Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


З. Оқу процесін түсіну және сезіну



бет18/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
З. Оқу процесін түсіну және сезіну

Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну) бала өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну, сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма кейіпкерінен үлгі алуға тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған жету үшін өздерін өздері дайындайды. Осыған байланысты " Жаяу Мұса" әңгімесі бойынша мынадай сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады.

Мысалы:

а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар ма? Ол нені жоғары қойьш отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу, дарындылықгы өнер биігіне шығару т.б.)

ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па? (Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты деректер келтіріледі)

Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын көзбен қарауға тәрбиелейді. "Мен қандаймын?", "Мен не білуші едім, не үйрендім ?", "Маған нені білу (үйрену) қызық болды?" деген рефлексия дамиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет