333
«Относительно Чокаева я знаю, только, что он находился
в Париже. Кажеться в 1924 году на Выставку произведеий
искусства ездил казахский певец Амре Кашаубаев, который
по возвращении оттуда рассказывал, что видел Чокаева. При
каких условиях он рассказывал мне об этом, не помню», –
деген жауабының 18.06.1929 жылы толтырылған хаттамасы.
Әміре арқылы Мұстафаның елге сәлем айтқанын сылтау
етіп, 1920-жылдардың соңында Кеңес үкіметі қазақ
зиялыларын репрессиялауға ұйғарғандықтан, дәл осындай
сауалдар мен жауаптар (Әміре мен Мұстафаға байланысты)
сол жылдары тергеуге алынған М.Дулатовтың, өзге де
азаматтардың «Қылмыстық іс» томдарында болуы мүмкін...
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті архивінен
осы екі құжат табылғаннан кейін Әміренің 1925-1934
жылдар аралығындағы өміріне байланысты көкейдегі сан
сауал шешімін тапқандай болып, осы мақаланы жазуды
бастағанымда Жарқын Шәкәрім өзінің жаңа шыққан «Әміре
Қашаубайұлы» деген кітабын маған сыйлады. Ол кітаптың
83-88 беттерінде ҰҚК-нің зейнеттегі поковнигі Әмірхан
Бәкірұлының осы мекеме архивіндегі құжаттар негізінде
жазған, «Егемен Қазақстан» газетінің 28.04.2004 ж.,
27.04.2005 ж. сандарында жарық көрген мақалаларының
Әміреге қатысты тұстарын келтіріпті. Онда мынадай
құжаттар бар екен:
Достарыңызбен бөлісу: