Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі


Балалардың танымдық шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы арттыру



бет2/11
Дата14.02.2023
өлшемі50,21 Kb.
#67803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.Балалардың танымдық шығармашылығын бейнелеу өнері арқылы арттыру.

Бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметі бір жағынан, белсенділік, өзбеттілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс-әрекетті талап етсе, екінші жағынан, эстетикалық бағыт бейнелеу өнеріне тән қасиет.


Балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін тәрбиелеу, ең алдымен, олардың әлемді тану қажеттілігімен және алған білімін өз шығармаларында пайдалануын дамытумен тығыз байланысты.
Сезім, қызығушылық, дүниетаным да бала іс-әрекетінің мотиві ретінде көрінеді. Балалардың өзбеттілігі және белсенділігі жақсы дамуы үшін бейнелеу өнерін оқыту барысында бірнеше талаптарды ескеру керек.
Мұндай талаптардың бірі-сурет салуды шебер түсіндіру, суреттің салыну кезеңдерін айқын көрсету.
Балалар салынатын нұсқауға өзбетінше талдау жасап, оның ерекшеліктерін анықтайды. Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшелігі-үнемі шыдамдылық пен сурет салу үдерісі кезеңдері белсенділікті талап етеді.
Баланың танымдық-шығармашылық белсенділігі оның бақылауына негізделген. Ал бақылау тұлғаның қоршаған әлемді тануының белсенді формасы екендігі белгілі.
Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л. Рубинштейннің ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту барысында жетіледі. Оқыту жеке адамның таным қабілетін, дүниетанымын мақсатқа сәйкес дамыта және тәрбиелей отырып жетілдіреді.
Сондықтан балабақша тәрбиешісі танымдық іс-әрекеттің шығуы мен табиғатын біліп, оны бала бойында қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білген жөн. Еліктеу арқылы салынған алғашқы суретті түсіну шараларын жасауға да болады, бұған дайын репродукциялар, суреттер көрсетумен, оны мұқият түсіндірумен қатар топтағы жақсы сурет салатын балалардың суреттері де көмек көрсете алады. Бұл тәсілдерді қолдану кезінде суретті көрсету, түзетуді қалай жасаудың жемісті табысты жолдарын таңдап алған жөн. Заттың суретін салудағы, мысалы, оның формасының дұрыс еместігін бала өзі түсініп түземесе, онда оқудың, бейнелеу өнері материалдарының пәрменділігі мен нәтижелілігі азаяды. Бұл мәселені шешіп алмай тұрып шығармашылық және танымдық іс-әрекетті дамыту өте қиынға соғады, тіпті көпшілігінде мүмкін емес. Сондықтан натураға қарап сурет салғызудың, ондағы заттардың форма, жарық пен көлеңке, сызықтарды түсіру, бояу түстерін таңдау, оларды реңімен пайдалану реті мен техникасын игеру сияқты іс-әрекеттерді дамытудың маңызы ерекше.
Балабақшада салынатын суреттердің дені табиғатқа, ондағы құбылыстарға бағытталады, себебі өзі қоршаған ортаның бала сезіміне әсер етпеуі мүмкін емес. Қайталау, салыстыру және жаттығу барлық игерілмегенді игертетін, меңгертетін тәжірибелік жұмыстар. Бұлар өз кезегінде сурет салуда заттың, құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, балалардың қоршаған ортаның сан-алуандылығын бейнелеуге қажетті ептіліктер мен дағды қалыптастыруларына мүмкіндіктер береді. Суретті бейнелеуде негізгі талап-саналылық әрі шынайылық болуы тиіс. Бала алғаш қарындаш ұстаған беттен бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты, пішіндік, реңдік таным іс-әрекеттерін жүргізуі қажет. Балаға сурет дәптер парағын кеңістіктік терезе ретінде қабылдату өте көп көмегін тигізіп, бейнелеудің күрделі сатысына жол ашып береді.
Әсіресе өзіміздің халықтық, яғни, сәндік-қолданбалы өнеріміздің нұсқауларын насихаттау, өте нәзік өнер иірімдеріне деген сезімдік қабылдауларын жетілдіруге мән берілген. Түрлі халық шеберлерінің асқан таланты мен биік талғамдарының шынайы көрінісі болып табылатын, сан алуан қолөнер бұйымдарын көріп, терең қабылдап, сол арқылы туған халқымызға, ұлтымызға, ұлтымызға тән өнердің негізгі бағыттарымен танысуға болатыны айтылған. Балалардың бойындағы көркемдік талғамдары мен әсемдік атаулыға талғампаздықтарын қалыптастыруға негізделеді.
Өзін қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдай отырып, бала шығармашылық іс-әрекетіне де ықыластана түсері сөзсіз.
Шығармашылық іс-әрекетінің айқындалар тұстары:
Баланың өз шамасы мен жас мөлшеріне лайықты еңбек әрекеті барысында әсемділік пен ұқыптылықты ықыластана ұштастыруы, мінез-құлқындағы әдеп пен әсемдікті ұштастыруы, эстетикалық танымдық іс-әрекетке деген құштарлығы, көркем шығармаға деген ынтасы. Баланың көркемдікке деген ынтызар санасы мен көркем мазмұнды әрекетін қатар қалыптастыра отырып, дамытуды біртұтас педагогикалық үдерістің екі жағы деп те айтуға болады.
Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні өте тұрақсыз, ол суретті көп қарау кезінде де шаршауы мүмкін, әрі оны көркем өнер туындысы емес, көп жағдайда сурет салу үдерісінің барысы қызықтырады, ал эстетикалық талғамдарын қалыптастыру нақты бір жағдайларға тікелей байланысты болады. Баланың көркем талғамдары неғұрлым ертерек дамыса, соғұрлым олардың болашақтағы саналы мінез-құлқы мен оқу қызметі жемісті болуы тиіс. Мектеп жасына дейінгі балалардың тәжірибесі онша көп емес, сондықтан басты сипаты, әсерлі белгілерді көріп, есте сақтауы үшін затты алдын-ала бақылауға мүмкіндік беру керек. Балалардың суретінде кездесетін көптеген қателіктерді нақ осы көре білмеумен түсіндіруге болады.
Сондықтан балалардың танымдық шығармашылығы бақылау білу қабілетін тәрбиелеумен әрқашан байланысты болып келеді. Сурет салғанда, бейне жасағанда бала есінде сақтағанын тек көшіріп қана қоймайды, онда осы затқа деген қандай да бір толғаныс, оған белгілі бір қатынас пайда болады.
Баланың бүкіл қиялынан образ жасалады, оны бала бейнелеу құралдарының көмегімен береді, біздер балаларға сурет салу үшін еске түсіруді, ойлап табуды, елестетуді қажет ететіндей мазмұнды ұсынамыз.
Педагог әсерлі образды жасаумен қатар қоғамға саналы, эстетикалық, рухани бай тұлға тәрбиелеп алып келуші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет