209
Әміре өз алдына жеке концерттер өткізеді. Колхоздастыру
кезінде колхозшылар арасында болады. 1933 жылы
Қазақстан Халық комиссарлары Советінің қаулысымен
Музыка театрының студиясын ұйымдастырғанда әнші Әміре
студияның қарамағына беріліп, «Айман – Шолпанда» ақын
рөлін ойнайды. Біздің білуімізше, 1933 – 1934 жылдары
халық әншісі Әміренің тұрмыс халінің төмендеген кезі, оған
себеп Халық ағарту комиссариаты және театр басшылығында
болған халық жаулары мен ұлтшылдар түрі ұлттық,
мазмұны социалистік көркемөнеріміздің дамуына кедергі
жасаған және оның кадрларын ыдыратып, тұрмыс халіне
жауапсыз қараған зиянкестері де болды. Әміре 1934 жылы
қайтыс болды. Көркемөнер мен мәдениетіміздің балалық
шағында халықтың ән-күй мұрасының туын жоғары ұстап,
кейінгі ұрпаққа өшпестей үлгі қалдырған Әміренің әншілік
талантын бүгінгі ұрпақ жоғары бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: