Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет32/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
ЗАР ЗАМАН САРЫНДАРЫ
ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің 
бірі Шортанбай мұрасы күні бүгінге дейін жұртшылыққа 
жаңсақ немесе жадағай ұғындырылып келді. Бұл түсінікті 
де. Шортанбай сөздері – елдігінен, мемлекеттік жүйесінен 
айырылып, отарлық халге түскен арда жұрттың ащы зары, 
өшпес өкініші, арман-мұратынан нәр алған еді. Сондықтан 
да, Октябрь төңкерісінен соңғы кезеңде ұлттың рухын жа-
ныштап, өткенін ұмыттырып, жаңа ұрпақты меңіреу, мәңгүрт 
кейіпте тәрбиелеуді мақсат тұтқан ресми саясат Шортан-
байды халыққа жат, кертартпа, зиянкес ақын деп жарияла-
ды, оның шығармаларын жарыққа шығаруға тыйым сал-
ды. Тіпті, ақын есімі жамандап болса да атала бастаған, 
оның мұрасы там-тұмдап баспа бетіне жол тапқан, аз-маз 
кеңшілік кезеңнің өзінде, күні кеше ғана, «идеялық тазар-
ту» науқандарына Шортанбай елдің алдымен ілініп отырды. 
Бұл ретте «Бес ғасыр жырлайды» жинағының алғашқы ба-


324
сылымында (1984) теріліп, тіпті біраз «түзеліп», «күзеліп» 
жарыққа шыққалы тұрған ақын сөздері жоғарыдан – бас-
таушы, нұсқаушы мекемелер тарапынан түскен бұлтартпас 
жарлық нәтижесінде түп-тамырымен жыртылып, сыдырылып 
алынып қалғанын айтудың өзі жеткілікті. Рас, «әділдік жеңіп», 
Шортанбай аталмыш кітаптың екінші басылымына енгізілді; 
сондай-ақ, бұдан бұрын, алпысыншы жылдарда акаде-
мия жинақтарына кірген болатын. Бірақ мұның бәрі – ақын 
сөздерінің шамалы бөлігі, әрі ең мәнді, нәрлі жерлері сылы-
нып қалған, аталы жырдың өзі емес, көлеңкесі ғана еді. Енді 
«Жұлдыз» оқырмандарына Шортанбай біздің заманға жеткен 
бар кейпімен көрінбек.
Шортанбай 1818 жылы туып, 1881 жылы қайтыс бол-
ған. Асыл сүйегі қазіргі Жезқазған облысының Шет ауда-
нының жерінде тыныс тауыпты. Шортанбай Октябрь 
төңкерісіне дейінгі кезеңде жекелеген кітап түрінде де, 
әртүрлі қолжазбалар арқылы да, ауызша да кеңінен тара-
лады, ақын мұрасын жинастыру ісіне В.Радлов сияқты ұлы 
ғалым, Н.Коншин сияқты білімдар адвокат – орыс халқының 
парасатты, зиялы ұлдары айрықша мән береді, оның қазақ 
халқының сөз өнерінде, рухани өмірінде алатын орнын анық 
бағамдайды. Ақынның әдебиет тарихынан шығарылып, туған 
елінен алыстауы – «көз ашылған», «тереңдікке жеткен» кейінгі 
кезеңде ғана.
Шортанбайдың шынайы бағасын тану үшін оны іждағат пен 
оқу керек. «Жұлдыз» (1991, №3) оқырмандарына ұсыны лып 
отырған топтамадағы «Зар заман» – Қазақ ССР Ғылым акаде-
миясы кітапханасының қолжазбалар қорынан, №780 бума-
дан алынды; «Алдаушы жалған» – Исмаилов Темірғали деген 
азаматтың академияға 1946 жылы тапсырған жазбасы бойын-
ша беріліп отыр. Ал «Бала зар» толғауы «Қисса-и Шортанбай, 
Шортанбайдың бала зары» деген атпен алғаш рет 1888 жылы 
Қазанда жарияланып, содан соң 1890, 1897, 1901, 1906 
жылдары қайыра басылған еді. Сол басылымдар негізінде жа-
риялап отырмыз. «Бала зарды» баспаға әзірлеуде филология 
ғылымының кандидаты, ежелгі мұраларды жарыққа шығару 
ісінде көп шаруа тындырып жүрген жас ғалым Сәрсенбі Дәуітов 
қатысты. Шортанбай туралы түбегейлі зерттеулер – болашақ 
үлесінде демекпіз.


325


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет