Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет19/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153
Ескерту: Бұл материалдар қасиетті «Інжіл» кітабынан алынды.

Сонымен, Иса Мәсіхтің шыққан ататегінің шежіресі төмендегідей болады.


Исаның ата-тегі туралы

  1. Адам ата

  2. Сет (Шыш)

  3. Енос (Ануш)

  4. Қайнан

  5. Мақалалел (Мәһкайл)

  6. Иәрет

  7. Енос (Ахнүк)

  8. Мәтусала (Путушлак)

  9. Ләмәх (Мәлік)

  10. Нұх

  11. Шам (Сам)

  12. Арпақшат (Арабхуш)

  13. Қайнан

  14. Сала

  15. Ебер (Ибар)

  16. Пәлек (Факах)

  17. Рағу (Аргу)

  18. Серух (Сарух)

  19. Нахор (Сахур)

  20. Тарах (Тараш)

  21. Ыбырайым (Абрам)

  22. Ысқақ+Смағұл (Араб халқының түп атасы)

  23. Жақып

  24. Иуда

  25. Перес (Парес)

  26. Есрам

  27. Рам

  28. Арни

  29. Админ

  30. Аминабад

  31. Нағасон

  32. Салман

  33. Боғоз

  34. Обид

  35. Есей

  36. Дәуіт

  37. Натан

  38. Матата

  39. Менан

  40. Мелса

  41. Еліәкім

  42. Жонам

  43. Жүсіп

  44. Иуда

  45. Шимсон

  46. Леуі

  47. Матат

  48. Жарым

  49. Елиезер

  50. Жошуа

  51. Ер

  52. Елмадам

  53. Қосам

  54. Адди

  55. Мәлкі

  56. Нері

  57. Салател

  58. Зоробабел

  59. Реса

  60. Жоханан

  61. Иуда

  62. Жүсіп

  63. Семей

  64. Мататия

  65. Мақат

  66. Нағай

  67. Еслі

  68. Нағұм

  69. Амос

  70. Мататия

  71. Жүсіп

  72. Жанай

  73. Мәлкі

  74. Леуі

  75. Маттат

  76. Елі

  77. Жүсіп

  78. Иса Мәсіх (Иисус Христос)

Ыбрайым ұлы Смағұл (Исмаил)

Пайғамбардың ұрпақтары.
Ыбрайым пайғамбар (Абрам – көне еврейше – «көптің әкесі» деген сөз) үш әйел алған екен. Соның екінші әйелі - Ажар (Хаджар деп те аталады кей шежіреде) Египеттен екен. Осы Ажардан Смағұл туады. Смағұл ержетіп Раала дегенге үйленеді. Рааланың әкесінің шыққан тегі Иемендік тайпалардың біреуінің басшысы болса керек. Шежіре бойынша Смағұлдың он екі ұлы болады, оның осы 12 баласынан өскен ұрпақтары өздері мекендеген жерлеріне қарай 12 елдің көсемдері болған. Осы Смағұл ұрпақтарынан Араб халқы шыққан, ал Араб халқының өзі тиісінше бірнеше мемлекеттерде таралып өскен. Солардың біреуі - Сауд Арабиясы. Сауд Арабиясында арабтардың көптеген тайпалары бұтақ жайып, өсіп мекендеген екен (хашия, құрайыш т.т.). Ал Мұхаммед (с.ғ.с.) болса, осы атақты құрайыш тайпасынан шыққан. Смағұлдың ұрпақтары:


  1. Небайот (Набит)

  2. Кедар

  3. Абдел

  4. Мипсам

  5. Мишма

  6. Дума

  7. Масса

  8. Хадад

  9. Тема

  10. Етур

  11. Нафиш

  12. Кедма

Жоғарыда Смағұлдың әкесі Ыбрайым пайғамбардың үш әйел алғандығын көрсеткеміз. Олардың есімдері: Сарай (кейін Сара атанған), Ажар (Хаджар), Кетура деп аталады. Смағұл туғаннан кейін әкесі Ыбрайым үлкен әйелі Сара (Сарай) күндестікпен баласы Смағұлға қастық жасай ма деп қорқып екінші әйелі Ажар мен одан туған ұлы Смағұлды иен далаға апарып тастап кетуге мәжбүр болады. Далада шөлден қаталаған Смағұл мен анасы Ажар су іздейді. Суды таба алмай қатты шөлден өлермен болады. Осындай қиын сәтте Жәбірейілдің шапағатымен Смағұл баланың өкшесі тиген жерден су шығыпты. Ол су шыққан жер қазіргі қасиетті Мекке қаласының қасындығы аты аңызға айналған Зәмзәм тұмасы екен дейді аңыз. Смағұлдан тараған ұрпақтар қазіргі заманда солтүстік Арабиялық халықтардың басым бөлігін құрайтын көрінеді. Смағұлдың жоғарыда көрсетілген 12 ұлының бірі – Небайот (Набит). Менің қолыма түскен кітаптар мен басқа да құжаттарға сүйене отырып тергенде Смағұлдың Небайот ұлынан Мұхаммед (с.ғ. с.) пайғамбарымызға дейінгі тармағының (линиясы) ұрпақтары төмендегіше:




  1. Небайот (Набит).

  2. Иашджуб.

  3. Иаруб.

  4. Тайрих.

  5. Нахур.

  6. Мұқаууим.

  7. Адад (Удод).

  8. Аднан (бұдан 2 ұл).

  9. Маддин ( бұдан 4 ұл).

  10. Назар (бұдан 4 ұл).

  11. Мудар (бұдан 2 ұл).

  12. Илияс (бұдан 3 ұл).

  13. Мудрика (бұдан 2 ұл).

  14. Хүзайма (бұдан 4 ұл).

  15. Кинана (бұдан 4 ұл).

  16. Нәдір (Назар) (бұдан 2 ұл) Осы кісінің лақап аты Құрайыш деп аталғандықтан, бұдан тараған ұрпақтары да Құрайыш деп аталып кетті, яғни тайпаның аты Құрайыш болды.

  17. Мәлік.

  18. Фихр (Тахир), бұдан 4 ұл.

  19. Ғалиб (Талиб), бұдан 2 ұл.

  20. Луай (бұдан 4 ұл).

  21. Кааб (бұдан 3 ұл).

  22. Мурра (бұдан 3 ұл).

  23. Килаб (бұдан 2 ұл).

  24. Кусай (бұдан 4 ұл, 2-қыз) Меккенің 440-жылдан бастап патшасы болған. Бұның кезінде Мекке мейлінше күшейіпті. Өзі 400-жылы туған.

  25. Әбд Манаф – 430-жылы туған ( бір ұлы Абд Шамастан Умааийа әулеті тарайды).

  26. Хашим (Ашим) – 464 ж.туған, бұдан 4-ұл, 5-қыз.

  27. Абд-әл-Муталиб-497 ж. туған, бұдан 10-ұл, 6-қыз. Меккенің әкімі, Қағбаның иесі болған.

  28. Абдуллаһ-545 ж. туған, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әкесі. Абдуллаһ өзін қоса есептегенде он ағайынды еді. Соның бірі Әбу Тәліп – Әзірет Әлидің әкесі. Абдуллаһ Мұхаммед (с.ғ.с.) ұлының дүниеге келуінен үш ай бұрын қайтыс болады.

  1. Әбу Тәліп жоғарыда жазылғандай Абдуллаһпен бірге туысады. Абдуллаһ қайтыс болған соң оның жетім қалған ұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды қолына алып тәрбиелейді.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет