Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет56/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117
Савромат ескерткіштері 

 

      Савромат ескерткіштері Батыс Қазақстанда шоғырланған. Оларды кезінде 



М.Г.Мошкова,  Г.D.Кушаев,  М.Қ.Қадырбаев,  Ж.Қ.Қҧрманқҧлов  зерттеген, 

қазіргі таңда А.А.Бейсембаев, С.Ю.Гуцалов, Ж.Смаилов, т.б. зерттеп жҥр. 

       1-кезеңге  жататын  ескерткіштер  қатарына  мына  обалар  мен  олардағы 

қабірлер  кіреді:  Қос-Оба  қорымындағы  №16  обадағы  ІІ,  ІҤ,  Ҥ  қабірлер; 

Мамай-1  қорымындығы  №6  оба  қабірі;  Дӛңгелек  қорымындағы  №6  оба,  ІІ 

және  ІІІ-қабірлер,  №8  обадағы  ІІІ-ІҤ  қабірлер;  Рыбное  кӛлі  жанындағы 

Сақрыл-1  қорымындағы  №13  оба,  І-қабір;  Сақрыл-2  қорымындағы  №2 

обадағы  І-қабір;  Сақрыл-3  қорымындағы  №7  обадағы  І-қабір;  Бубенцы-1 

қорымындағы  №9  оба,  ІІІ-қабір;  Шайтан-Оба  қорымындағы  №1  оба,  І-ІІ 

қабірлер; қалмақ-Шабан қорымындағы №2 оба, ІІІ-қабір. 

       Орал  ӛзенінің  сол  жағалауындағы  б.з.б.  І-мыңжылдық  орта  тҧсына  –  

Шалқар-3  қорымы,  №5  оба,  І-қабір;  Шалқар-5  обасындағы  №4  оба; 

Барбастау-3  қорымындағы  №16  оба  –  І  және  ІІ-қабірлер;  Алебастрово-1 

қорымындағы №18 оба жатады. 

       Бҧл кездегі қабір шҧңқырлыра тік бҧрышты, ҥлкен кӛлемді болып келеді. 

       Тек  қана  бір  қабірдегі  жерлеу  шҧңқыры  сопақша  пішінде  жасалған 

(Алебастрово-1 қорымындағы №18 оба қаңқасы батысқа қарай бағытталған). 



 

238 


        Қабірлерден  қыш  ыдыстары  кӛптеп  табылған.  Кӛзелердің  тҥбі  дӛңгелек 

келген,  кейде  су  ағары  және  жалпақ  тҥбі  барлары  да  ҧшырасады.  Конус 

тҧғырлы  қола  қазандықтар  немесе  қҧрбандық  ҥстелдері  де  кездеседі.  Бҧл 

кездегі  обаларға  ҧжымдық  жерлеу,  жылқы  сҥйектерінің  болуы,  шет 

жақтардан  әкелінген  заттардың  табылуы  тән.  Осы  шеңберге  кіретін 

ескерткіштердің  жарқын  белгісі  –  «аң  стилінде»  жасалынған  қолданбалы 

ӛнер туындыларының олжалары болып табылады. 

        Шалқар-3 қорымындағы №4 оба ҥйіндісінің диаметрі 24 м, биіктігі 0,8 м 

болған.  Қабір  шҧңқыры  шығыстан  батысқа  қарай  бағытталған,  оның 

ҧзындығы  3,6  м,  ал  солтҥстіктен  оңтҥстікке  қарай  жатқан  ені  2,35  м, 

шеттерінде  оны  оңтҥстіктен  солтҥстікке  қарай  жауып  тҧрған  ағаш 

қалдықтары сақталған. 3,5 м тереңдіктен екі адамның қабірі табылған: шығыс 

қаңқаның 

басы 


солтҥстік-шығысқа 

бағытталған. 

Ол 

шалқасынан 



жатқызылған,  қолдарының  сҥйектері  денесін  бойлай  орналасқан,  аяқтары 

тігінен  созылған.  Батыс  қаңқа  басы  оңтҥстік-батысқа  қаратылған.  Шығыс 

қаңқа  әйел  адамның,  ал  батыс  қаңқа  ер  адамның  сҥйегі  болса  керек.  Батыс 

қаңқадан  солға  қарай,  қолдары  мен  кӛкірек  тҧсының  арасынан  жоны 

жапырылған  темір  пышақ  табылған.  Пышақтың  сақталған  бӛлігінің 

ҧзындығы 10 см. Қаңқаның белбеу  тҧсынан дӛңгелек пішінді  темір айылбас 

шыққан,  ал  сол  жақтан  дәл  осыған  ҧқсас  қола  айылбас  табылған.  Қаңқаның 

оң  жамбас  сҥйегінен  сәл  ӛменірек  жерде  ҧзындығы  15,5  см  қайрақ  тас 

жатқан.  Жамбас  сҥйек  пен  одан  20  см  қашықтықтан  ҥш  қырлы  және  ҥш 

жиекті  ҧңғымалы  (тӛлкелі)  қола  жебе  ҧштарының  19  данасынан  тҧратын 

жиынтық шыққан. 

       Қабірлер  жатқан  алаңқайды  тазалау  барысында  қорамсақтың  қоладан 

жасалынған  кӛлемді  ілгегі,  оның  қасынан  керамикалық  жалпақ  шетен 

табылған. 

       2002  жылдан  бастап  Археология  және  тарих  орталығының  Батыс 

Қазақстан археологиялық экспедициясының қызметкерлері Орал ӛзенінің сол 

жағалауында зерттеу жҧмыстарын жҥргізді. 

      Экспедицияның 

негізгі  зерттеу  нысандарына  Қырық-Оба-2  мен 

Лебедевка-2 некропольдеріндегі обалар кірді.  

       Лебедевка  қорымы  Батыс  Қазақстан  облысының  қиыр  шығысында 

орналасқан.  

       Мҧндағы  солтҥстіктегі  Лебедевка  ауылына  дейін  бірнеше  километрге 

созылып  жатқан  кең  байтақ  Есен-Амантау  ҥстіртіне  кӛшпенділер  жҥздеген 

обалар  тҧрғызған.  Лебедевка  обалары  ХХ  ғасыр  60-жылдарынан  бастап 

зерттеушілердің назарына тҥскен. Сол кездері ӛлкетанушы Г.И.Багриков б.з. 

бас  кезіне  жататын  кӛшпенділер  ақсҥйектерінің  бай  қабірлерін  аршыған 

болатын.  

       Ҥстірттің  биік  бӛлігінде  биіктігі  2,5  м-ге  жететін,  диаметр  25  м-ден 

асатын ең ҥлкен обалар орналасқан. 

       Бірінші  топқа  жататын  обалардың  кӛлемі  –  диаметрі  20  м,  биіктігі  0,6  м 

шамасында. Олардың астына тік бҧрышты келген ҧзындығы 2,5 м, ені 1,5 м 

шҧңқырлар  тҥскен.  Ақіреттік  ас  ретінде  молаға  қойдың  еті  (тӛсімен  бірге 



 

239 


алдыңғы  аяғы)  қойылған.  Мҥрделер  киізге  немесе  қамыс  тӛсенішке 

жатқызылған.  Қабір  саймандарына  қарағанда  (темір  қанжар-ақинақ,  тері 

қорамсақ  пен  ондағы  қола  жебе  ҧштары,  кейде  темірден  немесе  сҥйектен 

жасалынған  жебе  ҧштары  да  кездеседі),  қатардағы  кӛшпенділердің  кӛпшлігі 

жауынгер болған. 

       Екінші  топтағы обалар кӛлемі мынадай: диаметрі 25-40 м, биіктігі – 1,5-

2,5 м шамасында.  

       Археологиялық  ізденістер  барысында  жерлеу  ғҧрпы  мен  қабір 

қҧрылыстарының конструкциясын анықтаудың сәті тҥскен. 

       Олардың  әрбірі  кҥрделі  архитектуралық  конструкция  болып  табылады, 

оның  негізін  ауданы  8х16  м-ден  15х15  м-ге  дейін  жететін  тік  бҧрышты 

немесе  шаршы  тҥріндегі  алаңқайды  қоршап  тҧрған  ҥйінді  жал  қҧрады.  Жал 

балшық  блоктарынан  қҧрастырылды.  Жалмен  пішінделген  алаңқайдың  ішкі 

бӛлігінің  ҥстігі  тегіс  болды  және  ол  қылқан  жапырақты  ағаш  қабығымен 

жабылды. Жалдың шығыс жағынан кірер есік орны байқалады. 

        Обалардың 

біріндегі  (№9)  алаңқайдың  оңтҥстік  бҧрышындағы 

тӛсенішке жҥгенделген ат жерленген. Ат аяқтары бҥгілген кҥйінде қойылған. 

Тағы  бір  аттың  бас  сҥйегінің  қалдықтары  моланың  ағаш  жабындылары 

арасынан  шыққан.  Молаға  кем  бегенде  бес  бала  жерленген.  Жас  ӛспірімдер 

қасына  ғҧрыптық  малта  тас  пен  бай  қҧрал-саймандар  қойылған.  «Бҧрым 

тәрізді»  шынжырлы  жібі  бекітілген  ілгегі  және  қабырғалы  ромб  тҥріндегі 

алқасы  бар  алтыннан  жасалған  самай  сырға  табылған.  Сонымен  қатар  №8-

обадан  қамшының  кҥміс  қҧбыршасы  аршып  алынған.  Мҧның  бәрі  обаларда 

жерленген адамдардың жоғарғы әлеуметтік статусын нақты кӛрсетеді. 

       Лебедевка-3 қорымын қазған кезде обаның барлық орталық бӛлігінен кҥл 

қабаттарының  қалдықтары  анықталған.  Кҥл  қабаты  ортада  орналасқан  және 

диаметрі 30 м-дей болған ағаш конструкцияның қалдығы болып табылады. 

      Обаның  орта  тҧсында  қазіргі  жер  беті  деңгейінен  тік  бҧрышты,  ауданы 

6,4х7,6 м, ҧзын белдеуі бойынша батыстан шығысқа қарай бағытталған қабір 

шҧңқыры табылған. Шҧңқырдың жоғарғы қабатынан тастан жасалған алтарь 

сынығы аршып алынған. Тереңнен екі қабір қалдығы аршылған.  

       №1  қабір  моланың  орталық  бӛлігінде  орналасқан.  Ондағы  мҥрденің  оң 

қолынан батысқа қарай қола жебе ҧштары, білегінен оңға қарай темір умбон 

мен  қола  жапсырма  жатқан.  Аталмыш  қаңқадан  шығысқа  қарай,  шҧңқыр 

қабырғасының жанынан ішіне екі темір шпенька орналасқан қасқыр тҧмсығы 

сияқты сҥйек бҧйым табылған. 

      №2  қабір  моланың  батыс  жағында  жатқан  ересек  адамның  қаңқа 

сҥйектерінің  шоғыры  іспеттес.  Сҥйектердің  айналасында  қола  жебе  ҧштары 

шашылып  жатқан.  Олардың  басым  бӛлігі  қалдық  сҥйектердің  оңтҥстік-

шығыс жағына шоғырланған. Бҧлардан оңтҥстікке қарай 40 см жерден шағын 

темір пышақ табылған. 

       Топтағы ең ірі әрі басқаларына қарағанда жақсы сақталған №6 оба болып 

табылады. 

       Обаның  ӛлшемдері:  диаметрі  –  30  м,  биіктігі  –  2,25  м;  обалар  тізбегінде 

орталық  бӛлікте  орналасқан.  Жерлеу  қабірі  топырақтан  тҧрғызылған  сағана 




 

240 


ретінде қалпына келтіріледі, ол сыртқы және ішкі екі бӛлмеден (қабырғалары 

шикі кірпішпен ӛрілген) тҧрады. Сағана мӛлшері – тҧрпаты бойынша шаршы 

тҥрінде,  -  22х24  м.  Сағананың  ішкі  бӛлігі  17х17  м  және  толығымен  қылқан 

жапырақты және ақ қайың ағаштардың қабығымен жабылған, ҥстіне бҧталар 

мен  ағаш  қабықтары  тӛселген.  Тӛсеніш  ортасынан,  қабық  астынан  обаның 

орталық  бӛлігіндегі  қабір  шҧңқырын  жауып  тҧрған  ақ  қайың  бӛренелері 

аршылған.  Сағаны  тік  бҧрышты  жал  қоршап  тҧрған.  Қабырғаның 

қирандысына  қарағанда,  жал  негіздеме  ретінде  пайдаланылған,  оның  ҥстіне 

ірі  балшық  блоктары  қаланған,  олардың  араларына  жҧқа  сары  топырақ  лай 

тӛселіп отырған. Жалдың ені 1 м-ден 4 м-ге дейінгі аралықта.  

      Ӛлшемі  4,2х4,6  м,  тереңдігі  3,8  м  моланың  тҥбі  тік  бҧрышты  тҧрпатта, 

оған киіз тӛселген сияқты. Шҧңқырдың ортасынан басы батысқа қаратылып, 

шалқасынан  жатқызылған,  сақталуы  нашар  қаңқа  шыққан,  ол  әйел  адамның 

қаңқасы  секілді.  Қолдары  денесін  бойлай  жайғастырылған.  Қаңқаның  ҥсті 

бҧтақты жабындымен жабылған. 

      Қабірде  бай  қҧрал-саймандар  болған.  Бас  сҥйегінің  артқы  жағынан  бай 

бас  киім  қалдықтары  шыққан,  мҧнда  конус  тҧрпатты  алтын  тоғалардың 

шоғыры  анықталған.  Олардың  арасында  сыртқы  жағында  екі  ілгегі  бар 

бҧғының  басы  тҥріндегі  пластинкалар,  сонымен  қатар  тҥсі  әртҥрлі  және  де 

тҧрпаты  әркелкі  моншақтар  да  болды.  Қайтыс  болған  бҧл  әйел  адамның 

жанынан кӛптеген әшекейлер табылды: мойын тҧсынан шыны моншақтардан 

жасалған  алқа  мен  дӛңгелек  тҧрпаттағы  алтын  тоғалар;  кеудесінен  алмҧрт 

тәрізді  пішіндегі  9  алтын  моншақтан  тҧратын  алқа;  самай  тҧсынан  жіпті 

ілгектен,  ҧзындығы  20  см  шамасындағы  «бҧрым  тәрізді»  шынжырдан, 

аяқталар тҧсында сақинасы бар, оған ҧзындығы 13 см екі шынжыр бекітілген, 

оларға  24  шарик  жапсырылған  екі  алтын  салпыншақ-алқа  шыққан.  

Шынжырдың  аяқ  жағына  жарты  сфера  тҥріндегі  диаметрі  1,8  см  тоға 

жапсырылған,  оған  геометриялық  ӛрнектер  тҥсірілген.  Астыңғы  жағынан 

сфераға ромб пішінді ҧзындығы 2,2 см 5 алқа тағылған, олардың ҧшына ҥш 

дән жабыстырылған. Кӛйлек етегі мен аяқ киімге моншақтар тағылса керек. 

       Қаңқадан  солға  қарай  сапты  қола  айна  жатқан,  ол  ҥш  қола  бекітпе 

арқылы  жалпақ  дискке  бекітілген.  Сабының  ҧшына  қабан  мен  самҧрық 

бейнесі  тҥсірілген,  оның  дискіге  жалғасқан  жеріне  самҧрықтың  басы 

салынған.  Бас  сҥйектен  оңға  қарай  қара-кӛк  тҥсті  шыныдан  жасалған  ыдыс 

жатқан.  Оның  тҧрқы  бірін-бірі  алмастырған  ақ  және  қоңыр  тҥсті  ирек 

сызықтар  ӛрнегімен  әшекейленген.  Тағы  бір  шыны  ыдыс  жамбас  сҥйегінің 

сол  жағынан  табылған.  Оның  жанында  меруерттей  қҧлпырған  жарқыл 

заттары бар қара тҥсті бояу шашылып жатты. Осы жерден қызыл тҥсті бояу 

толтырылған  қабыршақ  табылды,  оның  қасынан  ашық  қоңыр  тҥсті сопақша 

малта  тас  алынған.  Аяқ  жағынан  биконус  тҧрпатындағы  қыштан  жасалған 

ғҧрыптық ыдыс аршылған.  

      Қаңқадан  оңға  қарай,  кеуде  тҧстағы  омыртқаларға  қарама-қарсы  жақтан 

қайрақ тас алынған. Қайрақ тастың қасында саз балшықтан жасалған биконус 

тҧрпаттағы ҧршықбас жатты. 

       Қазба жҥргізілген екінші нысан Қырық-Оба-2 обалар тобы болды.  



 

241 


      Қырық-Оба-2  тобы батыстан шығысқа қарай  тізбектеле 5  км-ге созылған 

жиырма алты обалардан тҧрады. 

       Қазылған №16 обаның диаметрі 29 м, биіктігі – 1,2 м. Қазба нәтижесінде 

кҥрделі  архитектуралық  конструкция  анықталды.  Периметрі  бойынша 

жерленген қабатқа балшықтан диаметрі 38 м, ені 4 м-дей және биіктігі 0,5 м 

сақина  жал  тҧрғызылған.  Оңтҥстік  бӛлігінде  қабір  шҧңқырына  ӛтетін 

ҧзындығы  7,4  м,  ені  5,3  м  орын  болды.  Ҧзын  қабырғалары  бойынша  мола 

солтҥстіктен  оңтҥстікке  қарай  бағытталды.  Молаға  кіретін  жер  (дромос) 

обаның  оңтҥстік  табанынан  басталған.  Оның  ҧзындығы  14  м,  ені  1  м, 

тереңдігі 1,5-1,8 м шамасында. 

       Мола  ҥстіне  шаршы  тҥріндегі  мӛлшері  11х11  м  сағана  тҧрғызылған. 

Қабырғасы  4  кірпішпен  қаланған.  Олардың  қирандылары  0,9  м  биіктікте 

сақталған.  Қабырғаның  ені  1  м-ді  қҧрады.  Ӛртеу  нәтижесінде  сағананың 

ҥлкен  бӛлігі  қабір  шҧңқырына  қҧлаған.  Кірпіш  қаландысының  ӛртеліп 

ҥлгермей  обаның  сыртқы  жағындағы  балшық  жалға  қарай  қҧлаған.  Сағана 

ішіндегі кеңістік қамыспен толтырылған.  

      Молаға  кіретін  есік  маңындағы  жерде  жылқылар  ӛлтірілсе  керек,  бҧл 

маңайданҥлкен  қола  сақина  табылған,  ал  жылқы  қаңқасына  қарама-қарсы 

жатқан  дромос  тҥбінен  шеті  самҧрық  басы  тҥріндегі  қола  сулық  шыққан. 

Жылқының аяқтары бҥгілген, басы солтҥстікке қаратылған.  

       Мола  ежелгі  замандарда-ақ  тоналған.  Оның  тҥбінен  шашылған  қаңқа 

сҥйектерінің  бӛліктері  мен  қҧрал-саймандар  кездескен:  темір  пышақ, 

жапсырылған  ыдыс,  алтынмен  және  кҥміспен  қҧрсауланған  ағаштан 

жасалған ғҧрыптық ыдыстар, т.б. 

       Жоғарыда  сипатталған  қабірлердің  барлығы  б.з.б.  VІ  ғасыр  соңы  мен 

б.з.б. V ғасырдың орта тҧсына жатады. Жебе ҧштарының кейбірі б.з.б. VІІ-VІ 

ғасырлармен  мерзімделінеді.  Алайда  қорамсақтарда  б.з.б.  V  ғасырға  тән  ҥш 

қалақты  қола  жебе  ҧштары  басым.  Қайрақ  секілді  ҧштығы  мен  кӛбелек 

тәрізді айқыштамалы (балдақты) темір семсерлер, тҥбі жалпақ ыдыстар Орал 

маңындағы  далалы  аймақтарда  б.з.б.  VІ  ғасырда  пайда  болып,  б.з.б.  V 

ғасырда кеңінен таралады. Кӛрсетілген уақытқа аң стилінде жасалған жылқы 

жҥгендерінің  жекелеген  бӛліктері  де  тән.  Қырық-Оба-2,  Лебедевка-2 

қорымдарынан кездескен қалған материалдар (шыны моншақтар, алтын алқа 

мен тағылатын тоғалар) да жоғарыда аталған мерзіммен сәйкес келеді. 

   Батыс  Қазақстанның  тарихи  савроматтармен  байланыстырылатын  ең 

жарқын  әрі  айқын  археологиялық  кешендері  Елек  ӛзенінің  орта  ағысы 

аңғарында  шоғырланған.  Електегі  обалардың  басым  кӛпшілігі  осы 

мәдениеттің гҥлдену кезеңіне - б.з.б. VI-V ғасырлардың аяғына жатады.

 

 

       Сынтас  қорымындағы  №1  обадан  ежелгі  замандардағы  жер  бетіне 



бӛренелерден  орнатылған  шатыр  конструкциясының  астынан  ҥш  қаңқа 

шыққан, олардың басы батысқа қаратылған. Қайтыс болған адамдар жанына 

қойылған  қҧрал-саймандар  –  қару-жарақтан  (қола  жебе  ҧштары,  темір 

қанжарлар  мен  қорамсақ  ілгектері),  аттың  жҥген-әбзелдерінен  (темір 

сулықтар,  қола  айылбастар,  т.б.)  тҧрмыстық заттардан  (қыш  ыдыстар,  темір 

пышақ,  т.б.)  тҧрады.  Әсіресе  Сынтастан  табылған  сҥйек  қасықтарға  баға 




 

242 


жетпейді. Мҧндағы қасықтарға басы арт жағына  қайырылған қасқыр мҥсіні, 

қарақҧйрық  басы,  тау  текелердің  мҥсіні  мен  жыртқыш  аңдардың  бастары 

асқан  шеберлікпен  бедерленген.  Бҧл  заттар  кӛне  замандарда  Қазақстанның 

байырғы халқы жарқын мәдениет туындыларын қалдырғандығын білдіреді. 

    Нагорный қорымында кӛп адам жерленген дромостық қабірлер тобы ерекше 

кӛрінеді.  Кӛлемі  200-250  шаршы  метрге  дейін  жететін  орасан  зор  ҥлкен  ағаш 

қҧрылыстардың астында кейде ор қазып нобайланған, 10-15 ӛлікті орналастыруға 

жететіндей кӛлемдегі тӛрт бҧрышты қҧрылыстар бар, еліктер мазарға бӛренеден 

жасалған  арнаулы  дәліз  арқылы  біртіндеп  енгізілген.  №  2-обаға  он  екі  елік 

жерленген,  олардың  11-і  -  жауынгерлер  де,  біреуі  –  жасӛспірім  қыз,  оларға 

арнаулы  табыну  қҧрылысын  жапқан  бӛренелерге  салынған  12  аттың  бас  сҥйегі 

мен терісі сәйкес келеді.

  

    


Елек тобы ескерткіштерінің негізгі ерекшеліктері мыналар: ағаш қҧрылымдар 

пайызының  кӛп  болуы,  олар  кейде  әдейі  ӛртелген;  жерлеу  қҧрылыстарының  әр 

алуан  ҥлгіде  болуы  (тікбҧрышты,  дӛңгелек  және  сопақ  шҧңқырлар,  дромостық 

молалар,  жер  бетіне  жерлеу  және  т. б.),  кӛп  адам  жерлеудің  (соның  ішінде  -  кӛп 

қабатты)  кӛптеп  кездесуі,  басын  оңтҥстікке  қаратып  жерленгендер  пайызының 

жоғары болуы. 

        Тҧрмыс  заттары  арасында  қҧрал-саймандардың  ең  кӛп  кездесетіндері 

жапсырып  істелген,  жайпақ  тҥпті  ыдыстар  болып  табылады.    Әдетте  кішкене 

немесе  керісінше,  кӛрінеу  ҧзартылған,  жҥзі  шағын  темір  пышақтар  кездеседі. 

Қару-жарақтар  ҥстіңгі  жағы  жалпақ  және  кӛбелек  тәрізді,  кейде  алқымы  дӛңес 

темір семсерлер мен қанжарлардан тҧрады. Б.з.б. V ғасырдан бастап Електе жҥзі 

доға  тәрізді  және  алқымы  кҥрт  кесілген  сияқты  семсерлер  таралғандығы  мәлім. 

Жебелердің  екі  қырлы  (ертеректегі  жиынтықтар)  және  ҥш  қырлы  ҧңғылы  қола 

ҧштарынан тҧратын қорамсақ кешендері ерекше кӛп және типологиялық жағынан 

алуан  тҥрлі;  олардың  арасынан  сапты  ҧштылары  да  жиі  кездеседі.  Қорғаныш 

жарақтарының  қалдықтары  ӛте  сирек.  Ат  жҥгендері  тура  немесе  «S»  тәрізді 

сулықтары  бар  темір  ауыздықтар,  қола  айылбастар  және  тҥрі  мен  мақсаты  әр 

алуан  тоғалардан  тҧрады.  Заттардың  кӛбісін  ӛрнектегенде  аң  стилі  жиі 

қолданылған.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет