Майларды тәулігіне 80-100 грамм пайдалану қажет. Оның жартысы өсімдік текті болуы керек.
Көмірсуларды тәулігіне 400-500 грамға дейін пайдалану қажет.
Организмнің калориялық шығыны көптеген факторларға – жасқа, жынысқа, еңбек түріне, дене еңбегінің қарқындылығына байланысты.
Орындалатын жұмыс сипатына байланысты энергиялық шығындар бойынша 4 топқа бөлінеді:
Дене еңбегімен аз айналысатындар үшін 3000-3500 ккал қажет.
Дене еңбегімен орташа айналысатындарға – 3200-3500 ккал.
Жоғары дене еңбегімен айналысатындарға – 3500- 4000 ккал.
Аса қиын дене еңбегімен айналысатындарға 4000 және одан да көп ккал қажет.
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калориясы былайша бөліну қажет: таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |