79
ешқандай өзгерістер енгізілмеген тауар тұтынушыларды жалықтырады немесе қа-
нағаттандыруы тиіс қажеттілік жоғалады.
Міндет тауарды жетілдіру немесе басқасымен ауыстыру арқылы оған деген
сұраныстың төмендеуін дер кезінде байқау және алдын алу болып табылады.
Өнімді өткізу нарығын талдау кезінде тауар нарығын жіктеудің көптеген бел-
гілері бар екенін ескеру қажет. Осы немесе өзге белгілерді пайдалану зерттеу мақ-
сатына байланысты. Тауар нарығының маңызды белгілерінің бірі – аумақтық қамту.
Әрбір нақты зерттеуде нарықты талдау ішкі (жиынтық), сыртқы (әлемдік), өңірлік
(белгілі бір аумақтық бөлімше) нарық шеңберінде жүргізіледі. Ішкі жиынтық на-
рықты және сыртқы нарықты зерттеу, әдетте, стратегиялық сипатқа ие және ірілен-
дірілген тауар топтары бойынша өткізіледі. Өңірлік тауар нарығын өңір ерекшелік-
терімен қатар зерттеу кезінде жиынтық нарық жағдайын ескеру қажет.
Нарықты жіктеу белгілі бір тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттан-
дыру бойынша да жүргізілуі мүмкін. Осындай тауар нарығын зерттеу ерекшелігі
белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әртүрлі нысандар мен құралдар-
дың өзара байланысын есепке алу болып табылады.
Талдау процесі кезінде нақты және әлеуетті бәсекелестерді анықтау, олар-
дың қызметінің көрсеткіштерін талдау, бизнестерінің күшті және әлсіз жақтарын,
қаржылық мүмкіндіктерін, бәсекелестерінің нарықтағы экспансия (ену саясаты) са-
ласындағы мақсаттары мен стратегиясын, өндіріс технологиясын, өнім сапасы мен
баға саясатын анықтау қажет. Бұл бәсекелестің бизнес жүргізуін болжауға және
олардың нарықтағы тауашасын тартып алу үшін ең қолайлы тәсілдерді анықтауға
мүмкіндік береді.
5.3. МАҚСАТТЫ (НЫСАНАЛЫ) АУДИТОРИЯ ҚАЖЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
Тұтынушылар сұранысын сапалы талдау, нарық қажеттіліктерін анықтау,
тауарлар өндірісін ұйымдастыру және бәсекелі баға қалыптастыру өнімнің
табысты ілгерілеуіне жеткіліксіз екен. Өз тауашасында тұрақты орынға ие болу
үшін кәсіпорын өз өнімдерінің өткізу (сату) нарығын қалыптастыруы керек.
Компания табысты бола ма, ол нарықта мықты позицияға ие бола ма, қажеттілікті
қанағаттандыра ала ма – бұның барлығы тұтынушыларға байланысты.
Сату нарығын ұйымдастыру сапасынан тұтынушылар алдында компанияның
дамуы, оның пайдасы мен өз тауашасындағы орны тікелей байланысты. Мұн-
да кәсіпорындардың назарын аудару қажет өте маңызды мәселелер бар. Мыса-
лы, түпкі сатып алушымен «кері байланыс». Осындай ақпаратты алу үшін сатып
алушылармен кері байланыс каналдардын ұйымдастырмай, өз кемшіліктеріңізге,
сондай-ақ тұтынушылар қалауының өзгеруіне дер кезінде мән беру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: