318
пен Дәнешті араларына қосып алатын. Ол кезде қазақ, ұйғыр,
татарлар бір-бірінің концертіне таласа баратын. Мұңы мен
сыры бір ел бір-бірінің өнеріне үйір еді. Мен 1949 жылы
гимназияны бітірген соң, Қазақ өнер үйірмесіне жас әнші
қатарында жұмысқа алды. Қайыпбек, Дәнеш ағайлардан
ән өнерінің орындау шеберлігін үйрендім. 1950 жылы
Үрімжідегі біржылдық саяси курсқа оқуға кеттім.
1952 жылы Пекиннен Кореяға материалдық және
мәдени көмек көрсетуге арнайы мамандар келді. Өнер
үйірмесіндегі әр ұлттың өнерпаздарын және аймақтардан
шақыртты. Іледен әнші Қайыпбек те бар. Қайыпбек қазақ
әндерімен қоса, корей, ұйғыр, хансу, татар әндерін де
орындауы керек болды. Сол ұлттардың кейбір әндерінің
әуенін сақтап, сөздерін қазақшаға аудардық. Концерттік
бағдарламамен Кореяға сапарлары сәтті аяқталып,
Қытайдың ірі қалаларында өнер көрсетіп, Үрімжіде есептік
концерт берді. Өнер үйірмесінде санаулы адамға концертке
баруға билет берді. Сол қатарда маған да үлесті орын тиді.
Шыңжаңның бірінші партия хатшысы генерал Уанжың,
тағы басқа құрметті адамдар отырды. Уанжың Қайыпбектің
өнеріне таңданып, мәдениет министрі Бұқара Тышқанбаевқа:
«Мен оған полковниктік шенмен әскери ансамбльге алуға
бұйрық берейін. Қайыпбекті үйімен Үрімжіге алдыралық,
үйін де, көшуін де әскери орын көтереді», – депті. Бұқара
Қайыпбекке Уаңжыңның сөзін айтқанда, ол үйіне барып
бала-шағасымен ақылдасып келейін, келуге бел байлайтын
шығармын деп кетіп, Құлжаға үйіне барған соң бір жеті
ауырып, соқыр ішегі жарылып кетіп, кенеттен қайран әнші
қайтыс болыпты. Оны естіген Уанжың Шыңжаң радиосынан:
«Қайыпбектің әнін жазып алдыңдар ма?» – деп сұрайды.
Жоқ, жазып алмаған. Сол жерде кадрлер басқармасына
телефон соғып, радионың басшылығына бұлбұл мен қораздың
дауысын ажырата алмайтын кещені қойдыңдар деп шара
қолданады. Осыдан кейін Шыңжаң радиосының мамандары
бір екшеліп қалған еді.
Достарыңызбен бөлісу: