Дәріс тезистері
Қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі –
студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік
жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында
білім алып жүрген кездің өзінде – ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны
жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін
ғылыми – зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық
жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда
картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар
орындаудың әдіс – тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.
Осыдан келіп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың
оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие
болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда олардың
дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру – білім
беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |