Топта ұйымдастырылған орталықтарда балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруға қажетті заттар мен материалдарды әзірлеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі (штаттық кестеге сәйкес қазақ тілі маманы болған жағдайда), дене шынықтыру және музыка ұйымдастырылған іс- әрекеттері кестесі бойынша өткізіледі. Ал қалған ұйымдастырылған іс-әрекеттер әр баланың қызығушылықтары, ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, балалардың түрлі әрекеттері арқылы ойын түрінде кіріктіріп ұйымдастырылады.
https://youtu.be/7ioJrFhmMaY https://youtu.be/uJvqCZdP6hE https://youtu.be/029aIRAlhNs https://youtu.be/40ekBGUJAdI https://youtu.be/gZcsnfMC7Gc https://youtu.be/DkodW3zczd4 https://youtu.be/myhLroyBzUg
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған іс әрекеттерді тек топ бөлмесінде ғана емес сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы кабинеттер болған жағдайда кабинеттерде, дәліздерде, ойын алаңдарында, серуен кезінде және т.б. балаларға ыңғайлы жағдайларда өткізу ұсынылады.
https://youtu.be/vnjWh2SoPx8 https://youtu.be/tTQ1_FFBNoU https://youtu.be/zsQOY1m5CN0 https://youtu.be/c9hG0RCd7 https://youtu.be/OjP26xfm4NE
Ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізуде балалар қызығушылықтарына сәйкес үнемі белгілі орталықтарды ғана таңдауына жол бермеу үшін топтағы барлық орталықтарды балалар әрекетіне қажетті заттар мен материалдармен толықтырып, өткізілетін ойындарды алдын-ала ойластыру ұсынылады.
https://youtu.be/mmbjtqTO1lk https://youtu.be/GGqFAxxs-7Q https://youtu.be/CzUjbhXWfBI https://youtu.be/qTssLFG2PYk
Мектепалды топта, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны аптасына - 20 сағатты, мектепалды жастағы балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша бір ұйымдастырылған іс-әрекеттің ұзақтығы 20-25 минутты құрайды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды топтарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күні бойы кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.
https://youtu.be/RZs5fYA5sHg https://youtu.be/wFuUz2s_Yr0 https://youtu.be/LcskX49cFTY
Мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныптарда балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу
процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сыныпта тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 1- қосымшасына «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттар тізбесіне» сәйкес [10] педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын әзірлейді, апта сайын циклограмма құрады.
Перспективалық жоспарды Үлгілік оқу жоспары мен Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп және мектепалды сынып тәрбиешісі оқу жылы басталғанға дейін бір рет жасайды. Перспективалық жоспарда балалардың жасына сәйкес Үлгілік бағдарламада берілген міндеттер әрбір айға бөлініп алынады. Міндеттерді балалардың игеруіне сәйкес бірнеше рет қайталап алуға, өзгертуге немесе түрлендіруге болады.
Циклограмманы тәрбиеші жас тобында жұмыс істейтін басқа педагогтермен (қазақ тілінің мұғалімімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен) бірлесіп жасайды. Циклограммада ұйымдастырылған іс әрекеттер мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында жоспарланады. Циклограммада педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша Перспективалық жоспарда айқындалған міндеттерді кіріктіре отырып, шешу үшін, ұйымдастыратын түрлі балалар әрекетін (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) айқындайды https://youtu.be/EWQqkx3Xf74
Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен қатар шағын топтармен өткізу, балалар әрекетінің бірнеше түрі қатар ұйымдастырылған жағдайда балаларға аталған әрекеттердің бір түрінен өзін қызықтыратын басқа екінші әрекетке ауысуға рұқсат ету, қызығып орындап отырған баланы басқа балалармен бірге еріксіз келесі әрекетке көшірмеу ұсынылады.
https://youtu.be/X8n9h0o7dM0