Баланы мектепке даярлығын анықтау диагностикасы


Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы



бет3/4
Дата10.02.2022
өлшемі33,45 Kb.
#25148
1   2   3   4
Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы.

Баланың басқалармен, оқытушымен белсене араласуға деген қасиетінің қалыптасу дайындығынан тұрады. Бала мектепке, сыныпқа келіп жұмыс істеп жатқан балаларды көреді, олармен қарым қатынас жасау үшін көп күш- жігер керек, компромиске баруы, өзін- өзі қорғана білуі керек. Бұл жағдайлармен халыққа білім беру саласында жұмыс істейтін практикалық психологтар жиі кездеседі. Жыл сайын сәуір айынан бастап тамызға дейін 6-7 жасар балалар мектепке қабылдана бастайды. Әр мектепте балаларды қабылдау әртүрлі әдістермен ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда барлық жерде мектепке психологиялық дайындықтың деңгейі анықталуы тиіс. Бұл кезде психолог көбінесе топтық және жеке даралық психодиагностикалық зерттеулер өткізеді. Топтық зерттеулер барысында балаларда интеллектуалдық дамудың деңгейі, қолдың нәзік моторикасының дамуы, қол мен көз көру іс-қимылдарының координациясы, баланың үлгіні қайталауы жалпы түрде көрінеді. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін Керн-Ирасектің «мектептік кәмелеттікті» анықтауға бағыттайтын тестін қолдануға болады. Оның бірнеше жетістіктері бар:

1.Тестке аз уақыт бөлінеді;

2.Оны жеке және топтық зерттеулерге қолдануға болады;


  1. Үлкен таңдауда талданған тесттің мөлшерлері болады;

  2. Тестті өткізу үшін арнайы құралдар мен жағдайлар талап етілмейді;

5.Психолог зерттеушіге бала туралы мәлімет алуға көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет