22
Жосалы - 4 қорым қорғаны. Билікӛл ауылының солтүстік -
батыс жағында 10,7 шаршы шақырымдай жерде орналасқан. Бұл
қорым тӛбешіктер 11 қорғаннан тұрады. Олардың диаметрлері
әртүрлі; 3 метрден - 10 метрге дейін ал, биіктіктері 1 метрдей
болады. Олардың кейбіреулері биіктіктері әртүрлі, диаметрі 20
метрден астам жерге қадалған тастар тізбегімен қоршалған.
1987 жылы бұл қорғандардан археологиялық қазба жұмысы
барысында скиф, үйсін, қаңлы тайпаларына тән қолдан жасалған
сақина, сырға сынды зергерлік бұйымдар, құс суреті бар
жапсырмалар, барыстың суреті бейнеленген заттар, садақтың
оғы сияқты кӛптеген заттар табылған.
Тарихшы ғалымдарымыз бұл қорғандарды б.з.д II ғасыр мен
б.з IV ғасырлар аралығына жатқызады.
Аталған тӛрт қорған тӛбелердің барлығының да салынуы
біртекті, тас пен құм араластырып салынған. Бұл ертедегі темір
дәуірінің ескерткіштері саналатын қорған тӛбелерде қазба
жұмыстары жүргізілмеген. Жосалы қорған тӛбелер салынған
аймақтың топырақ құрамы қызыл киыршықты болып келеді де
онда бояу жасалатын жоса ӛсімдігі ӛседі. Сондықтан бұл жерді
жұрт
«Жосалы»
деп
атайды.
Жамбыл
облысының
энциклопедиясында бұл қорған тӛбелердің Жасалы деп кӛрсетілуі
дұрыс емес. (Жамбыл облысының энциклопедиясы. Алматы
2003.)
Достарыңызбен бөлісу: