69
6. Жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер:
7. Таңқурай, бүлдірген, долана өсімдігінің таралу жолдары:
8. Өздігінен таралатын өсімдік:
9. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде,жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура:
10. Өскін:
IV ТАРАУ. КӨГАЛДАНДЫРУ. АҒАШТАР МЕН БҰТАЛАРДЫ ОТЫРҒЫЗУДЫҢ
МЕРЗІМІ, ТӘСІЛДЕРІ
Табиғат – адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Сол табиғаттың бір бөлігі – өсімдіктер.
Өсімдік ішсе – тамақ, кисе – киім, дем алса – ауа, саялы баспана. Көшелерге, алаңдарға,
емдеу орындарының айналасына ағаштарды көптеп егу қажет, себебі:
1. Күн сәулесінің қатты қыздырып жіберуінен сақтану. Күн энергиясын реттеп, бір
қалыпқа түсіріп отыратын ағаштардан: қайың, емен, жөке, үйеңкі, көктерек, қандыағаш,
мойыл, долана, алма ағаштары. Бұталардан: гүлшетен (сирень), тобылғы, қаражеміс,
қарақат, үшқат, итмұрын және т. б. отырғызылады.
2. Аңызақ желден қорғап, ауаның ылғалдылығын сақтау. әсіресе егістіктердің айналасына
қарағаш, шегіршін ағаштарын отырғызады.
3. Ағаштар мен бұталар ауа құрамының тазалығын сақтайды. Көмірқышқыл газын өз
бойына сіңіреді.
4. Қалалардың ауасы кәсіпорындардан, көліктен шығатын түтінмен, газбен ластанады.
Ауадағы зиянды қосындылардың 13-48%-ы адамның тыныс мүшелерінде тұтылып
қалады.
5. Қалалардағы шу адамның жүрек соғысы мен тыныс алуын жиілетеді. Қан қысымын
жоғарылатады. Жүйке жүйесін де жұқартып, тез қажытады. Шуды бәсеңдету үшін
ағаштар көбірек егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: