Бағдарламасы (syllabus) мазмұнында кеңістіктегі фигуралар, оларды шешу әдістері мен кеңістіктік есептерді және фигураларды жазықтықта салудың негіздері қарастырылады. Жоғарғы оқу орындарының «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»


Шеңберді  тең  бес  бөлікке  бөлу



Pdf көрінісі
бет10/61
Дата25.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#24311
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Шеңберді  тең  бес  бөлікке  бөлу.  Шеңберді  тең  бес  бөлікке 

бөлу үшін, радиусі R болатын шеңбер сызып аламыз (2.2-сурет). 

Осы шеңбердің ось сызықтары қиып өткен А, В, С, D нүктелерін 

белгілеп,  В  нүктесінен  радиусі  R  болатын  доға  жүргіземіз.  Бұл 

доға  шеңберді  K  және  L  нүктелерінде  қиып  өтеді.  Табылған  K 

және  L  нүктелерін  өзара  түзу  сызықпен  қоссақ,  бұл  түзу 

шеңбердің ОВ осін М нүктесінде қиып өтеді. Осы нүктені келесі 

доғаның ортасы етіп алып, С нүктесінен радиусі R1 болатын доға 

жүргіземіз. Бұл доға шеңбердің OD осін N нүктесінде қиып өтеді. 

Енді  ортасы  С  нүктесі  болатын  N  нүктесінен  өтетін  радиусі  R2 

болатын  доғаны  сызамыз.  Радиусі  R2  болатын  доға  шеңберді  S 

нүктесінде қиып өтеді. Енді осы шеңбердің S нүктесінен радиусі 

R2  болатын  доға  жүргізсек,  шеңберді  F,  E  және  T  нүктелерінде 

қиып өтеді. Егер осы табылған нүктелерді өзара қоссақ, онда біз 

теңбүйірлі бесбұрыш саламыз. 

 

 



 

2.2 сурет.  

Шеңберді тең бес бөлікке бөлу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет