Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


Тынысалу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер



Pdf көрінісі
бет24/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Тынысалу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты
сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары деп те атайды, ол сабақтан дамиды. Ұштары 
батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашы, айұрық (плюш), монстера, 
сауыр (кипарис) және т. б.) қосалқы тамырларға жатады. Ағаш діңіне жабысып өскен 
сүйсіннің (орхидея, 2-сурет) ауа тамырлары қосалқы тамырларға жатады. Ағаш 
қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді. 
Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің 
тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап
шырынды түйнекті тамырға айналады. 
Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана 
қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда 
тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар 
түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. 
Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек. 
 
 
СҰРАҚТАР 
1.  Асханалық жемтамырлар: 
2.  Паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары: 
3.  Нарғызгүл (георгин), батат, шырыштың тамыры: 
4.  Тропиктік ормандағы ағаштарда болатын қосалқы тамыр: 
5.  Топырақта өспей, екінші өсімдікке инеше қадалып тұратын тамыр: 
6.  Оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өсетін өсімдіктің тамыры: 
7.  Түйнектамырлар: 
8.  Табиғатта тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайда түрін өзгерту 
арқылы бейімделуін не деп атайды? 
9.  Жемтамырлардың жемістері қандай топқа жатады? 
10. Өсімдік қыстап шығуы үшін және жыныссыз көбею үшін керек: 


25 
 
III ТАРАУ. ӨРКЕНДЕР МЕН БҮРШІКТЕР 
Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі 
орталық тірек бөлімі – сабақ. Оның тамырдан айырмашылығы жапырақ шығарады, буын 
және буынаралығы болады. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын 
мен екінші буынның арасын буынаралығы дейді. Буынаралығы ұзын болса, ұзарған өркен
қысқа болса, қысқарған өркен деп аталады (1-сурет). Жапырақтың сабаққа орналасқан 
жерін жапырақ қолтығы дейді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет