Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет37/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
«Сегізде толып жатыр тамаша әндер,
«Әйкен-ай», «Жылыой», «Қарғаш», «Бес қарагер»,
«Шолпан қыз», «Ғайни» менен «Бозқараған»,
Бәрі де ол шығарған ғажап әндер», – 
деп жазған болатын» (Халық әндері мен халық композиторларының
әндері. Құрастырған Жәнібек Кәрменов. – Алматы. 1 том)
73

Мұндай өлең-сымақтың Жәнібек ағамыз құрастырған жинақта атымен 
жоқтығын былай қойғанда, осындай қойыртпақты Жаяу Мұса шығарды 
дегенге кім сенеді, қадірлі оқырман. Бұл дегеніңіз – Жаяу Мұсаны, оны-
мен бірге Жәнібек ағамызды қорлау ғой. Алайда, бұған ыңғайсыздана 
қоятын «сегізсерітанушылар» көрінбейді, қайта жыл сайын қиянатта- 
рына қияпат қоса түсуде. 
«Қанатталды» тарихынан басталып, Сегіз сері мен Қожаберген 
жыраудың жалған шығармашылығын әшкерелеуге ұласқан әңгіме желісі 
тым ұзап бара жатқандай. Сондықтан осы арадан қайырғанымыз жөн 
сияқты. Бірақ, біздің бұл тараудағы басты нысанамыз – «Қанатталды» еді 
ғой. Сондықтан «Қанатталдымен» түйіндесек дейміз. 
Сонымен, «Қанатталдыны» Жүсіпбек Рабиғадан үйренді, Рабиға – 
ағасы Қосымжан Бабақовтан, Қосымжан болса, әннің шығарушысы –
Сәтмағанбеттің өзінен алды дедік әңгіменің басында. Осымен бәрі ор-
нына келді, ән Сәтмағанбеттікі деп түйіндеуге болар еді. Бірақ, әу бас-
тан әннің сөздеріне деген көңілімізде күмәннің болуы – әлі де болса, 
«Қанатталды» табиғатына тереңірек үңіле түсуге итермелеп, байыз тап-
тырмады. Өйткені «Әндердің ұлы атасы Қанатталды» деп өлең құрау 
Сәтмағанбет заманымен үйлеспейді. Қазақта «Әндердің» – деп сөйлеу 
большевиктік билік орнаған отызыншы жылдардан бері басталады. 
Сөйтіп жүргенде, Қарағанды қаласында Қосымжан Бабақовтың бала-
сы Мұхамедия ақсақалмен жолығудың сәті түсті. Мұхаңның мамандығы 
суретші. Десек те, сөйлегенде тап бір өнертанушы дерсің. Иса Байзақов, 
Қали Байжановтай ұлыларды, әкесінің замандастарын тегіс көрген. 
Бізге беймәлім Сәтмағанбет, Рабиғаның әкесі Есімжан әншінің хикаялы
өлімін түгел біледі. Айтары жоқ, көп әңгіме жазып алдық. Әңгіме ай-
73
Сегіз сері (Мұхамед-Қанафия) Баһрамұлы. Таңдамалы шығармалары. 1-том. – Петро-
павл, 2003. 311–312-б.


130
131
тып отырып, арасында жылап алушы еді жарықтық. Ақсақалмен бір- 
неше кездестік. Ылғи жүдеп жүреді. Күн көрсетпейтін орыс кемпірі бар. 
Бір күні көшеде кездейсоқ ұшырастық. Іңір қараңғылығы кіре бастаған 
алагеуім шақ еді. Кемсеңдеп жылап қоя берді. Орыс кемпірі үйінен қуып 
шығыпты. Өмір бойғы салған картиналарын бұл жоқта қоқысқа лақ- 
тырып, өртеп жіберген. Орыстанып кеткен жалғыз ұл Мәскеу асып, сол 
жақта үйленіп, біржола қалып қойған. Шалдың қайғысы тым ауыр еді. 
Сол түні күздің қара суығында бүрсеңдеп, бір замандасының үйіне қонуға 
кетіп бара жатты. Кейін Қарағандының қарттар үйінен қоныс теуіпті. 
Бертінде сонда қайтыс болды деп естідім. Иманды болғыр, сол кісі осы 
«Қанатталды» жайында былай деп еді: «Мұны әкем ақ қашып, қызыл қуған 
заманның әні деуші еді. Шығаруын Сәтмағанбет шығарған. Бірақ бертін 
келе әні де, сөзі де тым өзгеріп кетті. Әсіресе, сөзі көп жұлмаланған».
Содан кейін: «Әкем былай айтушы еді», – деп «Қанатталдының» мүлде 
тосын сөздерін жазғызды:
Ғашықтық – бір ыстық күн желі тымық,
Басына түскен жанның көңілі сынық.
Қаратпас бай-жарлының шамасына,
Адамды желіктірсе жігітшілік.
Бұрынғы қолдағы істің бәрі қалды,
Біртіндеп төл мінезді заман азды.
Асылзат шаһибаздар шабыт таппай,
Шөлге ұшып, сайын далада қанат талды.
Осы кітапты жазу барысында Хабиба әжейден «Қанатталды» жа-
йында сыр тарттым. Ол кісі әннің сөзін өзгерткен Орынбек Беков, алай-
да, Орынбек өзгерткен сөздер де біреулерге ұнамай, Қанабек Байсейітов
біраз жерлерін өңдеді деді. Алғашқыда Орынбек Беков нұсқасы былай 
болғанға ұқсайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет