Бағдарламасы құрастырған: Кусаинова Гулимжан Бопиевна Екібастұз қаласы, 2016 жыл



бет2/16
Дата16.10.2023
өлшемі207,24 Kb.
#116151
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Міндеті:

  • «Логика» курсы баланың ойын, тілін, дыбыстық есту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымын, танымы мен қарым-қатынас дағдыларын, яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамытады.

  • Оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде әрекет етуге, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өзі-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Курс аптасына бір сағаттан барлығы 33 сағат.

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар


Аптасына 1 сағат (барлығы 33 сағат)



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1.

Ширату. Қайсысы артық? Не өзгерді?

1




2.

Ширату. Сөйлемді аяқта. Артығын тап.

1




3.

Ширату. Суретті аяқта. Сөз ойла , тез ойла.

1




4.

Зейінді дамыту. Ширату. Үлкен-кіші.

1




5.

Есту арқылы жадында сақтауды дамыту.

1




6.

Талдап қорыту. Ширату. Жұмбақтар әлемінде

1




7.

Ширату. Сұрақ-жауап. Сөздер қатарын толықтыр.

1




8.

Ширату. Не жоқ? Мағынаны ажырат.

1




9.

Ширату. Зейінді дамыту.

1




10.

Ширату. Екі шындық, бір өтірік.

1




11.

Ширату. Сөздер шынжыры

1




12.

Ширату. Кеңістікте қиялды дамыту.

1




13.

Ширату. Пішіндермен жұмыс. Қиял.

1




14.

«Бұрын-кейін»

1




15.

Керісінше айт

1




16.

«Артық сөзді тап»

1




17

Жұмбақтар әлемінде

1




18.

«Есептер шығарайық»

1




19.

Жұмбақты есептер

1




20.

Сөз шеңбері

1




21.

Кім шапшаң?

1




22.

Логикалық есептер кезеңі

1




23.

Сөз тізбегін жалғастыр

1




24.

Сұрыптау. Артық сөзді тап

1




25.

Сұрыптау. Ортақ белгісін тап

1




26.

Сұрыптау.Логикалық есептер

1




27.

Салыстыру

1




28.

Есептер шығару

1




29.

Жұмбақты есептерді шешейік

1




30.

Пайымдап үйрен

1




31.

Кім тапқыр

1




32.

Сұрыптау

1




33.

Ой тұжырымы

1




Сабақтың тақырыбы: Ширату. Қайсысы артық? Не өзгерді?
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру
Ширату
1. Бір жылда неше ай бар?
2. Екінші және жетінші айды ата
3. Барлық бұрыштары бірдей төртбұрыш
4. Қандай жыл мезгілдерін білесің?
5. 11-ден 20-ға дейін және кері сана
6. Көзді жұмғанда не көресің?

2. Қайсысы артық?
- алмұрт, алма, қияр,жүзім.
- ата, әже, бала, түлкі.
- тиін, қасқыр, қой, аю.
- дәптер, қалам, кітап, терезе.
- қораз, тауық, сиыр, үйрек.

3. Не өзгерді? Қалай өзгерді?
Тап- табу
Қап- қабу
Шап- шабу
Теп- тебу
Жап –
Кеп –
Сеп -
Тапсырма:Осындай сурет сал, қалауыңша түсті қарындаштармен боя.
















Сабақты бекіту
Қорытынды

Сабақтың тақырыбы: Ширату. Сөйлемді аяқта. Артығын тап.


Сабақтың мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеуге, зейінін дамытуға, ойша тұжырым жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру
«Сөйлемді аяқта».
- Жауқазын- көктемде ерте шығатын ...
- Пілдің түсі ...
- ... – бұлттан бөлініп шығатын су тамшылары.
-... –омартада өмір сүретін жәндік.
- ...- аңдардың патшасы.
- ... 9-дың алдындағы сан.
«Артығын тап.»
Әке, ана, бала, көпір.
Мысық, ит, түлкі, тауық.
Терек, темір, шырша, қайың.
Ұшақ, кеме, ағаш, автобус.
Сергіту сәті
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
«Сөздердің заңдылығын тап».
Көпір- өзен
Аю –
Тақтай –
Дәптер –
Уақыт –
Теңіз –
«Мұқият тыңда, орында»









Сабақты бекітуҚорытынды

Сабақтың тақырыбы: Ширату. Суретті аяқта. Сөз ойла , тез ойла.


Сабақтың мақсаты: Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру
Ширату.
Не үреді –
Ұшады -
Қыңсылайды –
Маңырайды –
Мияулайды -
Қаңқылдайды –
Шырылдайды –
Тыраулайды –
«Суретті аяқта»









«Сөз ойла , тез ойла.»
Егер С-дан бастасаң,
Қыз баланың атымын.
С-ны алып тастасаң,
Ағаш кесер затыңмын.

« Бояумен жұмыс».Суретті мұқият қара.Шаршыны –қызыл, дөңгелекті- көк, төртбұрышты –жасыл, үшбұрышты – қоңыр, ал сопақшаны сары түске боя.



Сабақты бекіту Қорытынды

Сабақтың тақырыбы: Зейінді дамыту. Ширату. Үлкен-кіші. Заңдылықты сақта.


Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
«Ширату»
-Жисақ- таяқ,
Жазсақ –сая.
-Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
-Құстай ұшар,
Қанатты темір тұлпар.
-Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері у-шу.
-Қалың киімді ұнатар,
Шешіндірсең жылатар.
Зейінді дамыту. «Кері оқы және жаз.
Ішік –
Қысым-
Есек –
Тас –
Мата –
Түс –
Қазақ –
Кеш -

«Үлкен –кіші».
Үй –терезе
Піл – тышқан.
Алма –қарбыз
Әке –бала
Ата –әке
Дәптер –парта
Машина –кеме.
«Заңдылықты сақта».
З аңдылықты сақтап суретті аяқта. Төртбұрыштарды көк, дөңгелектерді сары түске боя.

Сабақты бекіту. Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Есту арқылы жадында сақтауды дамыту.
Сабақтың мақсаты: Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру
«Ширату»
Бір қайшының неше сақинасы бар?
Ұшатын көлік қалай аталады?
Тонды неден тігеді?
Төрт тышқанның құлағы нешеу?
Сиырдың қауіпті мүшесі?
Сұйық –су емес, ақ- қар емес. Ол не?
« Мұқият Бол!» Ең қысқа жолақты жасыл, ал ең ұзын қарындашты көк түске боя.
Логикалық есептер
1.Алма ағашында 10 алма өсіп тұр. Балалар әрқайсысы бір алмадан алды.Ағашта 6 алма қалды.Неше бала алма алды?

Жауабы: 10 6 1 4

2.Төрт жұмыртқа 5 минутта пісті. Бір жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: 1 минут 4 минут 5 минут 8 минут

3. Себетте алмұрттар жатыр еді.Сәния, Әлия, Майра 2 алмұрттан алды.Себетте алмұрт қалған жоқ. Себетте қанша алмұрт болған еді?

Жауабы: 3 5 2 6

Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Талдап қорыту. Ширату. Жұмбақтар әлемінде
Сабақтың мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеуге, зейінін дамытуға, ойша тұжырым жасай білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру
«Ширату»
1.Дауысты дыбыстарды ата.
2. Қосудың құрамдас бөлігін ата.
3. Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны сегіз. Аулада қанша қаз жүр?
4. Циркте ең күлдіргі әртіс кім?
5. Ең үлкен бір таңбалы санды ата.
6. Құстар ұшатын әуе кеңістігі.

«Талдап қорыту».
-Адамды тамақтандырады, бірақ өзі ештеңе жемейді. Ол не? Неге?
-Тіл алғыш бала. Ол кім? Неге?
-Екі ұл бала есік алдында кездесіп қалды. Егер біреуі 2 жаста, екіншісі 7 жаста болса, кім жол береді? Неге?


«Керекті фигураны таңда».































Сабақты бекіту
Қорытынды
Сабақтың тақырыбы: Ширату. Сұрақ-жауап. Сөздер қатарын толықтыр.
Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;

Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру
«Ширату»
Ішінде не бар?
Үйшік –
Сандық-
Жаңғақ-
Сөмке-
Ішінде кім бар?
Кітапхана-
Автобус
Бақ-
Емхана
Мектеп-
«Сұрақ-жауап»
-Жарты жылда неше ай бар?
-Неше ай «Р» әрпіне аяқталады?
-Қай айда 28 күн бар?
-Сөздің басында айтылмайтын дыбыс?
-Адамды жылататын өсімдік?
-Бос ыдыста неше құлпынай бар?
-Тісі бар, бірақ тамақ жемейді?
«Заңдылықты сақтап, суретті аяқта».



«Сөздер қатарын толықтыр».
Ата, әже, ...
Доп,қуыршақ, ...
Шие, өрік,..
Қауын, пияз,...
Түлкі, қоян, ...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет