Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет49/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91
 


91 
Күреңбел 
Күреңбел - Жуалы ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік 
округінің орталығы, ауыл шаруашылық кәсіпорын, ӛндірістік 
кооператив атауы. 
Бұл аймақтың «Күреңбел» - аталуы туралы Кеңес ауылының 
тұрғыны Жаманқұлов Ділдәбек мынадай аңыз әңгіме айтады: 
«Тӛңкерістен бұрын мына жатқан Батырбек Датқаның сазында 
үлкен дуан ӛткен екен. Жан – жақтан дуанға жиналған атты 
адамдарда есеп болмапты. Аттарын жақын беткейге тұсап 
жіберіп таң ертең қараса аттары ӛліп жатыр екен. Сӛйтсе ол 
―күреңсе‖ деген улы шӛпті жегеннен болыпты. Ал жергілікті 
жердің жылқысы бұл шӛпке үйреніп кеткендіктен уланбайды 
екен. Сондықтан мына жатқан үлкен бел Күреңбел аталған» – 
дейді. 
Күреңбел елдімекені XIX ғасырдың 80 жылдары орыс 
генералы Самсоновтың атына қойылуы туралы ғалым Мекемтас 
Мырзахматов былай баяндайды: 
«Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Самсоновка селосы 
да Түркістан ӛлкесіне генерал-губернатор болып келгенде, 
болыстыққа тек орыс тілін білетін бұратаналарды сайлау идеясын 
ұсынып, соны жүзеге асырған генерал Самсоновтың атына 
қойылған болатын - ды». (Қазақ қалай орыстандырылды? 
Алматы: Атамұра, 1993, 79 бет). 
«Күреңбел» - атауының шығуы - «күреңсе» сӛзінің 
қысқарған түріне «бел» сӛзін жалғау арқылы жасалған атау. 
Атаудың түспен байланысы жоқ, күреңсе - ӛсімдік аты, яғни 
«күреңсе ӛсетін бел» - деген сӛз. 
Күркіреусу 
Жуалы грабенінің (ойысының) ортасынан басталып Кіші 
Қаратау бағытына қарай ағатын Теріс ӛзенінің шығыс жағындағы 
бір саласы «Күркіреусу» деп аталады. Күркіреусу атымен сол 
ӛзеннің жағасындағы елдімекен де аталады. Күркіреусу Теріс 
ӛзеніне Жуалы ауданының шығысындағы Қырғызстанның 
Маймақ бекетіне жетпей қосылады. Ӛзен Кіші Қаратаудан терең 
антецедентті аңғарлардан ӛткендіктен гүрілдеген (күркіреген) 
дыбыс шығарып ағады.


92 
Бір сӛзбен айтқанда «Күркіреусу» - атауы «күркіреу» және 
«су» сӛзінен шыққан ӛзен суының дыбыс шығарып ағуына 
байланысты қойылған гидронимдік атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет