Бас пен мойынның аймақТЫҚ анатомиясы сезім ағзалары



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата07.04.2022
өлшемі410,98 Kb.
#30219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
      

  Кірпікті  дене,  corpus  сiliare,  тамырлы  қабықтың  ортаңғы  қалыңдаған  бөлігі,  ол 

нұрлы  қабықтың  артында,  ақ  қабық  пен  мөлдір  қабықтың  шекарасы  аймағында 

орналасқан.  Кірпікті  дененің:  алдыңғы  кірпікті  тәж,  corona  ciliaris,    және  артқы  , 

кірпікті  шеңбер,  orbiculus  ciliaris,  деп  аталатын  екі  бөлігін  ажыратады.  Кірпікті  тәж 

тамырларға  бай,тарамдала  (радиарлы)  бағытталған    70  шамасындағы  кірпікті 



өсінділерден,  processus  ciliaris,  түзілген.  Оларда  сулы  ылғал,  humor  aquosus,  түзіліеді. 

Кірпікті тәж бен көзбұршақтың қапшығын кірпікті белдеу, zonula ciliaris, байланыстырып 

тұрады.  Кірпікті  шеңбер  кірпікті  бұлшықеттен,  m.  ciliaris,  түзілген.  Кірпікті  бұлшықет 

жиырылған  кезде  zonula  ciliaris,  босаңсиды  да  көзбұршақтың  дөңестігі  ұлғаяды,  ал, 

кірпікті  бұлшықеттің  жиырылуы  тоқтап,  бұрынғы  қалпына  келген  кезде,  көзбұршақтың 

дөңестігі кішірейіп, көздің анық көруі (аккомадациясын) қамтамасыз етіледі. 

        



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет