Бакалавр, магистр, философия докторын (PhD) даярлау бойынша білім беру


ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата07.01.2022
өлшемі125,72 Kb.
#20521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2. Білім беру ұйымы міндеттенеді:

1)  конкурстың  қорытындысы  бойынша  (немесе  басқа  білім  беру  ұйымдарынан  ауысу

арқылы) білім алушы немесе Тапсырыс беруші (өкіл) Білім алушыны қабылдағанға дейінгі

жылдық төлем сомасының 100% мөлшерінде ақы төлеген жағдайда білім алушыны білім беру

ұйымының білім алушылары қатарына қабылдауға.

       Ерекше  жағдайларда,  талапкерлерді  ағымдағы  жылдың  25  тамызынан  кешіктірмей




Ф.ПК-ЮУ.УП.01.01

Ревизия № 2 от 20 июля 2020 г.

Страница 2 из 8

 ______________________________________________________________________________________________________

2

жылдық төлем құнының 25% мөлшеріндегі бастапқы жарнасын енгізген және төмендегі кесте



бойынша 25%-бен оқу құнының 100%-дан кем емес қалған сомасын бөліп төлеуге міндеттеме

алған жағдайда 1-курсқа қабылдауға жол беріледі:

    2021 ж. 25.08-не дейін - 25%.

    2021 ж. 01.12-не дейін - 25%.

    2022 ж. 01.02-не дейін - 25%.

    2022 ж. 01.04-не дейін - 25%.

2)  білім  алушыларға  білім  беру,  әлеуметтік  және  психологиялық  қолдау  көрсететін

академиялық орта құруды, академиялық адалдықты бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді

қамтамасыз етуге;

3) осы Шартты жасасу кезінде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім

беру қызметімен айналысуға арналған лицензиямен, ішкі тәртіп ережелерімен және білім

беру  ұйымына  қабылдау  тәртібін  реттейтін  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілермен,

сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыруға;

4) білім алушыны «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес

оқытуды қамтамасыз етуге;

5) қолданыстағы нормативтерге сәйкес білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және

үзілістері  бар  сабақ  тәртібін  анықтауға,  білім  алушыны  оқытудың  салауатты,  қауіпсіз

жағдайларын жасауға;

6) білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарына, оқулықтарға, оқу-

әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және пайдалануды

қамтамасыз етуге;

7) білім алушыға білім беру ұйымының басшысы бекіткен жеке ережелерде көзделген

тәртіппен және шарттарда оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін

компьютерлік  техниканы,  оқу  және  ғылыми  зертханалардың  жабдықтарын  пайдалану

мүмкіндігін  беруге;

8) білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушыға кәсіптік практикадан өтуді

ұйымдастыруға;

9)  магистратураның/докторантураның  білім  беру  бағдарламасына  және

магистранттың/докторанттың  жеке  жұмыс  жоспарына  сәйкес  магистратура/докторантура

білім алушыларының ғылыми немесе кәсіптік тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға;

10) білім алушыны келесі негіздер бойынша оқудан шығаруға:

     - академиялық үлгермеушілігі үшін;

     - академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін;

     - Ішкі тәртіп қағидаларын және ЖЖОКБҰ Жарғысын бұзғаны үшін;

     - білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде

оқу құнын төлемегені үшін;

     - өз еркімен;

     - Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Жарғысының 155-тармағында

көзделген негіздер бойынша;

11)  білім  алушыны  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  және

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ академиялық саясатының

нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен өтініші бойынша білім алушылардың

қатарына қайта қабылдауға;

12) Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Академиялық саясатында

белгіленген  тәртіппен  білім  алушыны  өтініш  негізінде  бір  білім  беру  бағдарламасынан



Ф.ПК-ЮУ.УП.01.01

Ревизия № 2 от 20 июля 2020 г.

Страница 3 из 8

 ______________________________________________________________________________________________________

3

екіншісіне  немесе  бір  оқу  нысанынан  екіншісіне,  сондай-ақ  басқа  білім  беру  ұйымына



ауыстыруға;

13) Білім беру ұйымы белгілеген ауысу балы болған жағдайда Білім алушыны келесі оқу

курсына ауыстыруға;

14) Шарт бұзылған жағдайда алдын ала төлем жасалған болса, оқудан шығару туралы

бұйрық шығарылған сәтке дейін оқу үшін есептелген соманы шегере отырып, білім алушыға

оқу үшін төленген ақшаны қайтаруға;

15) білім алушыны қоғамдық және өзге де тапсырмаларды орындауға оның келісімінсіз

және оқу үдерісіне зиян келтіретін жағдайда тартуға жол бермеуге;

16) білім алушыға ерікті негізде білім беру ұйымдарының ғылыми, мәдени және спорттық

іс-шараларына,  сондай-ақ  халықаралық  ғылыми,  мәдени  және  спорттық  өмірге  қатысуға

мүмкіндік беруге;

17) оқудың толық курсын табысты аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өту

нәтижелері бойынша білім алушыға белгіленген тәртіппен біліктілік/дәреже беру және білім

туралы өзіндік үлгідегі құжат беруге;

18)  оқу  орны  таратылған  немесе  білім  беру  қызметі  тоқтатылған  жағдайда  білім

алушыларды оқуды жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымына ауыстыру жөнінде шаралар

қабылдауға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет