Қимылды ойын. «Өрт сөндірушілер». (дене шынықтыру) Гимнастика баспалдағынан жүру, балалардың өздерінің қимыл қозғалыстарын үйлестіре алуы. Сорғышты шайқау. Балалардың белгі бойынша қимыл әрекетін дамыту.
Еңбек. Жер қазу жұмысы (ағаштардың түптерін қопсыту, құрғақ жапырақтарды жинау).
Балаларды құрғақ жапырақтарды жинауға қатыстыру, белгілі бір жерге апарғызу. Балаларды тазалықты сақтауға және еңбек етуге тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) Өз бетімен ойындар. «Гараж». Балалардың құралдарды дұрыс пайдалана білуге үйрету. Ойын барысында «жол» салуға басшылық жасау. Танымал ойындарды өз қатарларымен ұйымдастыру қабілетін арттыру.
Ұяны бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Жұмбақ.
Ши түбінде шым кесе.
(Ұя)
Тақпақ.
Құстар ұя салады,
Жасауға жұмсақ ұяны.
Жабағы жүнді жияды,
Жайлы қып жасап ұяны
Жұмыртқасын салады.
Бақылау. Шатыр астындағы ұяны бақылау, ағаштағы құстардың ұяларының ерекшелігін белгілеу. Құстар ұяны жасайды. Өздері ағаш бұтақтарынан, жүннен, шөптен құрайды. Балапандарын ұрғашы құс басады, ал еркегі тамақ тауып, ұяның жаныңда ән айтып отырады.
Қимылды ойын. «Кім шақырды?» (дене шынықтыру) Белгі арқылы шеңберге тұруға дағдыландыру. Жолдасының дауысын тануға үйрету, ойын шартын орындату. Жануардың дауысын салу, бұйрықсыз бұрылмау. Есте сақтау мен төзімділік қабілетін арттыру.
Еңбек.Жер қазу жұмысы. Гүлзарлар қазу.
Гүлзар жұмысында тәрбиешіге көмектесу, еңбек ету тапсырмаларын орындату. Ересектерге көмектесу, бастамасын мадақтау.
Өз бетімен ойындар.
Өсімдіктердің бірінші көктеуін бақылау (Ақселеу). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Тақпақ.
Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
"Уф!"-десем бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
Бақылау. Назар аударыңыздар: жердің жылуымен жаңа өсімдіктер пайда бола бастайды. Өсімдіктер алдымен күннің жылы қызуымен өседі. Бір-екі өсімдіктерді айыра білу. Өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.