Бас редактор с. Ж. Пірəлиев а


Қарыз,  парыз,  борыш  ұғымдарының



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#7072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қарыз,  парыз,  борыш  ұғымдарының 
тəрбиелік  мəні.  Қазақ  тілінде:  қарыз,  бо-
рыш,  парыз  деген  қасиетті  ұғымдар  бар. 
«Қа рыз» – біреуден  уақытша  несиеге,  яғ ни 
қарызға  зат  алып  оны  қайтарып  беру  ұғы-
мы нан  басқа  да,  руханиетті  қарыздардың 
ма ғынасында  да  айтылады.  Ата-бабаның, 
ата -ананың, халықтың, бүкiл адамзаттың ал-
дын да  рухани  мiндеттен  қарыздарсың.  Ал 
бо рыш сол рухани қарыздарлықтың ұлттық 
дəс түрге айналған, ата-баба, ата-ана алдын-
да өтелетiн тарихи қалыптасқан салт.
«Азаматтық  борыш»  деген  қасиеттi, 
қас терлi  мiндет  ұғымы  адамзат  өмiрiнде, 
же ке  тұлғалық  жəне  ұлттық  намыс  арқылы 
салт-санаға  сiңiп,  заманында  заңдылыққа 
ай на лып,  ол  «азаматтық  парыз»  деп  атала-
ды.   Қазақ  халқы  «перзенттiк  парыз»  ұғы-
мын  жоғары  бағалайды.  Отаныңның  адал 
перзентi  болсаң,  Отан – ана  алдында  пер-
зент тік парызыңды өте.
Ең  алдымен  ел  перзентінің  ата-баба  мен 
ата -ана  алдындағы,  туған  ел,  дос-жарандар 
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ

20
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ал дындағы парызы: «Ата-анаға алла та ға ла-
ның адалынан берген перзенті бол», «Жа қы-
ның ды жаттай сыйла», «Отан оттан ыстық», 
«өз ге  елге  сұлтан  болғанша,  өз  еліңе  ұлтан 
бол»,   «Туған  жерді  аяла,  туған  елді  саяла», 
«До сыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа əділ 
бол», «Ердің  атын  еңбек  шығарады», «Ер 
бол саң, еліңе қызмет ет».
Əрбір перзент өзі өмір сүріп, қызығын кө-
ріп жүрген айналасын, туған жерін, яғни əл-
пеш теп өсірген елін, тамаша табиғатты қор-
ғау парызын арындай ардақ тұтуға тиіс. «Ер ел 
үшін туады, елі үшін өледі», «Ел намы сы – ер 
намысы», «Жауға  жаныңды  қисаң  да,  арың-
ды қима», «Еңбегіңді аяма, Жер ананы аяла», 
«Жер ана жомарт, бақсаң барын береді».
Перзенттік  парыз  ұлттың,  ата-бабаның 
салт-дəстүрлеріне құрмет көрсетіп, тұлғалық 
жəне ұлттық намыс арқылы қалыптасады. Ол 
құдіреттің  пəрменіндей  қасиетті  құбылыс. 
өзіне де, өзгелерге де, еліне де, жалпы адам-
зат қа да тек жақсылық жасау – əрбір ел пер-
зентiнiң қасиеттi парызы. Əрбiр жеке тұлға 
- ең алдымен ұлт перзентi, сондықтан ол өз 
ұл тының  атына  кiр  келтiрмейтiн,  елi  үшiн 
ең бек ететiн, халқын сүйген қажырлы тұлға 
болуға тиiс. Онда адамзаттық ар, ұлттық на-
мыс, əдептiлiк əрекет, бiлiктi бiлiм, мерейлi 
мейiрiм болмаса, ол перзенттiк парызын то-
лымды  өтей  алмайды.  Перзенттiк  парызын 
өтей  алмаған  адам  туған  елдiң  нағыз  адал 
пер зентi  емес.  Толағай  толымды  қызметi 
жоқ,   елiне қызмет етудi азаматтық парызым 
деп есептемейтiн есерсоқтарды халық: «шi-
рiген жұмыртқа», «жақсыдан жаман туған», 
«намысы  жоқ  нақұрыс»  деп,  жек  көредi. 
«Қоянды қамыс өлтiредi, ердi намыс өл тi ре-
дi»   деп  халық  намысты  армен  қатар  қояды 
да,   нағыз  азамат  намыс  үшiн  жанын  да  ая-
майтынын  тұжырымдайды.  Халқымыз  на-
мыссыз  адамның  перзенттiк  парызын  өтей 
ал майтынына өкiнедi.
«Елiң үшiн қызмет етсең алланың сүйген 
құ лының бiрi боласың» - деп, Абай дана айт-
қандай, елге қызмет ету – ең бiрiншi парыз.  
Елi не қызмет еткен адамды елi сүйедi – ең-
бе гi   жанады, «алла  сүйедi» – бақыттан – 
бақытқа  жетедi.  Перзенттiк  парызды  өтеу 
дəстүрiн əрбiр халықтың перзентi өз бi лi мi-
не,   еңбегiне,  ар-намысына  байланысты,  əр 
дə ре жеде  орындайды.  Перзенттiк  парызды 
өр ке ниеттiлiкпен өз дəрежесiнде өтеу үшiн, 
же ке тұлғаның адамгершiлiк санасы ұлттық 
са на  биiгiне  көтерiлуге  тиiс.  өркениеттiкке 
өр мелеген,  өнерпаз,  шешен,  мейiрiмдi, 
қайырымды,  дарынды  халқымыздың  əр бiр  
адал перзентi перзенттiк парызын ар-на мы-
сы мен орындауға əрекет жасауға мiндеттi.
Меймандостық  дəстүрінің  тəрбиелік 
мəні. Меймандостық, қонақжайлылық – қа-
зақ халқының ұлттық салтқа айналған дəс тү-
рi.   Бұл - халықтың əлеуметтiк, кең мекендiк, 
тұр мыстық  жағдайына  байланысты  қа лып-
тас қан қастерлi дəстүр. «Қонақ десе қоң етiн 
ке сiп  беретiн  қазақпыз»  деп,  халық  бекер 
айт паған. Қонақты қарсы алу: қонақты күту, 
қо нақ ты шығарып салу рəсiмдерiн халық ұр-
па ғына ұлағатпен үйретiп, үлгi-өнеге ре тiн-
де   оны  тəрбиенiң  ең  негiзгi  бiр  саласы  деп 
қа ра ған.
Кiсi күтуде қонақ күту жəне мейман күту 
дəс түрлерi қалыптасқан. Ертеде алыстан ке-
ле  жатқан кiсiлер кешке қарай бiр ауылдың 
тұ сына келiп:
- Кiм бар-ау? Құдайы қонақпыз! - деп, үн 
қат қанда, үй иесi:
- өзiмiз бар! Қонақ болсаңыз, аттан түсiңiз! 
-  деп,  қонақтың  атының  шылауын  ұстап, 
қол тығынан демеп, оны аттан түсiрiп, қонақ 
ету ге мiндеттi болған. Мұны қазақ «Құдайы 
қо нақ» дейдi. Ал арнайы шақырылған кiсiнi 
не месе  өздiгiнен  келiп  қалған  үлкен  кiсiнi 
мей ман деймiз.
Қонақ  қабылдауда  халық  ешкiмдi  жасы на,  
жынысына, ұлтына, нəсiлiне қарай ала ла майды. 
Қонақты  қарсы  алуға  (аттан  тү сi рiп  алу,  атын 
байлау, киiмiн iлу, жүгiн қа был дау, т.б.) отбасы 
əулетiнiң бəрi дайын тұ рып, ең кiшiсi қонақтың 
атын  байлауға,  ең  үл ке нi  қонақты  қолпаштап, 
төрге  шығаруға  ти iс.  Қонақты  күту  кезiнде 
оның  қолына  су  құй ып,  сүлгi  ұсынып,  астың 
дəмдiсiн  алдына   қою,  сыбағасын  лайықтап 
ұсыну,  т.б.  игi iс-əре кеттердi  орындау 
көбiнесе балаларға (жастарға) жүктеледi.

21
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Қонақасы  беру  үшiн  əрбiр  отбасы  əр қа-
шан да дайын отыру керек, ол үшiн үй иелерi 
ас-дəм  қорын,  қонақ  келсе,  соятын  малын 
дай ындап  отырады.  Егер  келген  қонақты 
ина баттықпен,  ашық-жарқын  қарсы  алып, 
қол   қусырып,  қой  сойып,  күте  бiлмесе,  қо-
нақ  ондай  «сараңды», «пестi»  жамандап, 
ұлт тық  дəстүрдi  бұзған  кiнəлi,  күнəкар  ре-
тiн де  масқаралап,  құнтсыз  құлқын  жұртқа 
əш ке релейдi.
Қонақ  кəде  жасау,  яғни  қонақтың 
көңiлiн  кө те ру  үшiн, «ауылдың  алты  ау-
ызын»  айту,  одан  соң  қонақтың  өнерiн 
байқау  дəстүрi  ха лық тың  өнерпаздығын 
дəлелдейдi.
Қонақты  шығарып  салу  кезiнде  оған 
сый-сыя пат көрсетiп, жол-жоралғы жасау 
(ат  мiн гi зу,  шапан  кигiзу,  жол  сыбағасын 
беру, т.б.) от басының мiндетi болған.
Арнайы шақырып, кiсi күтудi мейман кү-
ту  деймiз.
Отбасындағы үйана алыста тұратын неме-
се бөлек тұратын сыйлы адамдарының (ата, 
əке,  шеше,  құда,  жекжат,  т.б.)  сыбағаларын 
сақтап, оларды ретi келгенде, меймандыққа 
ша қырады. Мейманды қарсы алу, күту, шы-
ға рып салу рəсiмдерi қонақ күтумен бiрдей, 
бi рақ əрбiр мейманның сыйласымдық дə ре-
же сi не қарай оларға үйана сыйлық, жоралғы 
дай ын дап, оны құрметпен ұсынады.
«Құтты  қонақ  келсе,  қой  егiз  табады», 
«Қо нақ  қойдан  жуас», «Бiр  күн  қонған  қо-
нақ – құт» деп, халық қонақ күту мен мейман 
сыйлауды  бақыттың  нышаны  деп  қа ра ған.  
Қонақ  күту,  мейман  сыйлау  шағын  той  iс-
пет тес.  Мейманмен  танысу,  оған  сəлем  бе ру, 
оны  күту  рəсiмдерiн  инабаттылық  көр сетiп, 
имандылықпен  орындау - отбасы   мү ше ле рi-
«Болашақ  ұрпағымызды  тəрбиелегенде  оларға  жасайтын  имандылық  пен  сауаттылық 
қасиеттерді сіңірсек, тəлім-тəрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне 
өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз 
Н.Ə. Назарбаев.

22
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ƏОЖ 37.33 330.111.4
М.А. Нуриев
т.ғ.к., профессор,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры,
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Э.О. Телагусова
Экономика ғылымдарының кандидаты
Д.М. Советканова
Педагогика ғылымдарының магистрі
ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА КƏСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада  Шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті  дамыту  мəселесі  бүгінгі  күні  Қазақстанның 
экономикалық  саясатында  маңызды  орын  алатынын  сипаттайды.  Қазақстан  нарықтық 
экономикаға  өту  жағдайында  түрлі  меншік  формасындағы  шағын  жəне  орта  бизнестегі 
кəсіпорындарды құруға деген қажеттіліктің пайда болуы, яғни, тұтыну нарығына өз тауар-
ларын шығарып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейіне көтерілгендігін көрсетеді. 
Мақалада  шағын  жəне  орта  кəсіпкерлік  субъектілеріне  арналған  салықтық  режимдер 
қарастырылады. Шағын жəне орта кəсіпкерлікке салық салудың патент негізіндегі арнайы 
салықтық  режимді  дара  кəсіпкерлерге  қолдана  алатын  талаптар  көрсетілген.  Мақалада 
шағын  бизнес  субъектілеріне  арналған  арнайы  салық  режимін,  шаруа  немесе  фермерлік 
қожалықтарына  арналған  арнайы  салық  режимін  қолданатын  салық  төлеушілердің 
міндеттері сипатталады. 
Түйін сөздер: салық, кəсіпкер, нарық, экономика, импорт, экспорт, кəсіпорын.
В данной статье рассматриваются налоги и обязательные платежи, связанные с предпри-
нимательской  деятельностью.  Казахстан  «О  частном  предпринимательстве».  Обязатель-
ной  государственной  регистрации  подлежат  индивидуальные  предприниматели,  которые 
отвечают одному из следующих условий:
1) используют труд наемных работников на постоянной основе; 
2) имеют от предпринимательской деятельности совокупный годовой доход, исчислен-
ный в соответствии с налоговым законодательством в размере, превышающем не облага-
емый  налогом  размер  совокупного  годового  дохода,  установленный  для  физических  лиц 
законодательными актами Республики Казахстан, который составляет 12000-кратный раз-
мере минимальной заработной платы. Постановка физического лица на регистрационный 
учет в качестве индивидуального предпринимателя производится налоговым органом с вы-
дачей свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя в 
порядке и сроки, которые определены законодательством Республики Казахстан о частном 
предпринимательстве. 
Ключевые слова: налог, предприниматель, экономика, импорт, экспорт, предприятие.
In this article taxes and the obligatory payments connected with business activity are considered. 
Kazakhstan “About private business”. Individual entrepreneurs who answer one of the following 
conditions are subject to obligatory state registration:
1) use work of hired workers on a constant basis;

23
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
2) have from business activity the cumulative revenue estimated according to the tax legislation 
in a size, exceeding not the taxable size of a cumulative revenue established for individuals by acts 
of the Republic of Kazakhstan which makes 12000-fold the minimum wage size. Statement of the 
individual on the registration account as the individual entrepreneur is made by tax authority with 
issue of the certifi cate on the state registration of the individual entrepreneur in an order and terms 
which are defi ned by the legislation of the Republic of Kazakhstan on private business. Thus tax 
authorities don’t make statement of the individual on the registration account as the individual 
entrepreneur which activity as the individual entrepreneur isn’t allowed by the legislation of the 
Republic of Kazakhstan.
Keywords: tax, businessman, economy, import, export, enterprise.
Шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті  дамыту 
мə селесі  бүгінгі  күні  Қазақстанның  эко-
номикалық саясатында маңызды орын алады. 
Оның басты себебі Қазақстан нарықтық эко-
номикаға өту жағдайында түрлі меншік фор-
масындағы шағын жəне орта бизнестегі кə-
сіп орындарды  құруға  деген  қажеттіліктің 
пай да болуы, яғни, тұтыну нарығына өз тау-
арларын шығарып, халықты жұмыспен қам-
тамасыз  ету  деңгейіне  көтерілгендігін  көр-
се те ді [1].
Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъек ті ле-
ріне  арналған  салықтық  режимдерге  тоқ  та-
ла тын болсақ жеке кəсіпкерлік субъектілері 
ҚР-ң  салық  Кодексіне  сəйкес  келесідей  са-
лық  режимдерін таңдай алады. 
Дара кəсіпкерлер:
1.  Патент негізінде 
2.  Жеңілдетілген декларация негізінде
3.  Жалпыға ортақ режим негізінде.
Ал заңды тұлғалар:
1.  Жеңілдетілген декларация негізінде
2.  Жалпыға ортақ режим негізінде.
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арна-
йы салық режимін таңдау «рұқсат ету» сипа-
ты нан  «мəлім  ету»  сипатына  ауыстырылды. 
Бұл дегеніміз арнайы салықтық режимге өт-
кі сі  келетін  жеке  кəсіпкерлер  бұрынғыдай 
са лық  комитетінің  рұқсатын  алып  отырмай, 
өздерінің қалауы бойынша арнайы салықтық 
ре жи мнің бірін таңдауына болады, жəне оған 
өткендігі туралы тек мəлімдеп қана оты рады. 
Мұндай мəлім ету тəртібі тек қана жа ңа-
дан  құрылып жатқан жеке кəсіпкерге қатысы 
жоқ,   өйткені олар арнаулы салық режимінің 
таң да ған түрін жеке кəсіпкерді тіркеу өті ні-
шінде көрсетеді. Сонымен қатар патент не гі-
зін дегі арнайы салық режимін таңдаған же ке 
кəсіпкерге мұның қатысы жоқ, өйткені олар-
дың
 
  патенттің  құнын  есептеу  құжаты  осы 
ре жимді таңдауға негіз бола алады. 
Енді осы режимдерде жұмыс істеу тəр ті-
бі не тоқталып өтеміз. 
Шағын жəне орта кəсіпкерлікке салық са-
лу дың  патент  негізіндегі  арнайы  салықтық 
ре жи мі. 
Бұл режимді келесідей талаптарға сəйкес 
бо латын дара кəсіпкерлер қолдана алады:
1.  Жалдамалы жұмысшыларды пайдалан-
бай тын кəсіпкерлер.
2.  Қызметті  өз  күшімен  ғана  іске  асыра-
тын кəсіпкерлер
3.  Салықтық мерзім ішінде тапқан табы-
сы  ең төменгі жалақы мөлшерінің 300 рет тік  
сомасынан аспаған жағдайда. Мұнда са лық-
тық  мерзім деп күнтізбелік жыл саналады. 
Патент  бойынша  салықтық  режимде  кə-
сіп керлер  жалпы  айналымының 2% салық 
ре тінде  төлеуі  тиіс.  Оның  жартысы  жеке 
табыс  салығы, ал жартысы əлеуметтік салық 
бо лып табылады. Бұдан басқа міндетті əлеу-
мет тік аударымдар аударылуы тиіс. 
Бұл  режим  кəсіпкерлік  қызметті  жалғыз 
өзі   іске  асыра  алатын  кəсіпкерлерге  тиімді 
бо лып саналады. Өйткені ол бір жылға са лы-
ғын төлеп тастап, ешқандай салықтық есеп-
ті лік тапсырмай жұмысын істей алады.
Патент негізіндегі арнайы салық режимін 
қол дану үшін жаңадан құрылып жатқан же-
ке  кəсіпкерлер  өзінің  жеке  кəсіпкер  ре тін-
де  тіркеу  туралы  өтінішімен  қатар  патент 
құнының  есебін  өткізуі  тиіс.  Бұл  салық 

24
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
режимін  пайдалану  жеке  кəсіпкерді  мем ле-
кеттік тіркеу күнінен басталған болып есеп-
те леді. Ал басқа салықтық режимнен патент 
не гі зіндегі  арнайы  салықтық  режимге  өту 
үшін  жеке  кəсіпкерлер  келесі  айдың 1-не 
дей ін  салық  комитетіне  өзінің  сол  режимге 
өте тіндігі туралы мəлімдеуі тиіс, яғни патент 
құ нын  есептеп  өткізуі  тиіс.  Мұнда  патент 
не гі зінде жұмыс істеуге патентке өту туралы 
мə лімдеме жасаған айдан кейінгі айдың 1-ші 
кү нінен басталады. 
Келесі  патент  негізіндегі  кəсіпкерлер  ке-
ле сі  уақытқа  жаңадан  патент  алу  үшін  ескі 
па тенттің  мерзімінің  бітуінен  бұрын  жаңа 
па тенттің есептемесін өткізуі тиіс. Сонымен 
қатар 2013 жылдың 1 қаңтарынан  бас тап 
патент  қатаң  бақылау  бланкілерінде  бе ріл-
мей ді, оны кəсіпкерге электронды нұсқасын 
не ме се  соны  қағазға  шығарып  береді.  Па-
тент электронды түрде 1 жұмыс күні ішінде 
қа лыптасып,  жеке  кəсіпкерге  қажет  болған 
жағ дайда қағазға шығарып береді. 
Салықтық режимнің келесі түрі ол же ңіл-
де тіл ген  декларация  негізінде  жүргізілетін 
ар найы  салықтық  режим.  Жеңілдетілген 
дек ла рация негізіндегі арнайы салықтық ре-
жимді шағын жəне орта кəсіпкерліктің ке ле-
сі дей субъектілері іске асыра алады. 
1.  Дара  кəсіпкерлердің  өзімен  қоса  ал-
ған да жұмысшылардың саны 25 адамнан ас-
пай тын. 
2.  Салықтық  мерзім  ішінде  табысы 10 
000   000,   00  теңгеден аспайтын
Ал заңды тұлғалар:
1.  Жұмысшыларының саны 50 адамнан 
аспайтын
2.  Салықтық  мерзім  ішінде  табысы 25 
000 000, 00 теңгеден аспайтын.
Жеңілдетілген  декларация  негізінде  ай-
на лым ның 3% көлемінде салық төлеуі тиіс. 
Оның жартысы жеке табыс салығы, жартысы  
əлеу меттік  салық  болып  саналады.  Бұдан 
бас қа міндетті əлеуметтік аударымдар жəне 
зей нетақы  қорына  аударымдар  аударылуы 
тиіс. 
Міндетті түрде кəсіпкер мемлекеттік тір-
кеу ден соң 6 ай өткеннен кейін кассалық ап-
парат орнатуы тиіс. 
Ал  енді  жеңілдетілген  декларация  негі-
зін дегі  арнайы  салықтық  режимге  келетін 
бол сақ,  жаңадан  құрылып  жатқан  жеке  кə-
сіп керлер  бұл  режимді  тіркеу  мерзімінен 
бас тап қолданады. Жаңадан құрылған заңды 
тұл ғалар  мемлекеттік  тіркеуден  өткеннен 
кей ін 5 жұмыс күні ішінде салық комитетіне 
мə лі мет беруі тиіс. 
Мұн дай  жеке  кəсіпкерлердің  жеңіл де тіл-
ген  декларация  негізінде  арнайы  салық  ре-
жи мін қолдану мерзімінің басталуы оларды  
мем лекеттік органда тіркеу күні болып есеп-
те леді.
Патент негізінде арнайы салық режимінде 
қыз мет ететін жеке кəсіпкерлер жеңілдетілген 
дек ларация  негізіндегі  режимге  өтуі  үшін 
са лықтық комитетке мəлімдемені патент не-
гізінде жұмыс істеу шарттарына сəйкес кел-
мей тін  күннен  бастап 5 жұмыс  күні  ішінде 
жі беруі тиіс. Мұнда жеңілдетілген деклара-
ция негізіндегі салықтық режиміне өту күні 
бо лып,  сəйкессіздік  пайда  болған  айдан 
кейінгі  келесі  айдың 1-ші  күні  басталған 
бо лып  есептеледі.  Басқа  кездерде  патент 
мер зімінің  аяқталуының  немесе  салықтық 
есеп тілікті уақытша тоқтату жағдайларында 
бо лады.  Мұнда  жеңілдетілген  декларация 
ре жимін қолдану күні болып патент мерзімі 
аяқ талған күн есептеледі. 
Жеңілдетілген  декларация  негізінде  жұ-
мыс  істейтін  кəсіпкерлер  тоқсан  сайын   са-
лықтық комитетке салықтық есеп тапсырып 
отыруы тиіс. Бұл кəсіпкердің қыз ме тінің тоқтап 
қалуына немесе уақытша тоқ татылуына байла-
ныссыз міндетті түрде тап сырылуы тиіс. Егер 
кəсіпкер қызметі тоқ татылып немесе уақытша 
тоқтап тұрса, он да ол «нольдік» немесе «бос» 
салықтық есеп ті лікті тапсыруы керек. Өйтпеген 
жағдайда кə сіпкерлер ҚР Əкімшілік Кодексіне 
сəйкес əкім шілік жауапкершілікке тартылады.
Егерде  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  кəсіпкер 
өз бетімен салық режимін таңдамаған жағ дай-
да,  онда  ол  автоматты  түрде  жалпыға  ор тақ 
салықтық  режиміне  қосылады.  Бұл  ре жим-
де дара кəсіпкерлер жиынтық табысы нан 10% 
жеке  табыс  салығын  төлеуі  тиіс,  ал  заң ды 
тұлғалар 20% корпоративті  табыс  салығын 
төлеуі тиіс. 

25
ҰЛТ ЭКОНОМИКА
Табыс салығын келесідей жолмен таба ды: 
кəсіпкерлердің  жылдық  жиынтық  табысы-
нан жыл бойы оның қызметінің нəтижесінде 
пайда болған шығындарын ҚР Салық Кодексі 
рұқсат еткен көлеміндегі шегерімдерді алып 
тастағандағы  қалған  сомадан 10% дара 
кəсіпкерлер, 20% заңды  тұлғалар  есептеп 
төлейді.
Бұл режимде жұмыс істейтін кəсіпкерлер 
басқа  жоғарыда  аталған  салықтық  режимге 
өтуді тек 2 жыл өткеннен кейін ғана іске асы-
ра алады.
Арнайы  салық  режимін  ауыл  шаруа шы-
лығы  субъектілері  немесе  фермерлер   қол-
дан ған жағдайда, олар келесідей салықтарды 
тө леп отырады:
1.  Бір реттік жер салығы. Жер учас ке сі-
нің  бағаланған құнының 0,1% төлейді.
2.  Жеке табыс салығы. Əрбір қызметкер 
үшін  АЕК 20% төлейді  жəне  міндетті  зей-
нет ақы қорына аударымдар аударады. 
2013  жылдың 1 қаңтарынан  бастап  ауыл 
шаруа шылық  субъектілері  мен  фермерлер  
жə не  ауыл  шарушылығы  өнімдерін  өнді ру-
ші лер,  балық  шаруашылығы  жəне  ауылдық 
тұ ты нушылық кооперативтері сияқты заң ды 
тұлғалар келесі арнайы салықтық ре жим де-
рін  таңдауға құқылы:
1.  Ауыл  шаруашылық  субъектілері  мен 
фер мерлер үшін арнайы салықтық режимі.
2.  Ауыл  шарушылығы  өнімдерін  өн ді ру-
ші лер үшін арнайы салықтық режимі.
3. Шағын бизнес субъектілеріне арналған 
ар найы салықтық режимі.
4. Жалпыға ортақ салықтық режимі. 
Аталған салықтық режимнің бірін қол да-
ну үшін жеке кəсіпкерлер өздерінің жер те лі-
мі нің орналасқан жерінің салық органдары-
на қолданатын салықтық режимі туралы мə-
лімдемесін өткізуі тиіс. 
Жеке  кəсіпкерде  жаңадан  жер  теліміне 
құ қық пайда болған жағдайда онда сол 
Шағын  бизнес  субъектілеріне  арналған 
ар найы  салық  режимін,  шаруа  немесе  фер-
мер лік  қожалықтарына  арналған  арнайы 
са лық  режимін,  қызметі  бойынша  арна йы  
салық  режимін  қолданатын  салық  тө леу ші-
лер   өкілетті  орган  бекіткен  форма  бойын-
ша өздері жасаған салықтық есеп саясатын 
бекітеді.  Шаруа  немесе  фермерлік  қо жа-
лықтар  арнайы  салықтық  режимі  жалпы 
бекітілген  тəртіпті  өз  бетінше  таңдап  алу-
ға  құқылы.  Шаруа  немесе  фемерлік  қо-
жа лықтарға  арналған  арнайы  салықтық 
ре жим  бірыңғай  жер  салығын  төлеуге  не-
гізделумен  жүзеге  асырылады  жəне  же ке-
меншік  құқығындағы  жəне  жер  пайдала ну  
құқығындағы жер телімдері болған жағ дай-
да ғана қолданылады. Бірыңғай жер са лы ғын  
есептеуге  арналған  салық  салу  нысаны на  
жер телімінің бағалау құны жатады. Шару а 
не ме се фермерлік қожалықтары үшін арна-
йы  салық режимі бірыңғай жер салығын тө-
леу   негізінде  бюджетпен  есеп  айырысудың 
ерек ше тəртібін қарастырады жəне шаруа  не-
месе  фермерлік  қожалықтарының  ауыл ша-
ру ашылық  өнімдерін  шығару,  жекеменшік 
өн дірісінде  ауылшаруашылық  өнімдерін 
қай та  өңдеу  жəне  оны  өткізу  қызметтеріне 
қол данылады, тек акциздік тауарлар өндіру, 
қай та  өңдеу  мен  өткізумен  айналысатын 
қыз меттен басқа.
Салық салу объектісіне бірыңғай жер са-
лы ғын  есептеуге  жер  телімін  бағалау  құ ны 
жатады. Шаруа немесе фермерлік қо жа лық-
тары үшін арнайы салық режимін қол да на-
тын жеке кəсіпкерлер жүргізіп отырған қыз-
ме тіне  осы  арнайы  салық  режимі  қолдана 
оты рып түскен табысынан жеке табыс салы-
ғын  төлеушілер  болып  табылмайды  жə не 
қызметіне  осы  режимдер  қолдана  оты рып  
жеке  табыс  салығы  мен  əлеуметтік  са лық  
бойынша  декларация  бермейді.  Жер  те лім-
дері бойынша бірыңғай жер салығын тө леу-
шілер өз қызметінде шаруа немесе фер мер-
лік қожалықтары үшін арнайы салық ре жи-
мін  қолданса,  жер  салығын  төлеушілер  бо лып  
табылмайды.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер мына дай  
салық  түрлерін  жəне  бюджетке  басқа  мін детті 
төлемдерді төлеуден босатылады:
1)  осы  арнайы  салық  режимі  қол да ны ла-
тын  шаруа немесе фермерлік қожалықтың қыз-
метінен түскен табыстың жеке табыс са лы ғы нан;
2) қосылған құн салығынан (ҚҚС) – қыз ме  тін 
жүзеге  асырудан  түскен  айналымдар  бойын-
ша;

26
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
3) жер салығынан немесе жер телімдерін 
пайдалану төлемінен – қызметте пайдаланы-
латын жер телімдері бойынша;
4) көліктік құралдарға қатысты салықтан;
5) мүлік салығынан.
Жоғарыда  көрсетілмеген  басқа  салықтар 
жалпы бекітілген тəртіпте төленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет