Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
Біз кішкене бөбектерміз, Асыр салып ойнаймыз. Домбыраны қолға алып, Ән саламыз билейміз.
Қ-сы: Домбыра,домбыра.
Екі ішекті домбыра . Домбыра,домбыра Кәне,кәне сыңғырла.
Қандай әсем домбырамыз Мақтан тұтып жүрейік. Киелі аспап екенін біз, Бәрімізде білейік.
Ән: «Қолшатыр»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
Жаңбыр жауды түк-түк Тамшылайды көп-көп Серуендейік топ-топ Аспанымыз көк-көк.
Қайырмасы:Қолымызда қолшатыр
Қызыл,сары,көк,жасыл Қорықпаймыз жаңбырдан Сен батыл да,мен батыл
Жаңбыр жауды түк-түк Тамшылайды көп-көп Өссін жерде шөп-шөп Жаушы жаңбыр төк-төк.
Ән: «Бағдаршам»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
Таза ауамен демалып жүріп қайтайық. Айналаға тамсанып ән де айтайық.
Бір екі, бір екі қадам басайық
« Жолың болсын»- деп әрдайым тілек айтайық! Бір екі, бір екі қадам басайық
« Жолың болсын»- деп әрдайым тілек айтайық!
Жол бойында зулаған түрлі көліктер Тұр үш көзді бағдаршам, белгі сол берер.
193
Ән: «Амандасу»
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
Жол бойымен келемін топ, топ, топ. Келе жатып көрдім мен дос, дос, дос.
Сәлем сәлем досым-ау жан жаққа қара. 2-рет қайталау Күн нұрындай күлімдеп ал, енді құшақта.
Ән: «Тілек айту »
(сергіту сәті)
Сөзі мен әні: Гүлдана Ерікқызыныкі
Таза ауамен демалып жүріп қайтайық (балалар залда еркін жүреді) Айналаға тамсанып ән де айтайық. (айналаға қарайды)
Бір екі бір екі қадам басайық 2-рет (аяқпен нық қадам жасайды)
Жолың болсын деп әрдайым тілек айтайық. (қолдарын бұлғап бір-біріне тілек айтады)
Достарыңызбен бөлісу: |