай екен және сіз бен бізден гөрі де өмір 
жолын жақсырақ түсіне білетін ақын Абай да:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй, -


187
деді емес пе? Ал, осыған орай айтарыңыз бар ма? – деп 
Исабектің топастығын топ алдында бетіне басады да, Әміренің 
ақ домбырасын қолына ала салып, Қали “Жалғыз арша” атты 
халық әнін айта береді.
Қалидың таңдай қақтырғандай, шабыттана шырқаған осы 
бір тамаша әсерлі әнін тыңдап, таңдана қалған үйдегілер енді 
оның аты-жөнін тәптіштеп сұрай бастайды. Ол:
– Қонысым Қарқаралы, атым Қали, Байжан деген кісінің 
баласымын, – десімен Әміре орнынан ұшып түргеліп, төрде 
отырған қонаққа әдеппен қол береді де:
– Ардақты Қали аға! Мен сіздің атыңызды көптен бері 
естісем де, өзіңізді бір көре алмай, үлкен арман үстінде едім. 
Ал, бүгін ойда жоқ жерде ол мақсатыма да жеттім, – деп ол 
өзінің қуанышты ойын ортаға салды.
Осы кезде Қали да орнынан тұрып, оған жылы шыраймен 
шын достық білдіре:
– Бауырым Әміре! Мен дағы сені сыртыңнан естіп, осында 
әдейі іздеп келіп отырмын. Ал, енді келешекте бал жаласқан 
тату-тәтті дос болудың белгісі үшін, келші бері төске-төс 
тигізелік, – деп Қали Әмірені қаусыра құшақтай алады.
Бұл екі өнер алыбы: Қали мен Әміренің ең алғашқы 
кездесулерінің бір ғана көрінісі еді.
Мұнан соңғы жылдары олар белгілі Қоянды жәрмеңкесінде, 
Семейде болған өнерпаздар жарысында, Мәскеуде сан рет 
кездесіп, ілгеріде айтылғандай екеуі өмірлік дос болып 
кетеді.
Әміре өмірінің жаңағы Исабек үйінде болған оқиғадан 
соңғы кезеңіне тоқталалық.
Әміре аздан соң-ақ, ат жалын өзі тартып мінуге жарап, 
ержеткен сайын өзінің асқақ әншілік өнерімен жұртқа 
жағып, жылдан-жылға халық арасында беделі арта береді. 
Бірақ та Исабектің құлдауынан көпке дейін құтыла алмай 
жүреді.
Әміренің әншілік өнерін өте жоғары бағалайтын қала 
тұрғындары оның табиғи таланты жалшылық торынан шыға 
алмай жүргеніне аянышты көзбен қарап, өзара бас қосады 
да, қайткенде оны малайлықтан босату қамын ойлайды. Сол 
мақсатпен олар бір күні Әмірені орталарына алып отырып:
– Қарағым Әмірежан! Сен енді қара жұмысты қой. Егер 


188
саған керегі қаражат жағы болса, онымен біздер сені толық 
қамтамасыз ете аламыз. Атап айтқанда, Исабек байда 
жалшылықта жүріп, табатын жылдық табысыңды біздер бір-
ақ күнде жинап бере аламыз. Сондықтан, сен енді жасыңнан 
өзің сүйген әншілік өнерін іздену жолына түс. Ол үшін бір ғана 
Семей қаласында тұра бермей, атқа мін, ел арала, тәжірибелі 
үлкен әншілермен таныс, олардың орындаушылық өнерінен 
үлгі алып, тапқан олжаңды өз білген өнеріңе қос. Сөйтіп, 
көп алдында айтарлық әніңді көбейте бер, – деп достық 
ақылдарын айтады.
Достарының бұл қамқорлығына қатты қуанған Әміре сол 
күннен бастап, біржолата Исабек баймен есеп айырысады да, 
енді жаңағы дос-жарларының айтқан ақылдары бойынша 
ел аралауға аттанады. Ол өзінің осы тұңғыш сапарында, ең 
алдымен халық аса көп жиналатын Қоянды жәрмеңкесіне 
баруға ұйғарады.
1913 жылдың жазы. Белгілі Қоянды жәрмеңкесінің 
мейлінше қызып тұрған кезі. Бір күні Әміре сол алғашқы 
көрген жәрмеңкенің түрлі қызықтарына таңдана қарап, 
көшені өрлей тартып келе жатқанында, таяу жердегі қаз-
қатар тігілген қымыз сатушылар үйлерінің бірінде асқақтаған 
әсем әннің бір әдемі үні естіле қалады.
Ән десе ішіп отырған асын да қоя сала ұмтылатын Әміре 
алды-артына қарамастан, қуана-қуана әлгі үйге түсе қалады 
да, атын белдеуге байлай тастап, сәлем бере кіріп барады. 
Онда отырғандардың бірі – өзіне бұрыннан таныс әнші Қали. 
Оны көрісімен-ақ орнынан ұшып түрегеле келіп, құшақ жая 
қарсы алады да, өз қасынан орын береді.
Әміре жайланып отырғаннан кейін, Қали оны үйдегілерге, 
соңынан оларды Әміреге біртіндеп таныстыра бастайды. Сол 
сәтте, алты қанат ақ үйдің оң жақ қабырғасын ала орнатылған 
үлкен қара сабаның алдында, құлашын кере қымыз сапырып 
отырған Семейлік саудагер әйел Ажар да Әмірені тани кетіп, 
оны көпке таныстырудың Қалидан қалған кем-кетігін 
толықтыра түседі.
Сөйтіп, Ажар әңгімесі аяқталысымен, өзінің сұлу көркіне 
сай, ұлт киімдерін сәнді киінген керекулік әнші Майра:
– Иә, Семейде Әміре деген бір әнші бала бар деп естуші 
едім. Ал, міне, бүгін өзін де көріп отырмыз. Сондықтан 


189
“жігіт қадірі өнермен өлшенеді” демекші, кәне, енді лебізіңді 
естірте отыр, замандас,- деп Әміреге қарай сөз тастайды.
– Оныңыз дұрыс. Бірақ та, мен алыс жерден іштеріңізге 
келген қонақпын да, сіздер осында бұрыннан орын алып 
отырған ауыл адамдары сияқтысыздар ғой. Сондықтан 
алдымен ауылдың алты ауызы дейтін салт бар емес пе?- дейді 
Әміре.
– Апыр-ай! “Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін 
табады” деген осы екен-ау, аңдамай сөйлеп, ақыры ән айтуға 
өзім борышты болып қалғанымды қараңыздаршы, – деп 
Майра үйдегілерді бір күлдіріп қояды да, қолына он төрт 
баспалы гармонын ала сала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет