Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет66/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   508
Заманауи түсінік
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке 
ие  екенін  есте  ұстау  керек.  Дегенмен  топ  жағдайында  дарынды  және  талантты  оқушылар 
санатын  қарастыру  кезінде  олардың  бірқатар  ортақ  сипаттамаларын  көруге  болады.  Кейбір 
оқушылар бірқатар салада ерекше қасиеттерінің бар екендігін көрсете білсе, ал дәл осы кезде 
басқалары  –  өзін  тек  бір  ғана  салада  көрсете  алады.  Дарынды  оқушылардың  көпшілігінде 
осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты 
оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың 
айрықша  қабілеттілігі  айқын  болмайды.  Кейбір  оқушылардың  дарындылығы  объективті 
себептердің  әсерінен  көрінбеуі  де  мүмкін,  болмаса  оларда  әлі  өз  қабілеттерін  көрсетуге 
мүмкіндік болмаған шығар. ал қалғандары әртүрлі себеппен үлгере алмайтындардың санатына 
жатқызылып, немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. енді кейбір дарынды 
және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің 
көрінуіне кедергі болады.
Дарынды  және  талантты  оқушылар  кең  өрісті  қабілетке  ие:  олардың  кейбірі,  мәселен, 
ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алса, кейбіреулері өнерде немесе 
поэзияда,  қоғамдық  көшбасшылықта  көрінер.  Қазіргі  уақытта    дарынды  және  талантты 
оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен 
таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, 
академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері 
мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар 
олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындық көруі мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде 
өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен 
қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері 
айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету 
үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға 
соғуы мүмкін.
Макэлпайн мен рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының 
пайдалы  тізімін  жасап  ұсынды.  Шындығында,  бірде  бір  дарынды  оқушы  келтірілген 
сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе 
бір санаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында «ақсауы» мүмкін. 
Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы:
•  Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.
•  Заңдылық пен өзара байланысты тез анықтайды.


40
•  ақпараттарды шұғыл өңдейді.
•  Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
•  Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
•  Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
•  Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
•  Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.
•  Проблемаларды анықтайды және шешеді.
•  Барлығына талдау жасайды.
•  идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.
•  Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
•  Пікірлер  айтуда  тәуелсіз  және  «неге»,  «қалай»  деген  сұрақ  қойып,  жаңалық  ашуға 
ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет