Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет53/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

«Ата мен әжеге көмектес»


Міндеттері: балаларды еңбекқорлыққа, қол ұшын беруге, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс. Педагог балаларға отбасында ата-әжелеріне қамқорлық жасау керектігін еске салады.
Ойын. Үстелде газеттер, кітаптар шашылып жатыр, көзілдірік еденге «құлап түсті». Орындықтың жанында себет тұр. Оның айналасында жіп орамдары шашылып жатыр және жерде әженің орамалы жатыр.
Педагог екі баланы шақырады. Кім тезірек шашылған заттарды жинауға көмектеседі? Бір бала атаның үстелін реттеуге көмектеседі, ол кітаптарды қатарлап жинайды, газетті бөлек қояды, еденнен көзілдірікті алады. Ал екіншісі себетке жіп орамдарын жинайды, әженің орамалын көтеріп, орындыққа іліп қояды.

« Бағбандар мен гүлдер»


Топ екі шағын топқа бөлінеді және тәрбиеші ойын ережелерін түсіндіреді: «Егер топта тұрған гүлдер ұзақ уақыт бойы суарылмаса-олар қурап қалады. Бірақ бүгін біз суды қажет етпейтін гүлдер өсетін ерекше баққа барамыз. Егер олар ұзақ уақыт бойы өздері туралы мейірімді және сыпайы сөздерді естімесе, қурап қалады. Бір шағын топ қурап қалған гүлдер, ал екіншісі қурап қалған гүлдерге көмек көрсетуге шақырылған бағбандар болады. Бағбандар бақшаны аралап, әр гүлге сыпайы сөздер айту керек, содан кейін гүлдер біртіндеп гүлдей бастайды. Балалар рөлдермен ауысады, ойын жалғасады.

«Тек жақсы қасиеттерді ата»


Педагог қолына доп алып, балалардың алдына тұрады да, олардың әрқайсысына допты лақтырады. Балалар допты кез-келген «жақсы қасиет» (адалдық, мейірімділік, ұқыптылық) айтылған кезде ғана ұстап алуы тиіс. Бұл жағдайда олар педагогке қарай қадам жасайды. Егер балалар байқаусызда
«жаман қасиет» (сараңдық, ашуланшақтық) айтылғанда допты ұстап алса, олар артқа бір қадам шегінеді. Педагогке бірінші жеткен бала жеңімпаз болады.


«Игі істер қоржыны»


Түрлі-түсті қағаздан дөңгелектерді немесе жүрекшелерді қиып алуға болады. Әр күннің соңында балаға «қоржынға» бүгін қанша игі істер жасаса, сонша дөңгелек салу ұсынылады. Бала қиналған жағдайда, оған көмектесу керек. Мұндай ойын баланы игі істер жасауға ынталандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет