Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет25/46
Дата25.04.2022
өлшемі336,43 Kb.
#32204
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
    Бұл бет үшін навигация:
  • Малов
той  тәрізді түбір сөздер. Бүлардың бір сыңары "жаңа" дыбыстармен  (у, й)

айтылса, екінші сыңары көне түркілік г, г дыбыстарының қатаңдаған тарихи

варианттарымен келген. Мүндай тарихи параллельдердің екінші бір тобының

ерекшелігі   мынада:   олардың   бір   сыңары   дербес   сөз   болып   келсе,   екінші

сыңары туынды сөз (туынды түбір) қүрамында ғана сақталып қалған. Қазақ

тілінде, егер дыбыстардың тарихи ауысуларын еске  алсақ, мынадай сөздерді

салыстыру жолымен тарихи түбір деп қарауға  болады:  сау//(саушылық,   сау

кісі, сауыгу), сақаю (сақайды, сақайып келеді),  МҚ:  саг, ій: ійілді, иілді —

бугілді, егілді, егіліп кетті, егіл-тегіл,  МҚ:  егді (ійді), егілді (ійілді), егішді

(ійісті), егседім (егсе-дім —  ійгім келді), қый (шаш қию, жіпті қию), қырқ

(жун   қырқу,   бір   нәрсенің  артық   жерін   қырқу).  Мына   дыбыс   ауысуы   бар:

р>з>й,   бақ   (багып  отырды,   бақты),   байқа   (байқап   отырды,   байқады),

Малов: бақ — смотреть, МҚ: бақды (бақты, қарады), бақыш (қарап, байқап

отыру), бақыг (багу, көз тастау), жау (жауды), жаңбыр, МҚ: йагмур, жай,

жайыл,   жадыра   (кәңілі   жайланды,   кәңілі   жадырады),  Малов:  йад  

(распространять),   йадрат  (распустить   хвост,   распустить),  йадыл

(распространяться).   Сөйтіп   көне   түркілік   материалдарды   ескерсек,   қазақ

тілінде   екі   түрлі   ыңғайда   қодданылатын   сөздер   бір   түбірдің   екі   варианты

екенін көреміз.  Сой,  сойым (сойымдық мал), соғым, ортақ түбір  сог (й<г),



пыс (диал, ас пысты), пысық (пысық кісі), МҚ: бышыг — дайындалган піскен,

бышыг аш — дайындалган, піскен, бышыг аш — дайындалган, піскен ас, бышыг

ет — дайындалган, піскен ет.  Қазақ тілінде әдеби норма ретінде бүл сөздің

жіңішке   айтылатын   варианты   орнықты.   Көне   түркі   тілінде  қат  етістігі,



қатыг сын есімі, қатыгдан етістігі, қатыгды үстеуі қолданылған. (ДТС, 432-

433).   Осы  сөздер   қазақ   тіліңде  қат  (еш   езгеріссіз),  қату,   қатулан,   қатты

түрінде  айтылады.   Байырғы   түбір  (қат)  еш   өзгеріске   түспесе   де,   туынды

түбірлер   фонетикалық   езгеріске   үшырағаны   мәлім:  -ыг>у,   қату,



  қатулан,

содан   соң   сол   буынның   сөз   ортасында   элизияға   үшырауы:



қатыгды>қат(ыг)ды>қатты. Қазақ тіліңдегі пышақ зат есіміне негіз болған

етістік сөз еркін қолданылмайды. Әуелі етістік түбірден жасалғандығы соңғы

қосымшадан ғана байқалады. Бірақ осымен мәндес піш (киім піш) етістігі бар.

Малов: быч — резать, бычку — нож, түр: бычку — пила, азерб: пычгы — нож.

Мүнан сөз соңындағы аффрикатгың жалаң дыбысқа айналуын, оның басқа бір

буынды   созге  негіз   болуын,   бірақ   екі   ортадағы   мағыналық   байланыстық

әлсіреуін байқауға болады. Қазақ тіліндегі аудар, аудыр, ауыс, ауна, ауытқы,

аума (аумаған: өзі әкесінен аумаған) туынды түбірлері ау байырғы түбірінен

тарағандығын олардың арасындағы мағыналық байланыс дәлелдейді. Алайда

осы   түбірлердің  ақтар,   ақтарыл  етістіктерімен   байланысы   жай   көзге



байқала  бермейді.   Кене  түркі  тілінде  аган —  быть  низвергнутым,  агна  —

валяться,   биться,  агтар   —  повергать,  агтарыл   —  быть   поверженным,

повернуться, опрокинуться (ДТС, 17 — 23). Коне түркілік етістік түбір ер

түрлі   түлғалану   (бірде  -ан,  бірде  -на  немесе  -тар)  арқылы   әр   түрлі

грамматикалық үстеме мәнерлерге ие болған. Қазақ тілінде бүл сез екі түрлі

фонетикалық сипатта орныққан. Соның саддарынан ақтар мен аудар туынды

түбірлері тікелей түбірлес дәрежесінде ұғынылмайды.

Дыбыстардың тарихи ауысулары арқылы езгерген бірқатар түбірлер қазіргі

тілде дербес күйіңде емес, тарихи негіздердің ғана  қүрамында орнығуы да

кездеседі.   Кейбір   фактілер   келтірейік:  жақын,  жуық  —  соңгы   —ын,   -ық

қосымша, екі сезге де негіз болған түбір — жаг. Малов: йагут (жақындату,

етістік, түбірі — йаг, -ут қосымша), йағыл (етістік, жақында, -ыл қосымша),



йагуқ  (жақын, есім),  йагру  (жақында, үстеу),  жугір, жуйрік, жуйткі (г>й),

жуг — жуй,  Малов:  йугрук ат  (жүйрік ат),  йугур  (жүгір),  ауна, ақтар  (бір

нерсені аударды, ақтарды), МҚ: агнатты (аунатты), ақтарды (ақтарды, жерді

аударып айдады), бауызда (мадды бауыздады, тамағынан буындырды), Малов:

баг — душить, богуз — горло, богузлан — бытъ заколотым, бау < баг,  МҚ:

богды   —  буындырды,   сықты,  богаз   —  тамақ,  боглунды  —   буынды,

баг//баг>бау//бу.  Сейтіп   қазақ   тіліндегі  бауызда,   буын  етістіктері

қүрамындағы   түбір   қазір   дербес   қолданылмайтын,   бірақ   тарихи   негіздер

қүрамында   екі   түрлі   вариантта   сақталған   бір   түбір   болып   шығады.   Бүл

керсетілгендерге дербес зат есім түрінде айтылатын бугалық сезін қосу керек.



Қурга, қура  (шеп қурады, сулы зат қүрғады),  Малов:  қуру -  высохнуть, быть

сухим, қуруг — сухое дерево, қурут — сушить, куры — сохнуть, быть сухим.

МҚ: қур — қурғақ (оғызша), қурыды — қүрғады. Олай болса, қазақ тіліңдегі

қурга, қура  етістіктері

  нәтижесі. Соның салдарынан  етістік түбір мен сын

есім түлғасы сыртқы пішіні жағынан бірдей болып шыққан. Екінші сөзбен,

бүл жерде фонетикалық конвергенция қүбылысының нәтижесін көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет