Байгожина дана онирбековна


Мәдениеттің медиатизациялануындағы лингвостилистік талдау: прецедент, фразеологизм және интермәтінділік



бет20/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
2.3 Мәдениеттің медиатизациялануындағы лингвостилистік талдау: прецедент, фразеологизм және интермәтінділік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрландыру – сәнге айналған үдеріске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Алдымен азаматтарымызды сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етіп, цифрлы теңсіздікті жою керек. Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс» [222], - деп атап өткен болатын.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуды көздеп отыр. Біздің міндетіміз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту. Үкімет заңнаманы 5G, «ақылды қалалар», «үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет. Қазақстан технологиялық серіктестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс» [223], - деп мемлекетіміздің қарқынды дамуын алдыңғы мақсаттардың бірі ретінде атап көрсетті.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі міндеттерінің қатарында:
1. Әлемдік экономика мен еңбек нарығында өзгертетін жаңа технологиялар. Қазіргі таңда робот техникасы, нанотехнологиялар, 3D басып шығару, автономды көлік құралдары және т.б. технологиялар қарқынды енгізілуде. Цирфлық қоғамдастықтар шеңберінде цифрлық қызметтер ыңғайлы, әрі шығында шешімдерге негізделген бірлесіп пайдалану экономикасының өсуіне ықпал етеді.
2. Жаһандық дамудың Қазақстанға ықпал етуінде «технологиялық серпіліс» бағыты технологиялық үдеріс әлемдегі негізгі бәсекелі артықшылықтың біріне айналады деп болжайды. Дер кезінде барлық бағыттар бойынша инвестиция салған және оларды енгізуді қамтамасыз еткен елдер экономиканың барлық салаларында өнімділіктің жоғары өсу қарқынына қол жеткізді» деп атады.
Онда 7 жүйелі реформаларға: 1. Ынталандыратын макроэкомикалық саясат; 2. Экономикалық секторлардың бәсекеге қабілеттілігі; 3. Дамыған қаржы нарығы; 4. Инвесторларды белсенді тарту; 5. Өмірдің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету; 6. Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау; 7. Тиімді сыртқы экономикалық саясат жатады.



7 басым саясат жоспары (6-диаграмма).


«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың жүйелі жеті басым саясаты көрсетілген. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталған дамудың басым бағыттарының екі түрі атап көрсетіледі (Диаграмма 6):


– жүйелі реформалар – 2025 жылға дейін ел экономикасында және әлеуметтік өмірінде болуға тиіс жеті маңызды серпінді өзгерістер.
– басым саясаттар – «Қазақстан-2050» стратегиясының басым бағыттары бойынша жүзеге асырылатын бағыт.
«Цифлық платформалар негізінде салауатты өмір салтын насихаттау» бастамасы бойынша салауатты өмір салтын ұстану қағидаттары, спортпен шұғылдану мүмкіндіктері туралы ақпарат әлеуметтік желілерде және мобильді қосымшаларда кеңінен таратылатыны және ілгерілетіндігін баса айтты [224].
Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті, қолжетімді мәдени ортаны қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылықты қолдау бойынша отандық мәдениетті әлемдік кеңістікке интеграциялап, Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын еліміз бен шетелде кеңінен таныту, өзінің мәдени брендтерін қалыптастыруды талап етеді. Осы міндеттердің аясында халықтың қалың тобы арасында талғам мен жоғары эстетикалық құндылықтарды тәрбиелеу, олардың өзара сабақтастығын, еліміздің мәдени өміріне кеңінен қолжеткізуді қамтамасыз ету үшін жағдай жасаулы тиісті. Әлемдік бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамытуға құндылықтардың орныққан жүйесі, мәдени сұраныс пен шығармашылық белсенділікке ие болатын өнімдерін жасау қабілеті ықпал етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлер мен тарихи тәжірибені жаңғыртудың сәттілігінің маңызды алғышарттары, табыстылығының міндетті шарты болады. Мемлекетімізде қолайлы креативті ортаны қалыптастыру үшін шығармашылық бірлестіктердің, мәдениет ұйымдарының мәдени кластерлердің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға жағдайлар жасалады.
«Жаһандық әлемдегі қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру басымдығы маңызды. Өзге мемлекеттерде қазақстандық мәдени әлеуетті кеңінен жылжыту және таныту бойынша жұмыстар жүргізілуге тиісті. Осы жұмыс тұрғысынан ақпарат пен материалдарды берудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістері, отандық мәдениетті мультимедиалық сүйемелдеудің барлық жиынтығы қолданылатындығын баса айтады [225].
Ғылыми төңкеріс (революция) – ғылыми білім динамикасында ғылым негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі рөл атқарады. Адамзат өзінің даму сатысында ғылым мен техниканың революциясынан өтті. Цифрлық коммуникация жағдайындағы тақырып пен тақырыптық кешендер тақырыптық анонсқа айналып, дербес рөл атқарды. Яғни, барлық заманауи медиадискурсты репрезентациялайтын ерекше субдискурсты қалыптастыратын қысқартылған мәтіндер. Мәдениет тақырыбындағы тақырыптардың субдискурсы бұқаралық санамен оңай меңгерілетін мәдениеттің ерекше матрицасын білдіреді. Қазақстандық БАҚ-тың қазіргі заманғы медиамәдениетте медиадискурстың басым позициялары болып табылатын тақырыптық кешендерде жоғары классикалық мәдениет кодтары (әмбебап классикалық мәдениет, ұлттық орыс мәдениеті, ұлттық қазақ мәдениеті), бұқаралық мәдениет кодтары мен халық мәдениетінің кодтарын репрезенттейтін прецеденттерді пайдалануды анықтадық. Қазақстандық БАҚ-тың қазіргі заманғы медиамәдениетінде медиадискустың басым позициялары болып табылатын тақырыптық кешендерде жоғары классикалық мәдениет кодтарын, универсалды классикалық мәдениет, ұлттық қазақ мәдениеті, бұқаралық мәдениеттің кодтары мен халықтық мәдениеттің кодтарын білдіретін прецеденттерді қолдануды жөн көрдік.
Қоғамдық өмірдің түрлі салаларын медиатизациялау (саясат, мәдениет, экономика, ғылым және т.б.) – бұқаралық ақпарат құралдарының мәдениет пен қоғамға әсеріне қатысты мәселелерді жаңаша тұжырымдайтын медиалогиядағы жаңа зерттеу бағыты. Медиатизациялау тұжырымдамасы медиа арқылы қоғамдық өмірге түрлі институционалдық салалардың (саясат, бизнес, мәдениет, дін және т.б.) қалай тартылатынын, олардың бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қалай көрініс табатынын және қоғамдық сана мен біздің болмысымызға әсер ететінін түсіну үшін қажетті және сұранысқа ие болды. Мысалы, сайлау науқаны кезінде жаңалықтарды жариялау адамдардың саяси көзқарастарына әсер етеді, жарнама клиенттердің тұтынушылық қалауына әсер етеді, мәдени оқиғалар туралы ақпарат ағартушылық функцияны орындайды және қоғамда мәдени кодтарды сақтайды.
Цифрлық технологиялардың дамуымен басталған қоғамдық өмірдің барлық аспектілерін медиатизация үдерісі медиа ақпаратты таратуда делдалдық көпір болу қызметін тоқтатқанын көрсетеді (Г.Макклюэна, Н.Луман және т.б. концепцияларында сипатталады). Бұқаралық ақпарат құралдары осы ортаға енген, оған әсер ететін және оған тәуелді цифрлық адам үшін күнделікті өмірге айналды. Медиатизация тұжырымдамасы медианың жеке адамға және қоғамға ұқсас әсерін және адамның медиа мен медиа ортаға кері әсерін анықтауға көмектеседі. Бұл өзара әрекеттесудің нәтижесі жаңаның қалыптасуы мен дамуы, адамның медиатизацияланған болмысы. Қоғам медиа заңдарына бейімделеді, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарының өзі әлеуметтік заңдардың әсерінен өзгереді. Осылайша, медиатизация қоғамдық өмір құрылымындағы медианың рөлін түсінудің өзгеруімен байланысты. Бұл медианы медиум ретінде пайдалануға қатысты дәстүрлі мәселелер енді өзекті емес дегенді білдірмейді. Бірақ, бұл қазіргі заманғы мәдениет пен қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын түсіну, бұқаралық ақпарат құралдары мәдениет пен қоғамнан бөлек, олар тек медиатизация үдерісімен қамтамасыз етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары – ұйымдар немесе жеке адамдар өз қалауы бойынша пайдалана алатын немесе пайдаланбайтын технология ғана емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының болуы мәдени салада, қоғамда да әлеуметтік және мәдени тәжірибенің құрылымдық шарты болды (Ливингстон, 2009). Бұқаралық ақпарат құралдары сонымен бірге әлеуметтік және мәдени саланың бір бөлігі болып табылады. Олар қоғамдық талқылаудың ортақ аренасын білдіреді. Сондықтан қазіргі медиалогияда медиатизацияны жаһанданумен қатар макроәлеуметтік үдеріс ретінде қарастырады, өйткені оның әсері тұтастай алғанда қоғамның дамуына әсер етеді. Медиатизация – бұл әлеуметтік институттар медиа логикаға, медиа мақсаттар мен шектеулерге бейімделуі тиіс үдеріс. Біз өз зерттеуімізде медиатизацияның жеке аспектісін – қазақстандық БАҚ-тағы мәдениетті медиатизациялауды қарастырамыз.
Мәдениетті медиатизациялау медиадискурс аясында ерекше субдискурс жасайды, оны біз шартты түрде мәдени медиадискурс деп атаймыз [27, 184 б.]. Оның рөлі қазіргі ақпараттық қоғамда ұлттық және әлемдік мәдени дәстүрді сақтау, мәдениетті кең ауқымды ұлттық (ең алдымен) аудиторияға тарату, әлемдік тәжірибені әлемнің ұлттық бейнесіне біріктіру, медианы қалыптастыра отырып нәтижесінде оны қоғам мен оның ағартушылығын нығайту үшін бұқаралық санаға сіңіру. Мәдениетті медиатизациялау іс-жүзіндегі мәдени құбылыстар, мәдениетке тән ұғымдар, фразеологизмдер арқылы жүреді. Олар БАҚ-қа еніп, мәдениет мәтіндері мен әлем бейнесіндегі және қалыптасқан бұқаралық ақпарат құралдарындағы негізгі нүктелерге айналады. Қоғамдық өмір құбылыстары туралы ақпарат әлеуметтік-мәдени даму заңдылығына айналды. Ал осы кезеңдегі ақпараттық қоғам постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы бар жаңа сапалы әлеуметтік-мәдени, экономикалық және ақпараттық-саяси қоғам. Постиндустриалды қоғамның қалыптасуы адам өмірінің барлық салаларындағы өзгерістермен қатар жүреді. Ақпараттық технологиялардың даму кезеңі индустриялық дәуірдің білім, ғылым, өнеркәсіп және т.б. жетістіктерімен оқшауландырылған. Өнеркәсіптік идеялар таусылып қалады, өйткені адамның іс-әрекеті мәдени және әлеуметтік теңгерімсіздіктің пайда болуы мен қалыптасуын анықтайды. Әлеуметтік қызметтің жаңа принциптерін қалыптастыру, әлеуметтік-мәдени жүйелерді дамытудағы жаңа міндеттерді түсіну қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта қоғамның мәдени-рухани мұрасын трансформациялауда бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияның рөлі күшеюде. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы медиалық әлеуметтік-мәдени саладағы түбегейлі өзгеріске айналған медиамәдениет феноменінің актуализациясына әкелді. Конвергентті технология негізінде әлеуметтік-мәдени алмасудың жаңа мәдени-символдық тәртібі қалыптасты. Осы тұста медиамәдениет ұғымы 1970 жылдардан бастап медиа коммуникация, медиабілім, медиамәдениет сияқты әртүрлі ғылыми бағыттарда пайда болғанын ескере кету керек. Бүгінгі орта дәстүрлі және жаңа желілік БАҚ-ты қамтитын медиамәдениеттің белгілі бір деңгейін қалыптастырды. Медиамәдениеттің фундаменттік негізін В.С. Библер теориясынан бастау алды деп атауға болады [226]. В.С. Библердің мәдениет тұжырымдамасына сәйкес жеке тұлға, әлеуметтік топтар, жеке тұлғалар, тарихи кезеңдер, елдердің халықтық дәстүрлері өзара диалогтық қарым-қатынасқа түседі, бір-бірін өзгертеді және толықтырады.
Н.Луман бұқаралық ақпарат құралдарын өзін-өзі анықтайтын әлеуметтік жүйе ретінде қарастырды, медианың әлеуметтік функцияларын П. Лазарфельд, қоғамдық саладағы медианы Ю. Хабермас зерттеді. Француз әлеуметтанушысы П. Бурдье медиамәдениет тұжырымдамасын таратуда әр түрлі капитал мен символдық капиталдың аралық формасы арқылы кеңістік пен конверсия әдісіне баса назар аударады [227]. Онда ақпаратты алушы мен ақпаратты жіберуші арасында танымал және қоғамдық беделге ие медиа болуы мүмкін. Бұл жерде сериялық өндірістің жолға қойылған механизмі қоғамдық пікір мен қоғамның өмірлік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологияға баса назар аударылады. С.Жижектің пайымдауынша, медиамәдениетке енген жеке индивидтің өзі жаңа медианың өніміне айналады. Медиатизация – нақты объектіні жасанды нысанға айналдыру үдерісі: «Толығымен дерлік медиатизациаланған дене протездер көмегімен жұмыс істейді және жасанды дауыс береді» [206, 125 б.]. Медиа – тек ақпаратты трансформациялау ғана емес, ең алдымен қазіргі қоғамға қажет мәдени-ақпараттық монополиялардың тұғырнамасы. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мәдениетті жария ете отырып, жаңа технологиялар арқылы мәдениетті медиатизациялау құрылады. Бүгінгі түсіндірме медиатизация ұғымы тұтастай алғанда медианы қоғамның әртүрлі салаларына біріктіруге дейін азаяды, қоғамның бірыңғай мәдени-коммуникациялық жүйесін қалыптастыру үдерісіне әкеледі. Әлеуметтанушы, зерттеуші Дж.Б. Томпсон медиатизация терминін алғаш рет өзінің «Медиа және модернизм» кітабында жазған [228]: ұйымдастырылған құрылымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар соңғы ғасырларда қазіргі қоғамды қалыптастыратын мәдениеттің сегменттерін/үлгілерін тарататын медианың рөлін белгілеу. Дж.Б. Томсон мәдениетті медиатизациялауға қызығушылығы жоғары. Медиа мен қоғамның өзара байланысы туралы осындай көзқарас, Дж.Б. Томпсон пікірінше бірқатар техникалық инновацияларға байланысты, басып шығарудың пайда болуымен ақпараттың электронды кодталуымен байланысты символдық формалар өндіріліп, көбейтіліп, шексіз масштабта таратылды.
Коммуникация және өзара әрекеттесу модельдері терең және қайтымсыз өзгере бастады. Мәдениетті медиатизациялау прецеденттер, фразеологизм мен концепт (тұжырым) және т.б. арқылы қалыптасады. Алайда қазіргі уақытта бұл жерде ең өмірлік қабілетті концепт болып табылады, пайдалану жиілігі бойынша терминологиялық жаңа білім туралы басқа бағыттардан едәуір озып кетті [229].
Концепт – қазіргі лингвистикада кеңінен қолданылатын ұғым. Ол пәндерді біріктіреді, сананың тілін зерттейді, лингвомәдениеттану, когнитивтік психология және когнитивтік лингвистиканың бірнеше ғылыми бағыттарын, пәндік салаларын қамтиды. Жалпы мағынада «концепт» нәтиже және цифрлық әдіс, білімді санаттау, оның объектісі атрибуттық сипаттағы ақыл-ой мәнін білдіреді. Концепция категориясының өзі психологтардың, мәдениеттанушылардың, философтардың зеттеулерінде кездеседі. Концепт категориясының өзі логиктерді, психологтарды, мәдениеттанушыларды, философтарды зерттеуде кездеседі. Орыс ғылымында алғаш рет концепт терминін 1928 жылы С.А. Аскольдов-Алексеев қолданған. С.А. Аскольдов-Алексеев тұжырымдаманы ойлау үдерісінде белгісіз көптеген объектілерді, әрекеттерді алмастыратын ақыл-ой білімі ретінде анықтады, бір бағыттағы ойлау функциялары (әділеттілік, математикалық және т.б. концептер) [230]. А.С. Аскольдов-Алексеевпен қатар концепт ұғымын Д.С. Лихачев жалпыланған ақыл-ой бірлігін білдіру үшін қолданды. Оның түсіндірмесінде тұжырымдама ана тілінің біліміне, жеке тәжірибесіне, кәсіби және әлеуметтік тәжірибесіне байланысты шындық құбылыстарын бейнелейді және түсіндіреді, сөздің әртүрлі мағыналары мен ана тілінің жеке саналарын жалпылаудың бір түрі бола отырып, қарым-қатынас жасаушыларға ана тілінің жеке саналарын жеңуге мүмкіндік береді, қарым-қатынас жасаушыларға олардың арасындағы жеке айырмашылықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Д.С. Лихачевтің пайымдауынша, концепт сөздердің мағынасынан туындамайды, меңгерілген мағына айтушының жеке өмірлік тәжірибесімен бетпе-бет келу нәтижесі бола отырып, тілдік қарым-қатынаста алмастырғыш функцияны орындайды [231]. С.Х. Ляпиннің пікірінше, концепт мәдениеттің генотипіне кіретін өзіндік мәдени гендер, өзін-өзі ұйымдастыратын интегративті функционалды-жүйелік көп өлшемді (кем дегенде үш өлшемді) идеализацияланған формациялар [232]. В.И. Карасик концептілерді «адамның жадында сақталатын саналы түрде жинақталған тәжірибенің фрагменттері болып табылатын ақыл-ой түзілімдері» деп сипаттайды. Көп өлшемді психикалық білім, оның құрамы бейнелі, концептуалды және құндылық жақтарымен адамның өмірлік тәжірибесінің үзіндісімен, тәжірибелі ақпарат және тәжірибелі біліммен ерекшеленеді [233]. Мәдениетті медиатизациялау үдерісінде мәдени медиа концепт жүйесі қалыптасады. Белгілі бір уақытта қалыптасқан мәдени тұжырымдама тарихи тұрғыдан өзгереді, бірақ жеке тұжырымдама сияқты тез емес. Егер өзгерістер орын алса, онда уақыт аралығы соншалықты ұзартылған, оны бірнеше ұрпақ үшін бақылау әрдайым мүмкін емес. Бұл өзгерістер көбінесе этникалық топтың тілін өзгертетін әлеуметтік-экономикалық үдерістермен бірге жаңа мәдени ұғымдардың пайда болуымен байланысады. Мәдени концепттің жеке концептен айырмашылығы – адамның ақыл-ой және сөйлеу құрылымдарымен емес, мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдени ұғымдарды зерттейтін зерттеушілер концепті мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігі ретінде жазады. «Мәдениет – бұл ұғымдар мен олардың арасындағы қатынастардың жиынтығы», - дейді Ю.С. Степанов [234].
В.И. Карасик пен Г.Г. Слышкин концепт пен мәдениеттің өзара байланысы туралы айта отырып, концепті анықтайтын мәдениет екенін көрсетеді. Концепт осы авторлардың пікірінше, мәдениет элементтерінің психикалық проекциясы болып табылады [235]. Өз зерттеуімде диахрондық аспект пен жиілікті ескере отырып құрылған медиа концептердің келесі типологиясын ұсынамын:

Антикалық медиа концепт Кеңестік дәуірдегі медиа концепт



Медиа концепт

Тарихи медиа концепт Қазіргі заманғы медиа концепт


(7-диаграмма).


Негізінде, ХХ ғасырдың соңғы жылдары прецеденттік мәтін, прецеденттік феномен және прецеденттік есім терминдері тіл біліміне енгізіле бастады. Прецедент латын тілінен «рraccedent (praecendentis)» алғашқы кезде орын алған және дәл осы сияқты болашақта болатын оқиғаларға үлгі болатын, растайтын жағдай [236] ретінде сипатталады. Яғни, прецеденттік есім – өзінің белгілі бір жеке белгілері бар, салыстыру үшін қолданылатын, мәдени бағытқа көбірек сипатталған кеңінен танымал мәтінге, жеке тарихи немесе тұлғамен байланысты кез-келген жалқы есім.
Прецедентті дәстүрлі БАҚ құралдарының бірі – мерзімді басылымдарда кездестіруге болады. Қоғам арасында түрлі мәліметтерді тарата отырып, пікір қалыптастыруға және мемлекеттің, әлеуметтік топтардың, жекеленген тұлғалардың мүдделерін танытуға қызмет етеді.
Газет беттерінде жарияланған мақалалардың тартымды болуы – тақырыптардың дұрыс таңдалуы және мәтіндегі көркемдік элементтердің шебер орналастырылуымен сабақтас болады. Осы орайда, қазақ және орыс тілді басылымдардағы прецеденттерді пайдаланудың орны ерекше болып келеді. Алайда қоғамның прецедентті мәтіндердің астарындағы ақпараттың дұрыстығын тануда прецедентті мәтіннің қоғамға ықпал ету әсері басты орында тұрады. Баспасөздегі прецедентті мәтіннің қызмет етуі және қоғамның қабылдауы тілдің мәдени құзырындағы маңызды бөлігі саналады.
Прецендеттік феномендер/мәтіндер тек қана көркем әдебиетпен байланысты емес, олар танымал әндер, сахналық көріністер, көрнекті шығармалардың аттары, кинофильмдер және т.б. өрісті факторлар сияқты сан алуан мәдениеттердің ыңпалындағы прецедентті мәтіндер байланысымен қалыптасуы мүмкін. Көптеген жылдар бойы прецеденттік феномендер БАҚ материалдарында пайдаланып келеді. Прецеденттік феномендерді білетін адам қазіргі заманның мәдениетіне жақын, тығыз байланыста болады, ал білмеген жағдайда өз заманындағы, оған дейінгі мәдениеттен алшақтай түседі. Бұқаралық ақпарат құралдарында прецеденттік мәтіндердің қолданылуы және қоғамның түсінуі қазіргі тілдік тұлғаның мәдени бөлшегі болып табылады. Бұл мәтіндер лингвомәдениеттану ғылымының зерттеу нысаны және ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі саналады.
Ұлттық-мәдени қоғамның орта таптағы кез-келген мүшесіне кеңінен таныс әрі өзгертуге келмейтін, көп қолданылатын мәтінді прецедентті мәтінге жатқызуға болады. Ол белгілі бір мәдени қоғамға құнды болып келетін, астарлы мағына беретін, тұтастық пен қисындылық сәйкестігі сипатталған таңбалар бірлігін құрайды.
Баспасөздегі прецедентті мәтіндер төмендегідей бірнеше қызмет атқарады:
– эстетикалық (тілдік талғамдарын жақстартады, көркемдік элемент береді);
– аккумулятивті (мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады);
– прагматикалық (адресат – журналист ↔ адресант – бұқаралық оқырман).
Зерттеудің эмпирикалық негізі ретінде Қазақстанның қазақ тілді және орыс тілді мерзімді басылымдардағы мақала тақырыптарының прецеденттік, фразеологиялық мысалдары зерттелді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет