Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


Сұрақтарды қалай қоюға болады?



Pdf көрінісі
бет23/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Сұрақтарды қалай қоюға болады? 
Сұрақтарды дұрыс қоя білудің маңызы өте зор. Бұл 
деңгейге жету үшін, сізге біраз білім мен тәжірибе қажет. 
Ол үшін өзіңіздің талпынысыңыз, құштарлығыңыз, құл-
шынысыңыз, құмарлығыңыз, ынтаңыз қажет.
Ғазиз жан әр сөзді бұрмаламай қабылдайдындықтан 
сұрақтар нақ, анық, қарапайым болулары шарт. Екі ұшты, 
не астарлы сұрақ қоюға болмайды. Не сұрағалы тұрға-
ныңызды  ғана  айтыңыз.  Бастапқыда,  қойғалы  тұрған 
сұрақтарыңның  тізімін  қағазға  жазып  алыңыз.  Егерде 
түсініксіз жауап алсаңыз, онда сұрақты дұрыс қоймаға-
ныңыз. Сұрағыңызды басқаша қайта қойыңыз. Ғазиз жан 
–  судырап  тұрған  суайт  болмасаңыз  жауапты  әрқашан 
адал береді.
Ескерте  кететін  жағдай,  болашақ  оқиғаларды  сұра-
удан  сақ  болыңыз!  Бұнымен  ойнауға  болмайды.  Бола-
шақты ойлау жүйемізге орай, өзіміз құрамыз. Болашақты 
білу ауқымын сұрау үшін өте сақ болу шарт.
Ғазиз жанмен байланысқа түсу қауіпті емес пе? Әри-
не жоқ, қауіпті емес. Бұл өте керек, қажет. Қазіргі заман-
да адамның санасына ақпарат легінің толассыз құйылуы 
сонша, осы ақпараттардың легінде малтығып, тұншығып, 
есімізді жия алмай: қақалып-шашалып жүрміз.


58
ІV БӨЛІМ
Осыны  керек  етеміз  бе,  жоқ  па  –  Ғазиз  жанымыз 
өзімізді шыр етіп жерге түсісімен-ақ бағдарлайды, бағыт 
береді. Біз осы ақпараттар легін, өзімізді-өзіміз түсінген 
жағдайда ғана кәдеге жаратып, іске асыра аламыз. Сон-
дай-ақ,  өз  өміріміздің  жауапкершілігін  өз  мойнымызға 
жүктегенде ғана, ақпараттар легін дұрыс арнаға бұрып, 
рахатын көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет