Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет111/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Көбеюдің түрлері. 
Өсімдіктер сияқты жануарлар да екі түрлі жолмен (жыныссыз және жынысты) көбейеді. 
Жыныссыз жолмен көбейгенде ұрпақ бір ғана ағзаның денесінен пайда болып, өсіп, 
дамып, жетіліп, өздігінен тіршілік ете алады. Мұндай көбеюдің мысалдарымен сендер 
өсімдіктерді оқығанда таныстыңдар. 


106 
 
Жыныссыз жолмен көбею жануарлар әлемінде де көп кездеседі. Мысалы: эвглена, амеба 
сияқты біржасушалы қарапайымдардың көбеюін еске түсірелік. Бұлардың әрқайсысының 
денесі (бір ғана жасуша ғой) екіге бөлінуі арқылы көбейеді (1,2-суреттер). 
 
1-сурет. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі. 
Суқоймаларында қоректік зат көп болатын жылдың жайма-шуақ жылы мезгілінде гидра 
да бүршіктену арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Ең алдымен, оның денесінде бүршік 
пайда болады. Ол біртіндеп ұзарып өседі де, осы өсіндінің ұшында қармалауыштар, 
олардың ортасында ауыз пайда болады. Жас гидра алғашқы кезде аналық гидрадан 
бөлініп кете қоймайтындықтан, соның есебінен қоректенеді. Әбден өсіп жетілген соң одан 
үзіліп, өз алдына тіршілік етеді. Гидрада осындай бүршіктің пайда болуы, өсуі өсімдіктің 
бүршіктенуімен ұқсас. Сондықтан гидраның жыныссыз жолмен 
көбеюін бүршіктену дейді. 
Жануарлар жынысты жолмен көбею кезінде міндетті түрде екі жыныс жасушасы: 
аналық жыныс жасушасы немесе жұмыртқа және аталық жыныс жасушасы немесе 
сперматозоид қатысады. Жыныс жасушаларын гаметалар деп атайды. Аналық гамета 
(жұмыртқа) мен аталық гамета (сперматозоид) өзара қосылып, жаңа бір жасуша түзіледі. 
Көп жағдайда аталық гамета аналық гаметаға түсіп қосылады. Сондықтан жаңа жасушаны 
ұрықтанған жұмыртқажасуша немесе зигота дейді. Осы зигота дамып, өсіп, жаңа жас 
ағзаға айналады. Көпжасушалы жануарлардың көпшілігінде аналық гаметалар аналық 
ағзаға (мысалы, тауық мекиені) дамиды, ал аталық гаметалар аталық ағзада (мысалы, 
қоразда) дамиды. Мұндай жануарлар дара жыныстыжануарлар деп аталады. 
Дара жынысты жануарлардың көпшілігін үй малдары атауларынан білесіңдер. Олар: 
сиыр, бұқа; бие, айғыр; інген, бура; ешкі, теке; қой, қошқар және т. б. 
Даму деңгейі төменгі сатыдағы көпжасушалы жануарлардың, 
ішінде қосжынысты немесе гермафродитті түрлері де кездеседі. Себебі, гаметалардың 
екі түрі де (аналық және аталық гаметалар) бір жануардың өз ағзасында дамып жетіледі. 
Мысалы, адамның ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік ететін таспақұрт өзін-өзі 
ұрықтандырады, яғни аталық, аналық жыныс жасушалары өзара қосылып, зигота түзеді. 
Одан жаңа таспақұрт шығады. 
Осы бір мысалдан мынадай тұжырым шығады: гермафродитизм, яғни қосжыныстылық 
белгілі бір жануар түрінің жойылып кетпеуін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет